Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы — презентация
logo
Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
  • Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
1/38

Изображение слайда

Слайд 2

Кіріспе Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы Химиялық өндіріс жұмысшыларының негізгі кәсіптік топтарының сипаттамасы Химия өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтардың гигиеналық сипаттамасы Химия өндірісінің кәсіптік зияндылықтарының жұмысшылар организміне әсері Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының сауықтыру шараларының негізгі бағыттары

Изображение слайда

Слайд 3

Химиялық өнеркәсіп металлургия, машина жасау және электроэнергетикамен қатар Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің негізгі саласы болып табылады. Химиялық өнеркәсіп саласының көптеген өнімі республиканың ауыл шаруашылығында кең қолданылады. КІРІСПЕ

Изображение слайда

Слайд 4

Қазақстанда әртүрлі химиялық өндіріс бар: химиялық тыңайтқыштар (Жамбыл, Шымкент қ.), синтетикалық каучук және резинатехникалық бұйымдар өндірістері, коксохимиялық ( Теміртау, Сарань қ.), синтетикалық жуғыш заттар (Шахтинск қ.), күкірт қышқылдық өндіріс (Балхаш, Жезқазған қ. ), мұнай-газ кәсіпорындары (Атырау, Павлодар қ.) және басқа да химиялық өнеркәсіп зерзаттары. Еліміздің химиялық кәсіпорындарында көп жұмысшылар еңбек етеді. КІРІСПЕ

Изображение слайда

Слайд 5

Қазіргі уақытта химиялық индустрия өнеркәсіптің жоғарғы автоматтандырылған саласының бірі. Осыған байланысты химиялық өндіріс кәсіпорындарында соңғы он жылдыққа еңбек жағдайы біршама жақсарды, жедел және созылмалы уланулар саны күрт төмендеді. КІРІСПЕ Сонымен бірге жоғарғы улылық әсері бар көптеген химиялық қосылыстарды қолдану, қоршаған орта және тұрғын халық, жұмысшылар денсаулығына қолайсыз әсерінің болуы химиялық өнеркәсіпті потенциалды қауіпті етеді.

Изображение слайда

Слайд 6

Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы Химиялық өнеркәсіп орындарына әртүрлі шикізат және материалдарды өңдеудің химиялық әдістері басым болатын өндірістер кешені жатады. Химиялық өнеркәсіптің келесі негізгі өндірістерін ажыратады : бейорганикалық қышқылдар, негіздер, тұздар және басқа да бейорганикалық қосылыстар шығаратын негізгі химия өндірісі ; органикалық синтез кәсіпорындары, бұнда органикалық заттардың көптеген түрін өндіреді : қышқылдар, спирттер, еріткіштер ; жасанды және синтетикалық талшықтар, жіптер – лавсан, капрон, вискоз және т.б. өндірістері; синтетикалық каучук, пластмасса, синтетикалық шайыр шығаратын өндірістер; резиналық аяқ-киімдер, резинатехникалық бұйымдар және шиналар өндіретін кәсіпорындар; анилин бояулары, лакбояу материалдарын шығаратын өндірістер ; дәрі-дәрмек және басқа препараттар шығаратын химико-фармацевтикалық зауыттар ; минералды тыңайтқыштар және пестицидтер өндіретін зауыттар мен комбинаттар.

Изображение слайда

Слайд 7

Химиялық өндірістің көп түрлілігіне қарамастан олардың ортақ қасиеттері көп. Гигиеналық жіктеу бойынша барлық технологиялық процестер және операциялар келесі кезеңдерге бөлінеді: Дайындық операциялары (ұсақтау, дозалау, бастапқы материалдарды фракцияларға бөлу және елеу, тасымалдау ). Химиялық процестер (тотығу, тотықсыздану, хлорлау, нитраттау, электрохимиялық процестер және т.б.). Химиялық компоненттерін бөлу (ректификация, центрифугалау, фильтрация, экстракция, кристаллизация және т.б.). Қорытынды операциялар ( кептіру, ұсақтау, орап қаптау және сақтау ). Қосымша операциялар (технологиялық сынамалар алу, катализаторларды ауыстыру, алдын алу және апаттық жөндеу жұмыстары және т.с.с.). Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 8

