Солтүстік Корея — презентация
logo
Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Жоспар:
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Солтүстік Корея
  • Назар аударғандарыңызға рахмет!
1/13

Первый слайд презентации: Солтүстік Корея

7 “ Г ” сынып оқушысы Нұрболатова Жанар

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар:

Корей Халық Демократиялық Республикасы Тарихы Табиғаты Экономикасы Солтүстік кореяның туы Солтүстік кореяның елтаңбасы Кәріс тілі Солтүстік Корея тағы да 2 зымыран жіберді Солтүстік Корея ядролық соғысқа дайын Пак Кын Хе Солтүстік Кореяның көшбасшысымен кездесуге дайын

Изображение слайда

Слайд 3

Корей Халық Демократиялық Республикасы ( кор.   조선 민주주의 인민 공화국 ?, 朝鮮民主主義人民共和國 ? ), КХДР  —  Шығыс Азиядағы  Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі —  корей тілі. Тұрғындарының көпшілігі  будда дінін   ұстанады,  конфуцийшілдікті,  христиан дінін   ұстанатындар да бар. Астанасы —  Пхеньян   қ. (2,3 млн.). Конституция бойынша, КХДР “ Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет ”.КХДР 1948 жылдың 9 қыркүйегінде халықтық-демократиялық мемлекет ретінде құрылды. Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы.  Ким Чен Ын - 2011 жылдың 29 желтоқсанынан бастап елдегі жетекші партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және 2012 жылдың 12 сәуірінен бастап КХДР Қорғаныс к-тінің төрағасы болып табылады. Ұлттық мерекелері : 9 қыркүйек — КХДР-дің құрылған күні, 15 сәуір —  Ким Ир Сеннің   туған күні (1912 ж., Күн мерекесі ), 16 ақпан — Ким Чен Ирдің туған күні. Ақша бірлігі — вон. Ел аумағы әкімш. жағынан 9 провинцияға, 2 орталыққа бағынатын қалаға бөлінген.

Изображение слайда

Слайд 4

Тарихы КХДР-дің 1945 жылға дейінгі тарихы   Корея Республикасымен   ортақ ( қ. Корея). 1945 ж. Корей түбегінің солт-нде КСРО   әскерлері орналасқаннан кейін ел социализм орнату жолына түсті. 1946 ж. КСРО-ның көмегімен корей коммунистері   Ким Ир Сен   басқарған Уақытша үкімет құрды және жер реформасын жүргізе бастады. 1948 ж. 9 қыркүйекте КХДР ресми түрде жарияланды. КСРО өз әскерін түбектен алып кетті. 1950 ж. КХДР бұрынғы біртұтас елді біріктіру үшін   Оңтүстік Кореяға   басып кірді.  БҰҰ   Қауіпсіздік Кеңесі 1950 ж. 25 маусымда КХДР агрессиясын айыптайтын және екі күннен кейін Оңт. Кореяға БҰҰ мүшелері тарапынан әскери көмек беретін қарарлар қабылдады. Оңт. Кореяға АҚШ, ал КХДР-ге Қытай еріктілері (1 млн-дай адам ) көмектесті. КХДР жағына КСРО да көмектесіп, елдің ішкі аудандарын АҚШ авиашабуылынан қорғады. 1951 ж. екі жақ та шабуылдаушы күштерін сарқып, қорғаныстық соғыстарға көшті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс аяқталды. 20 ғ-дың 70-жылдарының басында және 80-жылдарының 2-жартысында КХДР үкіметі көршісіне елді біріктіру үшін келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ келіссөздер сәтсіз аяқталды

Изображение слайда

Слайд 5

1991 ж. желтоқсанда екі Корея мемлекеті бір-біріне шабуыл жасамау, ынтымақтастық орнату жөнінде келісімдерге келді. 1992 ж. ақпанда бірлескен декларацияға қол қойылды. КХДР-де қандай да бір шет ел азаматтарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған. 1972 ж. президенттің атқарушылық қызметін қайта қараған Конституция қабылданып, ол бойынша корей халқы “ Ұлы қолбасшыға ”, яғни Ким Ир Сен мен оның ұлы Ким Чен Ирге шексіз берілу рухында тәрбиеленуде. 1994 ж. Ким Ир Сен қайтыс болып, орнына ұлы Ким Чен Ир сайланды. 1996 — 97 ж. КХДР-де экономика құлдырап, елді аштық жайлады. БҰҰ мүшелері елге азық-түлікпен көмектесе бастады. Бірақ қазіргі таңда демокр. елдерге қауіп төндіріп, ядр. қару жасап жатыр деген желеумен АҚШ КХДР-ды “ қауіпті елдер ” тізіміне кіргізіп отыр. Табиғаты КХДР, негізінен, таулы ел. Солт. жағында Корей таулары орналасқан. Түбектегі ең биік тау осы елде ( Пэктусан жанартауы — 2744 м). Басты өзендері: Амноккан және Туманган. Климаты теңіздік, континенттік және муссондық. Қаңтардағы орташа темп-ра –21С, шілдеде 22 — 26С.

Изображение слайда

Слайд 6

Экономикасы 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары КСРО-ның, Шығ. Еуропадағы соц. елдердің, Қытайдың қайтарымсыз қаржылай, тех., материалдық көмектері арқасында ел экономикасы тез көтерілді. “Қалалар мен селоларда социалистік қайта құрулар жүзеге асырылғаннан ” кейін (1958), елді индустрияландыру мәселесі шешілген соң (1970) КХДР-де идеол., тех., мәдени революцияларды жүзеге асыру мәселелері алға қойылды. Оңт. Кореямен арадағы шиеленістерге байланысты қорғаныс мәселелеріне үнемі көп көңіл бөлуіне тура келді. 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап ел экономикасы сырт елдерден тұйықтала бастады. Елдің қазіргі жылдық ұлттық табысы 21,45 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде, жеке адамға шаққанда — 950 долл. Сыртқы қарыз — 9,8 млрд. долл. Экспортқа металдар, тоқыма өнімдері, ауыр машина өнімдері, жеміс-жидек шығарылады, мұнай мен мұнай өнімдері, құрал-саймандар, астық, көмір, тамақ өнімдері импортталып әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері : Қытай (импорттың 32,6%-ы), Жапония ( экспорттың 27,9%-ы), ТМД елдері, Оңт. Корея, Германия, Италия, Иран.

