Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы — презентация
logo
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы
  • Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы
  • Жоспар:
  • Медициналық этика және деонтология
  • Тарихи мәліметтер
  • Медициналық этиканың маңызы
  • Медициналық этика Практикалық Ғылыми
  • Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғааралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
  • “Медбике- Дәрігер” арасындағы қарым -қатынастар
  • “Медбике- Медбике” арасындағы қарым қатынастар.
  • « Медицина қызметкері – емделушінің туыстары » арасындағы қарым- қатынастар.
  • Этикалық қағидаттар
  • Қарапайымдылық қағидасы
  • Автономия қағидаты
  • Әділдік қағидаты
  • Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты
  • Субординация
  • Медицина қызметкерінің өзін- өзі ұстау мәдениеті
  • “Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бағынған құл болмайды!” Б. Момышұлы.
  • Назарларыңызға рақмет!
1/19

Первый слайд презентации

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-тарауы, 184-бабына сәйкес, медицина қызметкерінің этика және деонтология негіздері

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар:

1. Этика және деонтология ғылымы. 2. Медициналық этиканың негізгі бағыттары. 3. Медициналық этиканың қағидалары. 4. Деонтология ғылымының маңызы. 5. Қорытынды ( тұжырым).

Изображение слайда

Этика латын тілінде ethica, тілінен ethice –адамгершілікті зерделеу, деонтология грек тілінен deon - парыз деген мағынаны білдіреді, яғни бұл- медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы адамгершілік пен парыздан тұратын нормалар мен қағидаттар жиынтығы.

Изображение слайда

Слайд 4: Тарихи мәліметтер

Алғаш рет Гиппократ өзінің атақты “антында” Дәрігер ұстанымының моральдық – этикалық және адамгершілік нормаларын белгілеген. Гиппократтың ұлылығы бәрінен бұрын адамгершілікті алға шығаруында, ол адамды табиғаттың тәжі деп санаған. Деонтология ұғымын ХІХ ғасырдың басында ағылшын философы Джереми Бентам дәрігердің кәсіби ұстанымы туралы шарт ретінде дағдыға енгізді. Гиппократ Джереми Бентам (Дәрігер және философ) (Ағылшын философы)

Изображение слайда

Этика – бұл медицина қызметкерлеріне жоғарғы гуманистік, моральдық- этикалық талаптар, кәсіби деңгейін ұдайы жетілдіру, патриотизмге тәрбиелеу мен қалыптастырудың, халыққа, өз ісі мен парызына берілгендік болып табылады. Сырқатты емдеу барысында, емделушінің бойындағы дертінің емге көнетіндігі туралы сенім мен үмітті нығайту медициналық деонтология әдістерінің негізі болып табылады.

Изображение слайда

Кәсіби медициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибе саласы Медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы. Кәсіби медициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибе саласы.

Изображение слайда

Медициналық қызметкер – емделушінің туыстары. Медициналық қызметкер – емделуші. Медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.

Изображение слайда

Слайд 8: Медбике- Дәрігер” арасындағы қарым -қатынастар

1. Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлеуге тыйым салынады. 2. Дәрігерлік тағайындаулар уақытылы, нақты және кәсіби орындалуы тиіс. 3. Науқастың денсаулығында кенеттен болған өзгерістерді дәрігерге жедел түрде хабарлауы тиіс. 4. Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда, қасында науқас жоқ жағдайда, сыпайы түрде дәрігермен мән- жайды талқылауы қажет.

Изображение слайда

Слайд 9: Медбике- Медбике” арасындағы қарым қатынастар

1. Өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс. 2. Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уаққытта, әдепті түрде айтылуы тиіс. 3. Тәжірибелері мол медикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет. 4. Қиын жағдайларда ( науқасқа, қағамдық іс- шараларда т.с.с) бір- біріне көмектесулері қажет.

Изображение слайда

Слайд 10: Медицина қызметкері – емделушінің туыстары » арасындағы қарым- қатынастар

1. Ұстамдылықты, сабырлықты, тыныштықты, әдептілікті сақтауы қажет. 2. Ерекше күтімді қажет ететін науқастарға емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс. 3. Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, және ерекше күтімді қажет ететін науқастарды дұрыс күте білу ережелерін туыстарына шыдамдылықпен үйрете білуі қажет.

Изображение слайда

Слайд 11: Этикалық қағидаттар

Қарапайымдылық Автономия Әділеттілік Толыққанды медициналық көмек

Изображение слайда

Слайд 12: Қарапайымдылық қағидасы

“Мен емделушіге мейіріммен қараймын, ең болмағанда зиян келтірмеймін” Қарапайымдылық дегеніміз – емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарап, емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталған нақты, оңтайлы әдістерді қолдана білу!

Изображение слайда

Слайд 13: Автономия қағидаты

Медициналық көмектің құпиялылығын, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзге де көқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, емделушінің өз бетімен немесе заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты.

Изображение слайда

Слайд 14: Әділдік қағидаты

Медицина қызметкері- науқастың мәртебесіне, әлеуметтік жағлайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және ауырлық дәрежесіне қарай көмек көрсете білуі тиіс. Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкері арасында кикілжің туындаған жағдайда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, шешім шығарған жөн.

Изображение слайда

Слайд 15: Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты

Кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтау саласының барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі мен медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.

Изображение слайда

Слайд 16: Субординация

Қызметіне, лауазымына қарай қызметтестердің бір-біріне бағынуы. Бұл сөз латын тілінен аударғанда « subordinatio »   сөзі «тәртіпке келтіру » деген мағынаны береді. Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл- күйін, қорқыныш- уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты - дәрігердің, мейірбикенің, науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі.

Изображение слайда

Слайд 17: Медицина қызметкерінің өзін- өзі ұстау мәдениеті

Ішкі мәдениет 1.Сыпайылық - адамның әсемдігі мен күшін білдіреді. 2.Шынайылық - медицина қызметкерінің ең жоғары деңгейі, ішкі белгілерінің негізі. Цицерон айтқандай шынайылықтың екі бастауы бар, бұл: “Ешкімге зиян келтірмеу және қоғамға пайда келтіру” 3.Шындық - медицина қызметкерінің күнделікті ісі мен ойының негізі. 4.Мейірім- жақсы адамның ішкі мәдениетінің негізгі қасиеті. Бұл қоршаған ортадағы адамдарға жақсы көзқараспен, олардың қайғы мұңын түсініп, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге сөзімен, ісімен дайын тұратын адам. Сыртқы мәдениет 1.Сыртқы көрінісі- медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киіміне қойылатын талап- тазалық және қарапайымдылық, бояулардың және тым сәндеуіш заттардың аздығы, медициналық форма, екінші ауысымдағы аяқ киім. Есте сақтаңыздар ! Медициналық форма әшекейлеуді қажет етпейді. 2. Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениеттің екінші негізгі бөлігі болып табылады. Медицина қызметкерінің сөзі қатты емес, түсінікті, эмоциональды болу керек. Науқасқа байланысты мынандай сөздерді қолданбау керек: “апатай”, “қарағым” және т. б. Кейде науқас туралы “диабетик”, “язвенник”, “астматик” және т.б сөздерді естуге болады. Бұл науқастардың кұлағына жағымсыз естіліп, медициналық қызметкерге сенімсіздікпен қарап, нәтижесінде медициналық қызметкер мен емделуші арасы алшақтап, науқастар тарапынан кері көзқарас пайда болады.

Изображение слайда

Слайд 18: Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бағынған құл болмайды!” Б. Момышұлы

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы: Назарларыңызға рақмет!

Изображение слайда

Похожие презентации