Первый слайд презентации: Кейс тапсырмалары мен оларды шешу жолдары
Пәні: Медициналық психология Тақырыбы: Аутизмді емдеуге бола ма? Кейс тапсырмалары мен оларды шешу жолдары Орындаған: Қабылгалиева Айгерім ПХ(К)–301 Пән оқытушысы: Турманова Ж.Е. Астана – 201 4 ж.
Слайд 3: 1 Кейс
4 жасар Жора өзінің балабақшадағы орта топтың басқа балаларымен бірге серуендеуге жиналды, кенеттен баж етіп шыңғыра салды. Ол истерикаға түсіп, айналасындағы заттарды лақтырып, еденге аунады. Оның жанында жүрген және оған көмектесуге ұмтылган ересектердің әрекеттерінен кейін, ол жаңа күшпен айғайлауға кірісті және басын еденге ұра бастады. Барлық балалар серуендеуге кеткен кезде, Жораның күші қалмай, аздап тыныштанды. Тәжірибелі тәрбиеші Жораның олқылығының себебін “сипалап” іздей бастады. Жораның көзіне қарай отырып, оның берекесін қашыруы мүмкін бүкіл детальдарды атап шықты. Тәрбиеші бір себептен кейін келесі себепті атап отырды, бірақ ол елеңсіз, қатыспай отыра берді. Біраз уақыт өткеннен кейін тәрбиешінің қолынан оның зейінін аудару келді. Тәрбиеші оның гольфысын жөндей бастағанда, оның жаны орнына түсті. Кейін ол еш қарсылықсыз, немқұрайлы серуендеуге баруға келісті.
Слайд 4: Кейс сұрақтары:
Аутизммен ауыратын балаларға тән сипаттамалар қандай? Жораның бұндай реакциясы не үшін туындады (пайда болды)?
Слайд 5: Кейс шешімі
Жалғыздықты жақсы көру, ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу, мимикасының, дауысының, дыбыс ырғағының, ым-ишараларының болмауы, біркелкі қимылдарды қайталай береді, кішкене өзгерістердің өзі зақымдаушы фактар болып табылады. Аутизмі бар балаларда бұндай реакциялар жаңа киімге, жиһаздар орнының ауысуына, бөгде адамдардың қатысуы кезінде, теледидар дыбысына, таныс емес әуенге, шаңсорғыштың гуіліне байланысты туындауы мүмкін. Жораның жағдайында оның гольфы жаңа және дұрыс киілмеген, әрі көпшілік ортасын жақтыра бермейтіндіктен, осындай олқылықтар орын алып отыр.
Слайд 6: 2 кейс тапсырмалары
Аутизм нақты симптом ретінде қай жастарда қалыптасады? Аутизм қандай себеп-салдарға байланысты болады? Аутисттердің танымдық процестерінің қызметі қандай?
Последний слайд презентации: Кейс тапсырмалары мен оларды шешу жолдары: 2 кейстің шешімі
Аутизм нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Зерттеулер бойынша аутизммен ауыратын балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан, тұқым қуалаушылық фактордың әсерінен, мидың органикалық зақымдалуынан болады. Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм және эхолалия жиі пайда болады және олардың есте сақтау қабілеті жоғары. Аутизмі бар балалардың ең күрделі мәселесі – оның зейінін аударуы мен тұрақтылығы. Зейіні: ырықты зейінде баланың әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы жүзеге асырылады; ырықсыз зейін бала өмірінде елеулі орынға ие, әрі балаға әртүрлі жағдайлар мен себептер әсер етеді; үйреншікті зейін кезінде баланың күнделікті әдетіне айналып кеткен әрекеттерін жасайды, оған арнайы күш жұмсау қажет емес. Ойын процесі: аутизмі бар бала бір орнында отырып ойнай алмайды және ұзақ уақыт бір нәрсемен шұғылдана алмайды. Ойын процесі арқылы баланың ұсақ моторикасын дамытуға болады.