Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары — презентация
logo
Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары
  • Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары
  • Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары
  • Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары
  • Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары
  • Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары
  • Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары
  • Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары
1/7

Пәні: ­­­­­­­­­­ ­­­­­­­­­­Техникалық механика негіздері Нурсейтова Тоты Койшыбаевна ЖСШ Есенов колледжі

Изображение слайда

Слайд 2

Техниканың дамуына байланысты тетікбөлшектердің қарапайым қосылыстары жетілдіріле береді. Машиналар өзара біріктірілген тетікбөлшектерден тұрады. Әр түрлі машиналардың механизмдерінде қайталап кездесе беретін қосылыстар конструкциялары мұқият жетілдірілген және жұртшылыққа мәлім – оларды типтік қосылыстар деп атайды. Олар станоктарды, автоматтық линияларды т. б. жасағанда қолданылады. Мысалы: мына суретте автоматтық линияны құрастырып тұрған жас слесарьларды көресіңдер. Бұл линия станок-автоматтар қатарынан құралған, олардың бірінен екіншісіне бұйым автоматтық механизмдер арқылы беріледі. Бұл – күрделі құрылғы. Оған жүздеген детальдар енеді. Станоктар мен механизмдерде детальдар әр түрлі қосылыстар: штивтік, бұрандалық, шпондық және басқалар құрайды. Барлық біріктірулер ажырайтын және ажырамайтын болып екіге түрге бөлінеді. Ажырайтын біріктірулерге  құрылымындағы тетікбөлшектерді бүлдірмей ажыратуға болатын біріктірулер жатады. Олар  бұрандалы  (болттық, шпильдік және т.с.),  шпондық, шлицтік, штифтік және т.б. біріктірулер.

Изображение слайда

Слайд 3

Ажырмайтын тетікбөлшектердің  біріктіру элементтерін бүлдірмей ажыратуға болмайды. Мұндай біріктірулерге  пісіру, дәнекерлеу, желімдеу  және т.б. жатады.

Изображение слайда

Слайд 4

Тетікбөлшектердің қосылыстары  ажырайтын  және  ажырамайтын  болып екіге бөлінеді.  Ажырайтын қосылыстарға  оны құрастырып тұрған детальдарды бүлдірмей ажыратуға болатын қосылыстар жатады. Ажырамайтын қосылыстарда тетікбөлшектерді бүлдірмей ажыратуға болмайды. Мысалы: пісіріп біріктіру, дәнекерлеу және желімдеуді айтуға болады. Техникада детальдардың мынадай негізгі қосылыстары қолданылады:  болттық,   шпльдік,   шпондық,   тойтарып шегелеу,   штифтік,   пісіру, винттік   қосылыстар ( 1 -сурет ). Осы суретке зер салып қарап шығалық. Бір бағанаға ажырамайтын қосылыстардың аттарын, екінші бағанаға ажырайтын қосылыстардың аттарын тізіп жазыңдар. Егер сендер қандай қосылыстардың ажырайтынын, ал қандайының – ажырамайтынын дұрыс тапсаңдар, онда ажырамайтын қосылыстардың аттарынан кейін жақшаға алынып жазылған әріптерден «верно» деген сөзді құрастыруға болады.

Изображение слайда

Слайд 5

Ажырайтын қосылыстар деп бүтінді құрастырып тұрған тетіктерін бүлдірмей ажыратуға болатын қосылыстарды айтады. Оған төмендегідей қосылыстар жатады : бұрандамалық қосылыс ; бұрамасұқпалы қосылыс ; бұрамалық қосылыс ; түтітік қосылыс. Бұрандамалық қосылысқа жататын тетіктер : бұрандама (болт), сомын (гайка) және тығырық (шайба). Бұрандама – бір жақ ұшында бұрандамасы, ал екінші ұшында қалпақшасы бар жұмыр сырық. Қалпақша кілтке арналған 4 немесе 6 бұрышты призма тәрізді жасалады, басқа пішіндері де кездеседі.

Изображение слайда

Слайд 6

Бұрандаманы сызбада кескінделгенде жалпы ережелерге сәйкес екі көрнісін орындайды. Бұрандаманың қалпақшасының биіктігі һ бұрандаманың ұзындығына саналмайды. Бұрандама басының конустық қиық жиегімен оның жақтарының қиылысуынан жасалған гиперболалар шеңбер доғаларымен алмастырылады. Стандарт бойынша тағайындаған алты бұрышты призма тәрізді болып келеді. Ойың (галтель) – бұйымның элементі. Тетіктің бір бетінебіртіндепжатық ауысатын жері. Ойың тетіктің беріктігін арттырады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Детальдардың ажырайтын қосылыстары. Детальдардың ажырамайтын қосылыстары

Ұй жұмысы Біріктірулер неше түрге бөлінеді? Ажырайтын біріктірулерге нелер жатады? Ажырамайтын біріктірулерге нелер жатады? Техникада детальдардың негізгі қай түрдегі біріктірулері қолданылады? Пайдаланған әдебиеттер 1. А.И.Аркуша. Техническая механика 2003 2. Е.М.Никитин. Теоретическая механика. 1989 3. М.С.Мовнин, А.Б.Изреалит. Сопративление материалов. 1984 4. А.И.Винокуров. И.В.Барановский. Сборник задач по сопративлению материалов. 1991

Изображение слайда

Похожие презентации