Технологиялық процестер өзінің сипаты бойынша кезеңдік және үздіксіз, көп кезеңді және аз кезеңді, горизонтальды және вертикальды болып бөлінеді. Қазіргі заманғы ірі тонналық өндірістің көбіне тұйық үздіксіз циклдар тән, бұл цикл қоршаған орта және жұмыс зонасы ауасына зиянды зат бөлінуін болдырмайды. Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 9

Кезеңдік процестер әлі де аз тонналық өндірісте қолданылады. Бұл процестер аппаратураларды ашу, шикізат, реакциялық массаны, жартылай өнімдерді және соңғы өнімді түсіру және тиеумен байланысты, яғни өндірістік бөлме ауасына зиянды заттар түсу қаупі болады. Бұл процестер көп жағдайда нашар механикаландырылған / автоматтандырылған көп жұмысшы санын қажет етеді көптеген ауыр қол жұмыстарының болуымен ерекшеленеді жұмыс зонасы ауасының, арнайы киім және жұмысшылардың тері жабындыларының ластануымен бірге жүреді нәтижесінде оларға зиянды заттар әсер етеді. Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 10

Өндірістегі үздіксіз процестердің прогрессивті және кезеңді процестермен салыстырғанда технико-экономикалық және гигиеналық артықшылығы бар: кешенді механикаландыру және автоматтандыру, қызмет етуші жұмысшы санының қысқаруы, жабдықтардың өнімділігінің жоғарылау мүмкіндігі, шығарылатын өнімнің сапасының жоғарылауы. Технологиялық процесті қашықтан басқару және автоматтандыру мүмкіндігінің маңызы ерекше - бұл жұмысшылардың зиянды заттармен жанасуын біршама қысқартады. Ү здіксіз процесс аппараттардағы тұрақты технологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді (температура, қысым ), нәтижесінде аппаратураның сақталуын жеңілдетеді және зиянды заттардың шығуы азаяды. Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 11

Төмен температуралы, жоғары температуралы, каталитикалық, каталитикалық емес, электрохимиялық және т.б. процестерді ажыратады. Гигиеналық жағынан жоғары атмосфералық қысыммен жүргізілетін процестер қолайсыз болып келеді. Мұндай процестер кезінде аппаратураның тығыз еместігінен зиянды заттар бөлінуі жиі байқалады. Бұған аппараттардағы реакциялы қ массаның температурасының жоғарылауы көп дәрежеде ықпал етеді. Қазіргі заманға сай химиялық процестер атмосфералық қысымнан төмен қысымды аппаратурада немесе төмен температурада және вакуумда жүргізілетін процестер болып табылады. Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 12

Соңғы жылдарда химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіпте каталитикалық процестер қолданылуда. Катализатор ретінде көптеген металдар қолданылады – платина, күміс, никель, кобальт, молибден, хром, вольфрам және т.б. Каталитикалық процестердің жоғары жылдамдықта өтуі соңғы өнімдердің шығымын көбейтеді және жабдықтардың өнімділігін жоғарылатады: бұл процестердің гигиеналық артықшылығы олардың қарапайымдылығында (бастапқы материалдардың санын және аралық операцияларды шектеу ). Бұл процестегі қолайсыз операциялар : жұмыс зонасы ауасына зиянды заттар түсуімен және аппаратураны ашумен байланысты операциялар, катализаторды тасу және түсіру жатады. Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 13

Химиялық өнеркәсіпте пайдаланылатын әртүрлі шикізаттар былай жіктеледі : а) шығу тегі бойынша – минералды, өсімдік тектес, жануар тектес ; б) химиялық құрамы бойынша – органикалық және бейорганикалық ; в) агрегаттық құрамы бойынша – қатты, сұйық және газ тәрізді. Химия өндірісіндегі негізгі технологиялық процестер мен жабдықтардың гигиеналық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 14

НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Химия кәсіпорындарындағы еңбектің гигиеналық жағдайы мынаған тәуелді : пайдаланылатын шикізатқа; өндірістік процестерді ұйымдастыруға; қолданылатын аппаратура және жабдықтарға ; механикаландыру және автоматтандыру дәрежесіне; территорияның орналасуына ; ғимарат ішіндегі жоспарлық шешімдерге.

