Первый слайд презентации: Ежелгі Египет киімдері
Орындаган: Берденова Меруерт Тексерген: Байузакова Гулнар
Слайд 2: Мемлекетке жалпы сипаттама
Египет елі Солтүстікүстік шығыс Африка жерінің ұшы-қиырсыз шөл даласында орналасқан. Мұнда қызғылт сары құм, қаһарлы бейнед Египеті жартастармен алма-кезек алмасып отыратын табиғат құбылыстармен ерекшеленеді. Осы өлкені әлемде Египете ең ұзын өзен Ніл басып өтеді. өзен аңғары жап-жасыл. Жағалауында құрма пальмалары, иісі жұпар аңқыған қарағандар мен биік папирус қамыстары өсіп тұрады.
Слайд 3
Египет қолөнермен, малшылықпен айналысады. Ежелгі Египет тарихына көз жүгіртсек, оны негізінен төрт кезеңге бөлуге болады. Ежелгі патшалық (б.э.д. 3000-2400 жж.) Орта патшалық (б.э.д. 2400-1710 жж.) Жаңа патшалық ((б.э.д. 1580-1090 жж.) Соңғы кезең (б.э.д 1090-332 жж.)
Слайд 4: Египет мемлекетінің алғашқы астанасы
Египет мемлекетінің алғашқы астанасы Мемфис қаласы болды. Онда елді перғауындар – ақсүйек шонжарлар, патшаның кеңесшілері, әскер басшылары басқарды. Египет дінің өзіндік ерекшелігі мол болды: олар күн, ай, жер және үй мен жабайы жануарларды (крокодил, арыстан, шибөрі, сиыр, мысық, сұңқар, жылан) құдайлар деп сенді. Сонымен қатар өнерде де дінге сенушілік байқалды
Слайд 5: Әсемдікке құштарлығы
Ранэфера статуясында ежелгі египеттердің әсемдікке құштарлығын бейнелеу тәсілінен байқауға болады: адам тұлғасы сұңғақ, жауырыны кең, белі мен мықыны жіңішке әрі бет әлпеті көрікті. Сонымен қатар қазіргі заманғы сұлулық ұғымындай әйел бейнесімен сұңғақ тұлғасымен, пропорциялық шешімімен әрі нәзік те келбетті, миндальді көз пішімімен ерекшеленеді. Мұндай бейнені біз Раннан мүсінінен көрінуімізге болады.
Слайд 6: Киім түсі мен матасы
Египет тарихының мәліметтеріне қарағанда ол кенеп матаның шыққан жері болып саналады. Ніл өзені арнасында осы талшықта өсімдікті өсіру аса қолайлы болды. Тоқыма өнерде Египет тоқымашылары өте жоғары шеберлікке қол жеткізді. 240 м жұқа жіп салмағы 1 гр-ға ғана ие болды. Тоқымашы өзінің аса сезімталдығымен осы мата талшығын көзімен емес, қолымен ұстап байқап, одан өт жұқа кенеп маталарын тоқыды. Сондықтан Египет кенеп матасы таза жібек матасынан кем түспеді. Осы кенеп матасының жұқалығы соншалықты оның 5 қабатының адам денесі айқын көрініп тұрады.
Слайд 8
Патшалық тұсында тор секілді немесе жылтыр моншақтармен, кестемен зерленген маталар шығарыла бастады.Мата бетіне негізінен геометриялық ою-өрнектер жиектеліп салынатын болды. Мата қызыл, көк, жасыл түсті табиғи материалдарымен боялды. Кейінірек сары, қоңыр, көкшілтім түстердің түрлі реңктеріне боялынды. Киім әзірлеуде кенеп, мақта, тері, үлпек секілді материалдар пайдаланылды.
Слайд 10: Киімнің негізгі түрлері мен формасы
Ежелгі патшалық тұсында ер кісілер киім ретінде кенептен немесе теріден әзірленген алжапқышты (схенти) белдеріне байлады: оны Ранэфера мүсінінен байқауға болады. Схентидің бүйір тұсында майда қатпарлар түсірілген. Бұл киім түрі перғауындар мен ақсүйектерді қарапайым халықтан ерекшелеп көрсетеді.
Слайд 11
Әйелдер денесін орап тұратын, көкірек тұсынан тобыққа дейін жететін, иығында баумен бекітілген киім түрлерін пайдаланды. Бұл киім үлгісі «калазирис» деп аталды. Киім пішімі барлығына бірдей болып, таптық ерекшеліктері тек киім матасының сапасына байланысты ажыратылады.
Слайд 13
«Клафт» орамалы сары және көк түсті жолақты матадан жасалғанын көреміз, орамал сары және өте ұқыптылықпен әсемдеп басына оралған. Клафт орамалы түсіне қарай оны қолданған адамның қоғамдағы орнын білдіретін болған. Мысалы, сары жолақты – ақсүйектер киді, қызыл жолақты - әскер басшылары, көк түс пен сары жолақты орамалдарды перғауындар кигені белгілі.
Слайд 14
Перғауын әйелі басына лашын бейнесі мен лотос тақты. Әскербасшылары ойын-сауық уақытында қолтырауын, сұңқар, өгіз маскаларын бастарына киетін. Перғауынның алтын әрі үшбұрышты немесе куб пішінді сақалы оның ерекше күш-құдіретін көрсетеді деп санады.
Слайд 15
Египеттіктер аяқтарына пальма жапырағы мен папирустан жасалған сандал киді. Оның пішіні өте қарапайым әрі ыңғайлы келді. Шешонка ІІ перғауыны жерленген жерден алтын сандал табылған.