Первый слайд презентации: Кейбір дәрілік ерітінділерді енгізу ерекшеліктері. Пункциялар
Батыс Қазақстан Жоғарғы Медициналық колледжі «Аялы алақан» үйірмесі Орындаған: «Аялы алақан» үйірмесінің мүшелері
Слайд 2: ЖОСПАР
Инсулинді енгізу жолының ерекшелігі Гепаринді енгізу жолының ерекшелігі Кальций хлоридін қолданудың ерекшелігі Магний сульфатын қолданудың ерекшелігі Пункция ұғымына жалпы сипаттама Плевралық пункция Абдоминалдық пункция Төс сүйектік пункция Люмбалдық пункция
Слайд 3
Инсулинді енгізудің 5 ерекшелігі : 1.Ерітіндіні жылыту 2.Шприцтің ауасын шығару 3.Иньекциядан кейін 15-20 минутта науқасты тамақтандыру 4.Иньекцияны “жұлдызша”әдісімен енгізу 5.Таза мақта шариктерін қолдану Инсулин - ұйқы безі гормоны болып саналады.Тері астына тамақтанудан 30 минут бұрын енгізіледі. Инсулин флакондарда 5 мл- ден шығарылады. (1 мл-де 40,80,100 ЕД болуы мүмкін ).. Инсулинді енгізу үшін арнайы инсулин шприцін қолданады. Липодистрофия болдырмау үшін егу жасайтын жерлерді ауыстырып отыру керек. Қантты диабет ауруының орташа және ауыр түрлерінде емдеу үшін.Инсулин тері астына иықтың сыртқы бөлігіне, санның сыртқы бөлігіне, іш аймағына ( кіндік айналасы ), жамбасқа егіледі. Теріні спиртпен өңдеп, спирттің кебуін күту қажет
Слайд 4
Гепаринді егу ерекшеліктері Гепарин тікелей әсер ететін антикоагулянт: тромбиндің пайда болуын тоқтатады, қанның ұюына кедергі жасайды. Гепарин жедел миокард инфарктісінде, жүрекке және қан тамырларына операция жасағанда, өкпе және ми қан тамырларына тромбоэмболиясында,тамырларына, тромбоэмболия асқынуларының алдын алу және емдеуде қолданылады.. Мөлшері – жеке дәрігер тағайындайды:: 5000 Б әр 4-6 сағатта, күре тамырға, бұлшық етке немесе тері.астына терең енгізіледі.
Слайд 5
Кальций хлориді - дәмі жағымсыз, асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді. Кальций хлоридін көктамыр ішіне өте баяу 5 мл 10 % ерітіндіні 1 мл/мин жылдамдықпен тамшылатып баяу енгізіледі. Бұлшықетке немесе тері астына жіберуге болмайды. Препарат енгізуді аяқтағанннан кейін пациент жатқан қалпында 15-20 мин қалуы керек. Жағымсыз әсерлері:жүрек-қан тамырлар жүйесі тарапынан : артериялық қысымның орташа және қысқа мерзімдік түсіп кетуі, брадикардия, аритмия, ыстықты сезіну.
Слайд 6
Магний сульфаты бұлшықет ішіне 5-20 мл 25 % ерітіндіні түрінде жібереді.Гипертониялық криз болса күретамырға жәймен жібереді.Ерітіндіні аш қарынға іш айдау үшін қолданылады.1 % магний сульфаты асқазан жууда,улану кезінде.эпилепсия ауруында,тырысу кезінде қолданылады.Өт сұйықтығын айдау үшін 1 ас қасық 20-25 % магний ұнтағын суға араластырып қосады.
Слайд 7
Бициллинді енгізу ерекшелігі Бициллин әртүрлі ауруларды (ревматизм,инфекциялық аурулар)емдеу және алдын алу үшін қолданылады.Оның Бициллин-1,Бициллин-3,Бициллин-5 деген түрлері болады,ұзақтығы 4аптаға дейін.Бициллин қатаң түрде иньекция алдында иньекцияға арналған сумен ерітіледі.Оны еріткен кезде суспензия пайда Бициллин тек бұлшық етке енгізіледі.Әсіресе сан бұлшықетке салған тиімді:жүрген кезде қанның циркуляциясы жақсарады,бұл дәрінің қанға сорылуын күшейтеді.Инені бұлшықетке енгізгеннен кейін поршеньді тартып,иненің тамырға түскендігіне көз жеткізіңіз.Дәріні енгізіп болған соң иньекция орнына жылытқыш қойып,науқастың жағдайын бақылау қажет.