Изображение слайда

Слайд 15

Химия өндірісіндегі басты қолайсыз фактор көп жағдайда химиялық фактор болып табылады ластану жұмыс алаңының ауасы, өнеркәсіптік алаң жұмысшылардың тері қабаттары, киімдері бөлменің сыртқы қоршаулары және жабдық беттерінің Үрдістер фильтрация, тасымалдау, өнімді ыдыстарға салу және аппараттарды қалдықтардан тазарту жоғары температура, жоғары қысым, герметкалық емес аппараттар мен коммуникациялар Жабдықтар дезинтеграторлар, уатқыштар, диірмендер, шнектер, ұнтақ материалдарды тасымалдауға арналған элеваторлар технологиялық тәртіптің бұзылуы, технологиялық сынаманы толтыру кезінде сұйықтықтың сыртқа ағып кетуі коммуникациялардың бүтіндігінің бұзылуы және басқа апаттық жағдайлар НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 16

Гигиеналық тұрғыдан, аппаратураны жөндеу мен тазалау және апаттық жұмыстар жүргізу операцияларының маңыздылығы үлкен, бұл кезде әртүрлі зиянды заттар мен жұмысшылардың жанасуы байқалады. Жабдықтардың ішінде орындалатын операциялар аса маңызды. Апаттар жиі технологиялық тәртіп параметрлерінің бұзылуымен байланысты, нәтижесінде аппараттағы температура және қысым өзгереді. Бұл аппараттар және коммуникациялардың герметикалығының бұзылуына әкеледі ( асып ағып кету (перелив), сальниктің түсуі ) және зиянды заттардың жұмыс бөлмесіне түсуіне әкеп соғады. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 17

Бөлмедегі зиянды заттар концентрациясы химия өндірісінің эксплуатация кезеңіне де байланысты. Әсіресе, гигиеналық жағынан қолайсызы іске қосу - баптау кезеңі. Бұл кезең қызмет етуші персоналдың басқару дағдыларының жетік болмауымен, технологиялық процестің тұрақтылығымен, өндірістік ортаның ластану мүмкіндігімен сипатталады. Осыған байланысты эксплуатацияның гигиеналық маңызды келесі кезеңдерін ажыратады – іске қосу - баптау, тұрақты және жөндеу жұмыстары. Бұл кезеңдер еңбек қауіпсіздігін дифференциалды санитарлық-гигиеналық және профилактикалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету эксплуатацияның тұрақты тәртібіндегі еңбек жағдайы сияқты болуы тиіс. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 18

Химия өнеркәсібінде ауа ортасы әртүрлі химиялық заттар жиынтығымен ластанады. Олардың көп мөлшері соңғы өнім әртүрлі шикізаттан, қоспа, катализатордан алынатын синтез процестерінде болады. Ауада біруақытта әртүрлі агрегаттық күйдегі – бу, газ, аэрозоль көптеген заттар және де бір-бірімен әсерлеу нәтижесінде түзілген қосылыстар немесе термиялық ыдырау өнімдері кездеседі. Ауаға түскен зиянды заттар әрі қарай бір-бірімен әсерленіп тотығу, гидролиз және басқа өзгерістерге ұшырайды. Салыстырмалы тығыздығы ауадан жоғары бу және газдар төменгі бөлікте жиналады, ал бөлменің вертикальды жоспарлануы кезінде жоғарғы қабаттан төменге ауысады. Бірақ ауаның жылу конвективтік ағыны болса кері процестер болуы мүмкін. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 19

Өндірістік бөлменің ауасына жалпы улы әсер ететін улы заттармен бірге мутагенді, эмбриотропты, тератогенді, аллергиялық, канцерогенді әсер көрсететін заттар бөлінеді. Зиянды заттардың канцерогенді әсері анилинді бояу өнеркәсібі кәсіпорындары, пластмасса өндірісі ( поливинилхлоридтер ), резина-техникалық бұйымдар, жану процесі қолданылатын ( тас, көмір, мұнай ) өндірістерге тән. Жұмысшыларды қатерлі жаңа түзілімдер дамуына әкелуі мүмкін заттар : бензидин, бензол, винилхлорид, хром, никель, мышьяк, тас көмірді айыру өнімдері және т.б. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 20

Шаң - көптеген химиялық зауыттарда орын алатын зиянды фактор. Бұл фактор көп дәрежеде бастапқы ( шикізатты өңдеу ) және соңғы ( кептіру, бөлу және т.б.) технологиялық процесс кезеңдерінде айқын болады. Бөлінетін шаң дисперстілігі әдетте жоғары: құрамында мөлшері 5 мкм аз бөлшектер көп болады. Зиянды заттардың газдары мен буларын жақсы сорбциялайтын шаң деммен түсіп, десорбция нәтижесінде сол заттардың организмге түсуінің қосымша көзі болып табылады. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 21

