Диалогтік оқыту — презентация
logo
Диалогтік оқыту
  • Диалогтік оқыту
  • Тақырыбы : Диалогтік оқыту
  • Диалогтік оқыту
  • Диалогтік әңгіме
  • Әңгіме, әңгіменің түрлері
  • Диалогтік оқыту
  • Диалогтік оқыту
  • Диалогтік оқыту
  • Әңгіменің 3 түрі
  • Диалогтік оқыту
  • Диалогтік оқыту
1/11

Первый слайд презентации: Диалогтік оқыту

Орындаған: Абдужапбарова Ж. Тобы: 102-13

Изображение слайда

Жоспар: Диалогтік оқыту Диалогтік әңгіме Әңгіме, әңгіменің түрлері

Изображение слайда

Слайд 3: Диалогтік оқыту

Диалогтік оқыту – мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.

Изображение слайда

Слайд 4: Диалогтік әңгіме

Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербальды-коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп, оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай-ақ мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады.

Изображение слайда

Слайд 5: Әңгіме, әңгіменің түрлері

Әңгіме – оқушылардың ой әректін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі. Әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.

Изображение слайда

Слайд 6

Изображение слайда

Слайд 7

Әңгіме-дебат – оның барысында қатысушылар арасында ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады. Әңгіме-дебат ынтымақтастыққа бағдарланбаған бәсекелестікке негізделеді. Кумулятивтік әңгіме – бұл әңгіме түріне қатысушы әрбір адам басқа адамдардың айтқанын қабылдайды және олармен келіседі. Кумулятивтік әңгіме білім алмасу мақсатында қолданылады, бірақ әңгімеге қатысушы адамдар бір-бірінің идеяларына төзімділікпен қарайды. Кумулятивтік әңгіме үдерісінде идеялар қалыптасады, қайталанады, бірақ үнемі егжей-тегжейлі бағалана бермейді.

Изображение слайда

Слайд 8

Зерттеушілік әңгіме – бұл әңгіме түрінде әркімнің идеясы пайдалы деп қарастырылғанымен, олар егжей-тегжейлі бағалаудан өтеді. Зерттеушілік әңгімеге қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, бір тоқтамға келу үшін оларға негізді жауап береді. Алайда зерттеушілік әңгімеде келісімге келу емес, керісінше оны іздеу үдерісі маңызды болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 9: Әңгіменің 3 түрі

1. Әңгіме-дебат барысында : Ой- пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады ; Ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады ; Қарым-қатынас көбіне « Иә, бұл солай », « Жоқ, олай емес » деген бағытта жүзеге асады ; Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған. 2. Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар : Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі ; Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы ; Идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.

Изображение слайда

Слайд 10

3. Зерттеушілік әңгіме кезінде : • Барлығы белсенді тыңдайды ; • Адамдар сұрақ қояды ; • Адамдар тиісті ақпаратпен бөліседі ; • Идеяларға дау айта алады ; • Дауласуға себеп табылады ; • Қатысу алдыңғы тәжірибеге негізделеді ; • Барлығының қатысуы ынталандырылады ; • Идеялар мен пікірлерге құрметпен қарайды ; • Сенім атмосферасы орнайды ; • Ортақ мақсат сезімі пайда болады ; • Топ бірлескен шешімдер қабылдау үшін келісім іздейді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Диалогтік оқыту

Әдебиеттер: 1. Педагогикалық шеберлік орталығы. Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған оқу-әдістемелік құрал. Қазақстан-Астана.

Изображение слайда

Похожие презентации