Изображение слайда

Слайд 7

Солтүстік кореяның туы

Изображение слайда

Слайд 8

Солтүстік кореяның елтаңбасы

Изображение слайда

Слайд 9

Кәріс тілі Солтүстік Кореяның, Манчжурияның қытай облысындағы Янбиан автономиясының да ресми тілі - кәріс тілі. Дүниежүзі бойынша кәріс тілінде сөйлейтіндердің саны 100 млн.-нан асса, оның 60 миллионы үшін кәріс тілі ана тілі.  Лексикалық түрде кәріс тілі дамудың үш кезеңін ( ежелгі кәріс лексикасы, қытай лексикасы және өзге тілден енген кірме сөздер ) бастан өткізді. Қытай тіліндегі сөздердің кәріс тіліне сіңіп кетуін кәріс мәдениетінің ұзақ уақыт бойы қытай мәдениетіне қарап бой түзегендігімен   түсіндіруге болады. Хат жеке өнер саласы ретінде Кореяда Үш Мемлекет дәуірі ( Когуре, Пэкче, Силла ) кезінде қалыптасты. Ауызекі тілде кәрісше сөйлегенмен, жазу барысында олар қытай иероглифтарын қолданды. Кәріс жазбаша өнерінің негізін 1443 ж. қалап кеткен ван Сечжон болатын. Оның еңбегі « Хунминчжон » - «дұрыс дыбыс жайлы халыққа үндеу» деп аталынды. Ван Сечжонның арқасында кәріс тілі жазбаша түрде енді қытай иероглифтарымен емес кәріс қаріптерімен жазыла бастады.

Изображение слайда

Слайд 10

Солтүстік Корея тағы да 2 зымыран жіберді Оңтүстік Кореяның АҚШ-пен бірлесіп өткізіп жатқан әскери оқу-жаттығуларына алаңдаушылық білдірген ресми Пхеньян тағы да екі зымыранды теңізге жіберді. Бұл туралы Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі хабарлады.  Министрліктің мәлімдеуінше, зымырандардың жіберілуі кезінде ҚХДР басшысы Ким Чен Ынның өзі де болған. Бүгін Сеулдің Вашингтонмен бірлесіп өткізіп жатқан әскери жаттығулары аяқталмақ. Ал Пхеньян Оңтүстік Кореямен арасындағы байланысты реттеуге аса құлықты емес. Пхеньян бұған дейін жаттығу басталар алдында 2 зымыран атқаны белгілі. Сеул билігінің мәлімдеуіне қарағанда, оңтүстіктегі « әріптестері » жіберген зымыранның радиусы ондаған шақырымды ойрандауға жетеді, ал қашықтығы 200 шақырымға дейін барады.

Изображение слайда

Слайд 11

Солтүстік Корея ядролық соғысқа дайын Солтүстік Корея кез келген соғысқа, оның ішінде ядролық соғысқа дайын. Бұл туралы осы елдің басшысы Ким Чен Ын мәлімдеді. Ол Корея халық әскерінің әуе және теңіз күштерінің жаттығуларына қатысып, басшылық етті. Аталған әскери шара кезінде болжамды қарсыластың әуе тасымалдағыш кемесіне тұтқиылдан шабуыл жасалды.  Жаттығулардан кейін Ким Чен Ын АҚШ-тың әуе тасымалдағыш кемесін су түбіне батырып жіберу – қолдан келетін шаруа деп хабарлады.

Изображение слайда

Слайд 12

Пак Кын Хе Солтүстік Кореяның көшбасшысымен кездесуге дайын Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе Солтүстік Кореяның көшбасшысы Кем Чен Ынмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Кездесуге негізгі себеп – Пхеньянмен бейбіт диалог орнату. Бұл туралы ол дәстүрлі жаңажылдық баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Мен бейбіт жолмен одақтастық құру үшін, кез келген адаммен кездесе аламын », - деді Пак Кын Хе. Оның айтуынша, бұл кездесу екі Корея елін бейбіт жолмен біріктірудің негізін қалауын мүмкін. Пак Кын Хе : « Солтүстік Корея өзінің адал ниетін көрсетіп, қарусыз аймақ құру бойынша шаралар қабылдауы керек », - деп атап өтті. Бұдан бұрын 2000 және 2007 жылы екеуаралық корей саммиті өткен болатын. Саммит барысында Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ир Оңтүстік Кореяның экс-президенттері Ким Дэ Джун мен Но Му Хен кездескен еді. Сондай-ақ Солтүстік Корея өзінің ядролық қару бағдарламаларын жоюға келісім берген. Алайда 2006, 2009 және 2013 жылы аталмыш мемлекет жер асты ядролық сынағын өткізген. БҰҰ бұған қатысты Пхеньянға қарсы санкция да салды. Бірнеше күн бұрын Солтүстік Корея елі, АҚШ пен Оңтүстік Корея биылғы бірлескен әскери жаттығуларын өткізбесе, біз ядролық сынақтардан бас тартамыз деп мәлімдеді. Бірақ Вашингтон бұл ұсынысты қабылдамады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Солтүстік Корея: Назар аударғандарыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации