Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина — презентация
logo
Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина
  • Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина
  • Жұмыссыздық мәселесі және оны шешу жолдары
  • Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина
  • Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина
  • Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина
  • Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі
  • Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина
  • Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина
  • Назарларыңызға рақмет!
1/9

Орындаған : Зауытбек Мадина Зауытбекқызы Тексерген : Уалиева Раушан Тоқтасынова

Изображение слайда

Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ‚ мысалы ‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе ‚ онда жұмыс күші рыногының тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “ жетіспеушілігі ” сезіледі ‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына   байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады

Изображение слайда

Слайд 3

Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген мәселелер қарастырылып жатыр. Елімізде жұмыссыздық мәселесі көбінесе жастардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше әсер ететін мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстанның болашағы –жастардың қолында! Жастар – ел болашағы. Ал, болашақ бағдарсыз болмайды. Осыны жете түсінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне келер жылдың бірінші жартысына дейін « Жастар саясаты » жөніндегі заңды қабылдауды тапсырған болатын. Ал, биылғы жылдың басынан ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданды. Жалпы бұл тұжырымдамада жастар арасында мәселелер мен проблемалардың алдын алу және оларды шешудегі нақты басым бағыттар көрсетілген. Баршамызды толғандыратын сұрақ жастардың әлеуметтік сипаттағы мәселелері, яғни ол жұмыссыздық мәселесі, тұрғын үймен қамту, жас буын арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру екендігі мәлім. Концепцияда басты назарға осы басымдықтар алынды. Нақтылап айтсам, « Дипломмен – ауылға», « Жастар тәжірибесі», «Қолжетімді баспана », « Мемлекеттік кадрлар резерві » деген бағдарламалар.   Егер де жастар, яғни біз, осындай мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істерден қалыс қалмай, жалқауланбай, белсенділік танытсақ, әрине бізге берері өте көп. Мәселе мүлде жоқ деп айтуға келмейді, бірақ ол бірте-бірте шешілетін мәселе.

Изображение слайда

Слайд 4

Себебі, қазіргі таңда Қазақстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады. 14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, өздерінің жас мөлшеріне байланысты жас адамдар қандай да бір салада үлкен тәжірибеге ие болмағанымен, ірі көлемді инновациялық және шығармашылық мүмкіндіктер, сондай-ақ жемісті еңбек етуге деген айрықша құлшынысқа ие.  [3]   Бұл жерден көріп отырғанымыздай, мемлекет тарапынан бізге барлық жағдай жасалынып жатыр. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ. Біздің міндетіміз — білім жолына салынып, түзу жолдан таймай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстау. Және жақсы білім алып, білікті маман болу тек біздің қолымызда ! Себебі, ертеңгі күні біз білікті де білімді маман иесі болып шықсақ, еліміздегі жұмыссыздықтың азаюына себепкер боламыз. Бұл – еліміз үшін үлкен мәртебе!

Изображение слайда

Слайд 5

«Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір »,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін  ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің  бейбітшілік   аспанында   қазақ жастары   тәуелсіз елдің  айқын  мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың   қолында.

Изображение слайда

Слайд 6: Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесі

Соңғы уақытта Қазақстанда дәрігерлер жұмысының құқықтық саласына және жауапкершілікті орнатуға үлкен қызығушылық пайда болды, әлеуметтік желілерде және баспасөзде дәрігерлердің және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қоғам алдындағы жауапкершілігі шаралары туралы елордамызда жуырда   қызу талқылау болып өтті. 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес қылмыстық құқықты одан әрі дамытудың маңызды бөлігі қылмыстық репрессияның көлемін азайту жолдарын, қылмыстық жазадан, қылмыстық жауаптылықтан босату жағдайларын кеңейту жолдарын іздестіру болып табылады.  Тұжырымдама қалпына келтіретін әділеттілік элементтерін ішкі іс жүргізу заңнамасына және құқық қолдану практикасына енгізді, олардың бірі - медиация. Медицинада білікті конфликтолог-медиаторлардың жетіспейтінін атап кеткен жөн. Медициналық  қызмет көрсету саласындағы шиеленістердің қатысушыларының заңнамалық бекітуді талап ететін, оны реттеудің әртүрлі тәсілдерін таңдау мүмкіндігі болуы тиіс. Дауларды реттеудің сәйкес тәсілдеріне жүгіну ерікті сипатта болады. Сондықтан пациенттер шиеленіс тарабы ретінде оларға тек бұл жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеген жағдайда ғана жүгінеді. Медиация азаматтардың көпшілігі үшін шиеленістің басқа тарабының құқықтарын танитын және құрметтейтін және өзінің таңдауына жауапты болатын өз бетінше іс-қимыл жасауға қабілетті тұлға үшін құрал ретінде қолжетімді болуы тиіс. Ұлттық денсаулық сақтау палатасы кейіннен халықаралық жаттықтырушыларды шақыра отырып, денсаулық сақтау саласындағы медиацияның негіздеріне оқытуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қор қызметінің мәні республиканың заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігінің кепілдігін жүзеге асыру, оның міндеттерінің бірі денсаулық сақтау саласындағы медиацияны дамыту болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 7

Қазіргі таңда халықтың емделуі мен түрлі аурулардың алдын алуда денсаулық сақтаудың ортаңғы буын қызметерлерінің, яғни меДбикелік қызмет өкілДерінің алатын орны орасан зор.  ЕмДеу профилактикалық мекемелерДе көрсетілетін меДициналық қызметтің сапасы мен тиімділігі медбикелердің жоғары кәсібилігі, коммуникативті дағдыларына тікелей тәуелді. Медициналық ғылым мен техника сағат сайын шарықтап дамып жатқан кезеңде дәрігердің ең жақын көмекшілерінің үздіксіз білім ала отырып, кәсібилігін көтеріп отырғаны маңызды. Жоғары білімі бар ортаңғы медициналық қызметкер дәрігер уақытының көп бөлігін алатын күнделікті тірліктен босатудың салдарында кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды тиімді және өз орнымен қолдануға мүмкіндік береді. Жоғары білімі бар ортаңғы медициналық қызметкер жерлердегі дәрігерлік амбулатория орталықтарында көптеген манипуляциялар жасауда дәрігердің орнын оңайлықпен баса алады. Заманауи талаптарға жауап беретін дәрігерлерді дайындау ұзақ уақыт алып қана қоймай, едәуір қымбат болғандықтан, кәсіби медбикелерді дайындау қажеттілігі бірнеше рет жоғарылап отыр.

Изображение слайда

Слайд 8

Қарт кісілер, аяғы ауыр, балалар мен созылмалы аурулары бар үлкендерге үй жағдайында көмек көрсету, күтім мен ары қарай емді жалғастырудың біріктірілген жүйесін ұйымдастыру, дені сау және диспансерлік есепте тұрған науқастармен жұмыс жасауда медбикелерге өте үлкен жауапкершілік артылады. Бүкіл әлемде кеңінен қолданылып жүрген медбикелік қызмет өкілінің мұндай көптеген функциялары дәрігер мен медбике қызметтерінің ара жігін жақындатып, дәрігерлік мінддеттемелердің біршамасын медбикенің мойнына артудың нәтижесі болып табылады. Бүгінгі күннің әлемдік медицинасы медбике дәрігердің белсенді емес көмекшісі үлгісінен медбике науқастың көмекшісі үлгісіне ауысып жатқанын атап өту керек.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Экономика, жаһандану және еңбек. Денсаулық және медицина: Назарларыңызға рақмет!

Изображение слайда

Похожие презентации