Первый слайд презентации
ә л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және биотехнология факультеті Тақырыбы : Тіршіліктің пайда болуы туралы гипотезалар: панспермия. Орындағандар : Бақтияр А. Қабылдаған: Калимагамбетов А.М. СӨЖ-1
Слайд 2: Жоспары:
Кіріспе. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы гипотезалар. Негізгі бөлім: 1) Панспермия гипотезасы дегеніміз не? 2) Гипотезаның негізін қалаған ғалым және жақтаушылар. Оның дәлелдері. 3) Тіршіліктің пайда болуы туралы өзге теориялар. Қорытынды. Пайдалынлған әдебиеттер.
Слайд 4: Панспермия гипотезасы дегеніміз не?
Панспермия - бұл ғарыш кеңістігінен «тіршілік ұрықтары» деп аталатын заттардың Жерге түсуі нәтижесінде, Жердегі тіршілік пайда болды деп болжанатын гипотеза.
Слайд 5
Панспермия гипотезасына сәйкес, әлемдік кеңістікте таралған тіршілік эмбриондары (мысалы, микроорганизмдердің споралары) бір аспан денесінен екіншісіне метеориттермен немесе басқа аспан денелерімен тасымалданады. Қарапайым организмдер немесе олардың споралары («тіршілік тұқымдары") жаңа планетаға түсіп, мұнда қолайлы жағдай тауып, көбейіп, қарапайым формалардан күрделіге қарай эволюцияны бастайды. Жердегі тіршілік ғарыштан тасталған микроорганизмдердің жалғыз колониясынан пайда болуы мүмкін.
Слайд 6: Теорияның жақтастары
Панспермия гипотезасын неміс ғалымы Герман Рихтер алға тартты. Герман Гельмгольц Сванте Август Аррениус Уильям Томсон
Слайд 7: Дәлелдер
Бұл теорияны негіздеу үшін, әрине, ең алдымен өзге ғаламшарлықтардың бірнеше көріністері, зымырандар мен "ғарышкерлерге" ұқсас заттардың суреттері, сондай-ақ өзге ғаламшарлықтармен кезігіп қалу туралы хабарламалар қолданылады.
Слайд 8: Дәлелдер
Бірнеше жыл бұрын Гренландияда 3,8 миллиард жыл бұрын тіршілік еткен бактериялар табылды. Ал біздің планетамыздың жасы 4,5 миллиард жыл және осындай қысқа уақыт ішінде олардың пайда болуы мүмкін емес.
Слайд 9: Дәлелдер
2014 жылы Ресейдің Фотон-М4 зерттеу спутнигінің ұшуы сәтті аяқталды. Оның мақсаты метеориттер мен астероидтарда микроорганизмдердің өмір сүру мүмкіндігін зерттеу болды. Аппарат қонғаннан кейін микроорганизмдердің бір бөлігі аман қалды және жер жағдайында көбейе берді.
Слайд 10: Дәлелдер
Антарктидадан табылған метеоритте ғарыштан микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің іздері ретінде анықтауға болатын заттар табылды.
Слайд 11
Теориялар Анықтамасы Жақтаушы- лары Креационизм жер бетінде тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш жаратқан деп түсіндірді. Карл Линней Стационарлық жағдай Жер бетінде тіршілік мәңгі болған. В.Прейер, Реди Панспермия тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған. Рихтер,Аррениус, Биогенез тіріден тірі дамиды. Пастер,Спалланцани Абиогенез тіршілік өлі табиғаттан өздігінен пайда болған. Аристотель,Бэкон
Слайд 12
Креационизм теориясы бойынша: “Тіршілікті белгілі бір уақыт аралығында ерекше құдіретті күш жаратты” делінеді.
Слайд 13
“Тіршілікті ешқандай құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен өлі денелерден пайда болды” Фрэнсис Бэкон Аристотель
Слайд 14
“Тышқандар кір киімнен пайда болды” “Адамды қолдан жасап шығарды” Я.Б.Гельмонт Парацельс
Слайд 15
Стационарлық жағдай теориясында: “Жер еш уақытта жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі” делінеді.
Слайд 16
Тіршіліктің пайда болуы. Биогенез – барлық тірі атаулылардың тек тіріден пайда болуы,яғни тірішілік мәңгі. Абиогенез – тірінің өлі материядан өздігінен пайда болуы.
Слайд 17: Франческо Реди тәжірибе жүргізіп, “Тіршілік өздігінен пайда болды” деген теорияға қарсы шықты
“Құрттар өздігінен пайда болған жоқ, шыбынның етке салған жұмыртқасынан шыққан дернәсіл” Тірі организмдердің өлі материядан пайда болмайды, яғни сазбалшықтан бақа, ескі кір шүберектен тышқан түзілмейді. Франческо Реди тәжірибе жүргізіп, “Тіршілік өздігінен пайда болды” деген теорияға қарсы шықты.
Слайд 18
А. Левенгук: “олар тек өздеріне ұқсас оргаизмдерден пайда болады ”,- деді. “Ыдыстың ашық қалған аузы арқылы ауамен бірге келіп түскен споралардан жетілген организмдер”,- деді. Бірақ, “аузы жабық қалған ыдыстарға ауа кірмегендіктен, организмдер өздігінен дами алмады” деді қарсыластары. Л.Спалланцани
Слайд 19
Луи Пастер ( 1822 – 1895 ж) француздық микробиолог. Тәжірибесі мойны ұзын, S – тәрізді иілген колбаға жасады. Нәтижесінде: “Тірі организмдер дәл өзіндей басқа тірі организмдерден дамып жетіледі”, - деп, “Тіршілік өздігінен өліден пайда болады” деген көзқарастың негізсіз екенін дәлелдеді.
Слайд 20
Жер тарихының қандай да бір кезеңінде бейорганикалық заттардан тірі денеге тән органикалық қосылыстардың түзілуі, яғни абиогендік синтез жүрген.
Слайд 21: Қорытынды:
Қорыта келе, тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар бар. Олардың қайсының болмасын сүйенер дәлел-айғақтары бар. Қай теорияны алсақ та болжам күйінде қалып отыр. Яғни, тіршілік қалай пайда болды деген әңгіме төңірегінде үлкен талас тартыс бар. Солардың ішінде, панспермия теориясы- тіршіліктің ғарыштан келгенін айтатын теория. Ол бойынша өзге ғаламшардан «тіршілік ұрықтары» келіп түсіп, қазіргі тіршілік пайда болды делінеді.
Последний слайд презентации: ә л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және биотехнология: Пайдаланылған әдебиеттер:
Яблоков А.В., Юсуфов А.Г. Эволюционное учение. М.: Высш. шк., 2006. Тағайбекова Д.С., Исаев Е.Б. Эволюциялық ілім. Лекциялар жинағы. ЮКГУ, Шымкент, 2008 https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=650 Шарипова А.К. Палеонтологияның және эволюциялық оқудың негіздері. 2013 - https://bagdar.info/peni-bojinsha-oitu-bafdarlamasini-tituldi-parafi-syllabus-v2.html Северцев А.С. Теория эволюции. М.: «ВЛАДОС», 2005. Джерри Койн. « Эволюция: неопровержимые доказательства ». Пер. с англ. — М.: Альпина нон-фикшн, 2018. — 424 с. Доказательства эволюции. Под ред. А.В. Маркова. 2010 г. http://www.evolbiol.ru/evidence.htm