Слайд 8: Жүрек гликозидтері
Суда еритіндер : строфантин,коргликон Майда еритіндер : дигидоксин,целанид,дигоксин
Слайд 9: строфантин
Ол миокардтың күшін және жиырылуын күшейтеді, жүрек соғуын азайтады. тамырдан енгізу кезінде 3-10 минуттан кейін әсер етеді, 1-3 күнге дейін созылады. Қолдану көрсетілімдері: - жүрек жеткіліксіздігі – тахикардия,аритмия Строфантин көктамырға 1 мл 0,025% немесе 0,05% ерітінді ампулада шығарылады. Баяу 5-6 минут ішінде жіберу керек, тез жіберсек шоктың дамуын себеб болады, тәуілігіне 1 рет қолданылады, немесе тамшылатып 100 мл изотониялық ерітіндімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен жібереміз. Жүрек гликозидтерінің токсикалық әсері нәтижесінде ас қорту жүйесінің, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар көрудің нашарлауы, жүрек ритмі және өткізгіштігі бұзылуы мүмкін. Строфантин қатаң дәрігердің тағайындауымен жіберіледі. Жүрек гликозидтерін енгізген кезде науқастың жалпы жағдайын, жүрек- қан тамыр қызметін бақылау қажет.
Слайд 10: Коргликон
Әсері строфантиннің әсеріне жақын. Коргликон тікелей Na+, K+ иондарына әсер етеді, ол өз орнында жүрек бұлшық еттеріне әсері зор. Ағзадан зәр арқылы 28 сағат ішінде шығарылады. Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, пароксизмальды қарыншааралық тахикардия Қолдану дозасы : Коргликон 0,06% - 1 мл ерітінді ампулада Көк тамырға 5% - 10-20 мл глюкоза ерітіндісімен бірге тәулігіне 1-2 рет 5-6 минут ішінде енгізіледі. Ағзадан зәр арқылы 28 сағат ішінде шығарылады. Кері әсері: Брадикардия, экстрасистолия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, лоқсу, жүрек айнуы құсу, іштің ауырсынуы, диарея, көрудің нашарлауы
Слайд 11: Пункциялар
Пункция -емдік немесе диагностикалық мақсатпен тінді,мүшені немесе ағзаны инемен немесе троакармен (тескіш) тесу. Емдеу мақсатымен пункцияларды газ,сұйықтық,ірің немесе қанды әр қуыстан немесе мүшелерден шығару үшін және дәрі енгізу үшін өткізеді.
Слайд 12
Плевралық пункция (плевроцентез) –емдеу және диагностикалық мақсатпен плевралдық қуысты тесу. Плевралдық пункция плевралдық қуысты залалсыздандырылған антисептик ерітінділерімен жууға,қуысқа дәрілік заттарды енгізуге,қажетсіз сұйықтықтарды(қаң,ірің,экссудат,транссудат) сипатын анықтауға жағдай жасайды. Плевралдық қуысқа ауа жиналуын- пневмоторакс,қан жиналуын- гемоторакс,ірің жиналуын- пиоторакс,транссудат жиналуын- гидроторакс деп атайды
Слайд 13
Абдоминалдық пункция (лапароцентез)-іш пердеде сұйықтық жиналған кезде (асцит) емдеу және диагностикалық мақсатпен іш перде қуысын тесу.Асцит жүрек жұмысының декомпенсацияға және бауыр циррозға шалдыққанда жиі болады,ал іш перде рак ауруына шалдыққаннан сирек болады.
Слайд 14
Төс-сүйек пункциясы. Микроскопиялық зерттеу үшін төсті тесіп сүйек ішіндегі миды алады да,бұл қан жүйесіндегі әр түрлі ауруларды тануға мүмкіндік береді.Сепсиске қүдікті болған кезде сүйек миына пробиркаға керекті ортада себу жасау арқылы бактериалдық зерттеу жасайды.
Последний слайд презентации: Кейбір дәрілік ерітінділерді енгізу ерекшеліктері. Пункциялар
Люмбалдық пункция (жұлын)-жұлынның,субарахноидалдық кеңістігін теседі,бұл бас сүйек ішіндегі қысымды анықтауға,жұлын ми сұйықтығын (ликвор) алуға жағдай жасайды.Жұлын ми пункциясы бір жерді анестезияның бір түрін өткізу үшін қолданады.