Первый слайд презентации: Дамы ған орта ғасырлардағы Корея
Орындаған : Сұлтан Азамат Тексерген : Хибина Зада Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ А қтөбе 2015ж
Слайд 2
1. Корё мемлекеті : құрылуы, ə леуметтік-экономикалық дамуы, м ə дениеті. 2. Кореядағы монғолдар билігінің орнауы, құлауы. 3. Ли сон Генің мемлекеттік төңкерісі. 4. Ли ə улетінің қайта құрулары. 5. Корё м ə дениеті Жоспар :
Слайд 3
ІХ ғасырда елде орын алған феодалдық өзара қырқысулар Х ғасырдың басында тыйылып, жарты аралда мемлекеттік бірлік орнай бастады. Үш мемлекетті біріктіруді 918 ж. « Екінші Когурёде » өз билігін орнатқан ə скер басшысы Ван Гон қолға алды.
Слайд 4
Ван Гон 935 жылы ол Силланы, 936 жылы « Екінші Пэкчені » бағындырып алды. Қайтадан бірігіп, қалпына келген мемлекет «Корё» деп аталды. Оның астанасы Сонгдо /қазіргі Кэсон / қаласы болды. Ван-Гон шаруаларға арқа сүйей отырып, табысқа жетті. Ол жаңа жерді басып алысымен ондағы шаруаларды бұрынғы қарыздарынан босатып, салық мөлшерін уақытша азайтты.
Слайд 6
Корёнің жер жүйесі негізінен тандық жүйеге еліктеді. Жер барлық адамдарға берілді. Ə ркім қызметіне қарай үлес алып отырды. Ол чонсиква деп аталды. Жердің иесі өлген соң ол мемлекетке қайтарылып отырды. Солдаттар үлесті 20 жасқа толған соң алатын,60 жасқа толған соң қайтарып беретін. Егер баласы немесе басқа туысы оның қызметін жалғастырса, үлес қала беретін. Баласы жоқ адамдар 70 жастан кейін зейнеткерлік үлес алатын. Ол « кубунчжон » деп аталды. Баласы жоқ солдат соғыста қаза тапса, зейнеткерлік үлесті оның ə йелі алатын.
Слайд 7
Сонымен қатар марапат (награда) ретінде де үлес берілетін.Ол үлес « конымчжонси » деп аталды. 16 жаста кəмелетке толған деп саналды, ал 60 жаста зейнеткер деп жұмыстан босатылды.Зейнеткерлер салықтардан да босатылатын. Үлес иелері ə рбір кёлден (~ 1 га) бір сок (~ 160 кг.) салық төледі. Жалпы салық мөлшері табыстың 1/10-інен аспады.
Слайд 8
Бір орталыққа бағынған мемлекет құрылғанымен бұрынғы жеке мемлекет басшылары, олардың жақтастары қайтадан бөліну үшін күресіп бақты. Корё үкіметі өзінің сыртқы саясатында Қытайдағы Сун империясына бағыт ұстады. Қытаймен одақтасу кидандар қаупіне байланысты болды. Кидандар Корёнің ішкі талас-тартысын пайдаланып, оны басып алуға тырысты. Қидан әскерлері
Слайд 9
993 ж. Кореяға кидандар шабуылы басталды. Бірақ олар тойтарыс тауып, кейін қайтты. 1009 ж. Корё өкіметінің басшысы Ван Мок Чонды ə скерлер тақтан түсірді. 1010 ж. кидандар ə скері Амноккан ( Ялуцзян ) өзінен өтіп, Корёге басып кірді. 1011 ж. қаңтарда олар Корё астанасы Кэгёнді ( Кэсон ) басып алып, талқандады, талан-таражға салды. 1011 жылғы 28 қаңтардағы шайқаста Корё ə скерінің басшысы Ян Гю қаза тапты. Бірақ к ə ріс халқы шет елдік басқыншыларға қарсы аянбай күрес жүргізді. Үш айдан кейін Кан Гам Чхан басқарған к ə ріс ə скері кидандарды шегінуге м ə жбүр етті. 1013—1014 жж. кидандар Тончжо мен Хынхвачжин аудандарында Корёге екі рет басып кірді. Бірақ с ə тсіздікке ұшырап, кейін қуылды. 1014 ж. Корёдегі өкімет билігін ə скерилер басып алды. Хынхвачжиндегі шайқастан кейін олар Кэгёнге бет алды. Бірақ біраз шайқастарда жеңіліс тапқан соң кейін шегіне бастады. 1019ж. қаңтарда Корё ə скері кидандарды Куджда тасталқан етіп жеңді. Кидандармен бітім шарты жасалды. Амноккан ( Ялуцзы ) өзені осы кезден бастап Кореяның шекарасы болып белгіленді.
Слайд 10
Корёнің гүлденуі Мунджон (1047—1082) корольдің билігі кезінде басталды. Бұл кезде өте тиімді ə кімшілік жүйесі құрылды. Ол жүйе 2,5 ғасыр өмір сүрді. Бұл орталықтандырылған өкімет билігінің күшеюі, мемлекеттің жерге меншігінің нығаю кезі болды. Сонымен қатар Х—ХІІ ғғ. ірі жеке меншіктік жер үлестерінің өсуімен сипат - талады. Көптеген ірі жер иелері өздерінің қарулы күштерін ұстады.Осы кезде бекініс-қала Намгён (қазіргі Сеул) салынды, Ол 1394 ж. Корёнің астанасына айналды. Король Мунджон ( Чон Дон Хван )
Слайд 12
Корёнің бейқуат тыныштық өмірі ХІІ ғасырға қарай қайта бұзылды. Осы ғасырдың басында Корёге Қытайдың солтүстік-шығысын мекендейтін тунгустық чжурчжендер тайпасының шапқыншылығы жиіледі. 1104 ж. Чонпхён қамалындағы шайқаста к ə рістер жеңілді. 1107 ж. чжурчжендер жаңа шабуыл бастап, қатты тойтарыс алды. 1125 ж. Корё Қытайдағы чжурчжендердің Цзинь империясына вассалдық т ə уелділігін мойындады. 1126 ж. Ли Ча Гём басқарған Кэгёндегі бүлік бұрқ ете түсті. ЛиЧа Гём (Ли Джагём ) Инджон ванның қайын атасы болатын. Ол ə скердегі билікті ж ə не чиндер ( қызмет ) министрлігін өз қолында ұстаған. Алғаш Джагём жеңіске жетіп, Инджонды қамап қойды. Бірақ көп өтпей Ли Джагёмді өзінің бір вассалы өлтіріп кетті.
Слайд 13
Феодалдар арасындағы, феодалдар мен шіркеу арасындағы қақтығыстар елдің саяси-экономикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтірді. Ə сіресе шаруалар үлкен күйзеліске ұшырады.Сондықтан олар көтеріліске шығып отырды. Көтерілістер 1162,1166 жылдары болды. Ал 1176 ж. нағыз шаруалар соғысы басталды. Оны Мани басқарды. Көтеріліске шыққандар негізінен нобилер — мемлекеттік басыбайлы шаруалар болды.
Слайд 14
1216 жылы Кидандар Кореяға қайта басып кірді. Корея королі Цой Чхун Хэн монғолдардан көмек сұрады. Монғол отрядтары 1218 жылы Кореяға кіріп, кидандарды қуып шықты. Корея моңғолдарға салық төлеп тұрудан бас тартқан соң 1231 жылы моңғол ə скерлері жарты аралға басып кірдіСөйтіп, Кореяда моңғолдар билігі орнады. Қидандар Моңғолдар
Слайд 15
Жүз жылдық моңғол езгісі Кореяның экономикасына айтарлықтай зиян келтірді. ХІ V ғасырдың ортасына қарай Кореяның жағдайы өте қиындап кетті. Шіркеу мен феодалдардың, моңғолдардың езгісіне жапон шабуылдары қосылды. 1356 жылы жапондықтар Есонган өзеніндегі Кедон аралын басып алып, Корея астанасына қауіп төндірді. 1359—1360 жылдары Солтүстік Корея « Қызыл бастылардың » талан-таражына ұшырады. Елде тап күресі де шиеленісті.
Слайд 16
1356 жылы моңғолдардың негізгі күші Кореядан шықты, ал қалған гарнизондары 1359 жылы толық талқандалды. Кореядағы моңғолша жыл санау, қызмет баптары жойылды. 1359 жылғы жеңісте ұйымдастырушылық қабілетімен ерекше көзге түсіп, жеңісті қамтамасыз еткен Ли Хван Чжо деген феодалға король он мың шаруалар отбасын сыйлап, ə скердің қолбасшысы етіп тағайындады.
Слайд 17
Патшалығының екінші кезеңінде король будда дінбасыларының серкесі Син Удың ықпалына түсіп кетті. Бұл 1374 жылғы сарай төңкерісіне ə келіп соқты. Син У мен король өлтірілді. Бұл төңкерістен кейін тақ үшін күрес 20 жылға созылды. Ақыры династия құлады.
Слайд 18
Жапониямен сауда жасау да реттелді. Сауда үш порт арқылы жүргізілді. Олардың бастысы Цусима болды. 1420 жылы осы порттың бастығы Жапония сауда кемелерінің қайсы портқа қанша рет қатынасатыны жөнінде келісім жасады.
Слайд 19
Əдебиеттер: 1. История Кореи (с древнейших времен до наших дней).— Сеул, 1995. 2. Очерк Корейской истории. Книга 1.— Пхенъян, 1992. 3. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М.: Восточная литература РАН, 1995.— 174—180 бб. 4. Васильев Л. С. История Востока: В 2 т. Т. 1.— М.: Высшая школа, 1998.— 430—431 бб