Первый слайд презентации
Дипломдық жұмыс та қ ырыбы : “ Ғ. Қайырбеков шығармаларының тақырыптық және көркемдік ерекшелігі”. Орындаған: Сабыржан М,күндізгі оқыту нысанының 4 курс студенті Ғылыми жетекшісі:Тасмағамбетова З.Ж аға оқытушы,магистр.
Слайд 2
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері : Ғафу Қайырбеков шығармаларымен танысып, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер қойылды: -шығармаларының идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін сипаттау; -олардың бүгінгі жазушы өмір сүріп отырған дәуір шындығымен байланысын анықтау -шығармаларының қазақ прозасындағы орны мен мәнін зерттеу
Слайд 3
Мазмұны Кіріспе..................................................................................................................... 1Ғафу Қайырбековтың поэзиялық туындыларының көркемдік ерекшеліктері............................................................................................................... 1.1 Троп түрлерінің қолданысы................................................................................. 1.2 Фигура түрлерінің қолданысы.......................................................................... 2 Ғ.Қайырбеков шығармаларының лексика-фразеологиялық ерекшелігі.......... 2.1 Ақын шығармаларындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер.............. 2.2 Ғ.Қайырбеков өлеңдеріндегі бейнелегіш тәсілдер.......................................... Қорытынды................................................................................................................. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Слайд 4
Ғафу Қайырбековтың поэзиялық туындыларының көркемдік ерекшелігі 1.1 Троп түрлерінің қолданысы. Теңеу дегеніміз не? Ақын өлең жолдарында теңеуді қалай қолданған? Өлең жолдарында метафораның қолданысы? Метафораны қолдану туралы ғалымдардың пікірлері?
Слайд 5
1.2 Фигура түрлерінің қолданысы. Арнау әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автордың сөзі. Сұрай арнау - Ақын, неге үндемейсің? Шабыт қайда? Шалт қайда? Күбірлейсің, күрмелесің Шабан қиял шаппай ма? ( Ғ. Қайырбеков «Уақыт») Қайталау немесе Анафора Сен арқылы сөзім жерде қалған жоқ, Рахмет саған, көңілімде жалған жоқ Әр әрпіңді көзім сүйіп, өзіңді Көкрегіме басып өтсем арман жоқ. (Ғ.Қайырбеков « Қазақ әдебиеті» газетіне 60 жыл)
Слайд 6
2 Ғ.Қайырбеков шығармаларының лексика-фразеологиялық ерекшелігі. 2.1 Ақын шығармаларындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Фразеологизмдер көркем әдебиет тілінің қажеттілігін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын танытатын ең күшті тілдік құралдар. Қарқараланың бойындағы Оразбай қой аузынан шөп алмас момын адам. (45,38) « Сабыр түбі - сары алтын, бипатпаға сиын, бипатпа піріңе, - деп кемпір байғұс күбірлеп, үшкірген боп, күлмен ұшықтаған боп, ішін сипап дамы көрмей жүр.» [44, 52] Мақал– мәтелдердің мәтінмен –де- етістігінің туынды тұлғалары арқылы байланысты.
Слайд 7
2.2 Ғ.Қайырбеков өлеңдеріндегі бейнелегіш тәсілдер: Ғ.Қайырбеков шығармаларында портреттің қолданылуы : Соматикалық портрет (дене атаулары арқылы жасалған (көз, қас т.б ) Ақеділдің ашуға біткен кескіні кескіні де бар: ернінің еті көкбеңбек, ерні сүп – сүйір, арық бет, көзі қасқардың көзіндей өткір, шот маңдай, мұрнының ортасы бетімен бірдей, екі танаулы бетінен тесіп оя қойған сықылды. [40, 43]. Вестиалды портрет (киім киісін суреттеу) Үстімде ағамның көк шұғамен тыстаған жаңа қасқыр ішігі, оның ішінде қамзолша күзен ішік, басымда қызыл бүліс тысы бар түлкі тымақ, мойнымда үлкен қара түбіт шәріп, бұтымда тері шалбар, аяғымда қонышы қара санымнам саптамалы етік, киім мықты. [40,52].
Слайд 8
Ғ.Қайырбеков шығармаларында пейзаждың қолданылуы. - Бұл таулар, тізбек – тізбек бұдан әрі сандық ашқан кемпір, көшкен керуен, намаз оқыған молда секілді таулар бар, - деді Бораш. Бұл алып таулар, табиғаттың тылсым таңғажайыбы бейне галерея секілді, сюжетті шығармалар тәрізді, - дейді Секен баяу үнмен. [40,45]. Қарқаралы таулары біз келе жатқан жазықтан қарағанда сансыз қанаты ғажайып бір алып орданың керегесі тәрізді. Шаңырағы ту – ту көк аспан. Мына шаңқай түсте, күн тас төбеде тұрғанда жағалай көк жиекке біркелкі төгіле түскен күн сәулелері осынау алып үйдің алтын уықтарына ұқсап еді. [40,38].
Слайд 9
Қорытынды. Ғ.Қайырбековтің әңгімесінің тілін зерттеу арқылы қаламгердің әдеби тілді жетілдіру мен дамытудағы рөлін айқындаудың, көркем туындыларындағы тілдік құралдардың көркемдік қызметтерін ашып, талдап көрсетудің мәні зор.Қаламгер тілінің шұрайлылығы, ойының ұшқырлығы оның сөз саптауынан анық көрінеді, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүр-дағдысын жетік білетішдігін кейіпкерлер тілінен анық байқалады.Шығарма тілінің көркемдігін қарастыруда тұрақты тіркестердің қолданысы, ерекшеленеді, фразеологиялық тіркестер талғампаздықпен жұмсалып, тілге көркемдік мән береді. Олар мағынаны нақтылау, суреттеу, көркемдеу тұрғысында стильдік мақсатта жұмсалған.Халық тілінің шырайы саналатын мақал-мәтелдерді ойды қысқа, бейнелі түсінікті етіп жеткізу мақсатында қолданган. Қандай мақсатта, қалай қолданылса да өзінің табиғатына өткен, эмоция туғызатын әсер күшінен айырылмайды.