Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден — презентация
logo
Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден
  • Назарларыңызға рахмет
1/15

Первый слайд презентации

Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден ерекшеліктері Орындаған:Жуман Айгерім

Изображение слайда

Слайд 2

Стиль дегеніміз -лебіздің тілдесу үстінде сөйлеуші қойған коммуникативтік (тілдік қарым-қатынас) мақсатқа лайық құрылған түрі.

Изображение слайда

Слайд 3

Изображение слайда

Слайд 4

Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылы-сүйгіш ағаштар қатарына жатады. Ғылыми стиль Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағы-дай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді. Көркем әдебиет стилі 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыз-дың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді. Публицистикалық стиль

Изображение слайда

Слайд 5

Ғылыми стиль

Изображение слайда

Слайд 6

Ғылыми стиль – адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль. Ғылыми стильдің ерекше функционалдық қызметі: Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізу; Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады; Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.

Изображение слайда

Слайд 7

Ғылыми стильдің тілдік көріністері Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады; Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады; Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі(штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады; Сөйлемдердің мына құрылымдық түрлдері көп жұмсалып, оған өзіндік ерекшелік береді: Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Мысалы: Алюмений тез балқиды. Ырықсыз етістіктен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады. Мысалы: Бидай құнарлы жерге егіледі. Ғылыми мәтін қатаң логикалық желімен құрылады.

Изображение слайда

Слайд 8

Көркем әдебиет стилі

Изображение слайда

Слайд 9

Көркем әдебиет оқиғаныт сурет бейнесінде баяндайды: оқиға, кейіпкердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады. Оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. Мұны оқиғаның образды түрде бейнелеу дейді. Көркем әдебиет оқиғаны баяндауда автордың (жазушының) әсерін, сезім-күйін қоса қарастырады. Көркем әдебиеттің ерекше баяндалу мәнері-стилі қалыптасады.

Изображение слайда

Слайд 10

Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер: Образды сөздер, бейнелеуіш, суреттеме, көркемдегіш құралдар (теңеу, метафора, метонимия, эпитет, антитеза) мол қатысады. Мысалы: Асқақ үнді әнші сахарының, сол өнер алыбы асқақ атайдай қып, зор кеуденің алып күйін азынатып төгеді. (М.Әуезов). Эмоционалды-экспрессивті сөздер қатысады. Мысалы: Басқан ізінен садаға кетейін, мырза аға! Қайда ғана жүр екенісің, жалғыз жәдігеріңді жааутаңдатып бізге тастап кетіп... –Салиха «аһ» ұрып күрсініп қалды. (Ш.Мұртаза). Мәтінге ритм, интонация әсерлілік құру үшін көп қатысады. Шығарма тартымды болу үшін, синоним сөздер, грамматикалық амалдар көп жұмсалады. Шылаулар, қыстырма, одағай, қаратпа сөздер көркем тілдің морфологиялық ерекшеліктері. Терминдер, кәсіби сөздер, диалект сөздер, көнерген сөздер қолданыла береді. Бұлар кейіпкердің ерекшелігін, ортасын, білімін, мінезін, қоғамын т.б. к өрсету үшін қолданылады.

Изображение слайда

Слайд 11

Публицистикалық стиль

Изображение слайда

Слайд 12

Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда қолданылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси-экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттің мақсаты -жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың(қоғамның) санасына ықпал ету.

Изображение слайда

Слайд 13

Публицистикалық стильдің басты сипаты: Публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құралады; Сөз экспрессивті, екіпінді болады; Сөз тыңдаушыларын коммуникатитік байланысқа тартатындай болып құралады; Публицистикалық стильдің тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан, ол тақырыбына сай ғылыми стильге, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді. Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады. Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттарға да ие болады. Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.

Изображение слайда

Слайд 14

Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер; Тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер(жаңа сөздер); Толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер ( сөйлемнің   бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Мысалы : Жау келіп қалды … – келіп қалды. Элипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мысалы : Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні ?  ); Тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер. Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Ғылыми стильдің көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден: Назарларыңызға рахмет

Изображение слайда

Похожие презентации