Физикалық факторлардан тұрақты болатын шу, діріл және қолайсыз метеожағдайлар. Химиялық зауыттағы шу және дірілдің негізгі көзі бұл әртүрлі технологиялық жабдықтар: уатқыш, элеватор, кептіргіш барабан, желдеткіш, центрифуга, компрессорлар және т.б. Бұл жабдықтардың шу интенсивтілігі 90-100 дБА және одан да жоғары болуы мүмкін. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 22

Өндірістік бөлмеде метеорологиялық жағдай технологиялық процестің сипатына байланысты анықталады. Ауа температурасы кейбір учаскеде +30 0 С-қа жетуі мүмкін. Қолайсыз микроклимат себептері – аппарат және коммуникациялардың жылу оқшаулауының жеткіліксіз болуы, жабдықтардың өте тығыз орналастырылуы, желдету жүйесінің тиімсіздігі. Жабдықтар мен коммуникациялар беттерінің жылуды оқшаулау жеткіліксіздігі тек конвекциялық қана емес, радиациялық жылудың да көзі болуы мүмкін. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 23

Бірқатар химия өндірістеріне жабық бөлмелерден сыртқы қондырғыларға жиі ауысу қажеттілігімен байланысты жұмысшыларға ауа температурасының кенет ауысып отырып әсер етуі тән. Жұмыстың кейбір учаскелерінде, әсіресе бастапқы кезеңдерде (қойма, уату, ұнтақтау бөлімдерінде ) және де сыртқы қондырғылармен жұмыс істегенде жұмысшылар суық мезгілде төмен температуралы және ауа қозғалысы жылдамдығы үлкен болатын салқындатушы микроклимат әсеріне ұшырайды. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 24

Центрифугалау, сүзу, тұндыру және басқа операциялар кезінде артық мөлшерде ылғал бөліну кездеседі, соған байланысты ауа ылғалдылығының жоғары болуы байқалады. Қазіргі заманғы химиялық зауыттарда өлшегіш аппаратураларда және катализатор ретінде радиооактивті заттар қолданылады. Химиялық цехтарда электрлік, механикалық, термиялық және химиялық жарақат алу қаупі жоғары. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 25

Осылайша химия өнеркәсібінің жұмысшылары әртүрлі химиялық және физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсеріне ұшырауы мүмкін. Бұл әсерлер қосарланған, бірлескен және кешенді сипатта болып, жұмысшылар өндірісте және одан тыс жерлерде (өндірістік алаңда, тұрғылықты жерде ) әсеріне ұшырайды. Мұндай әсер, бөлек фактордың жоғары асып кетуі болмаса да назардан тыс қалмауы тиіс. НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Изображение слайда

Слайд 26

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Организмге әсер ету дәрежесі бойынша барлық өнеркәсіптік улар 4 қауіптілік класына бөлінеді : Қауіптілік класы 1 2 3 4 Аса қауіпті Қауіптілігі жоғары Қауіптілігі орташа Қауіптілігі АЗ ШРЕК, мг/м 3 0,1-ден аз 0,1-1,0 1,1-10,0 10-нан көп

Изображение слайда

Слайд 27

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Жұмыс зонасы ауасында біруақытта әсері бір бағытты бірнеше зиянды заттар болғанда ауа ортасын тәжірибелік гигиеналық бағалау үшін мына формула қолданылады : С 1 ШРЕК 1 С 2 ШРЕК 2 С n ШРЕК n + + … ≤ 1 Жұмыс зонасы ауасында біруақытта бірбағытта әсер етпейтін зиянды заттар болғанда, ШРЕК оқшауланған әсер кезіндегідей қалады.

Изображение слайда

Слайд 28

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Химиялық заттар организмге ингаляциялық, тері арқылы және пероральды түседі. Улы заттардың жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабаты арқылы сіңірілуі организмге олардың түсуінің негізгі және жылдам жолы. Көптеген улы заттардың булары организмге өкпе арқылы және тері арқылы да түсуі мүмкін. Өнеркәсіптік улар тері бетіне шаң, сұйықтық, паста күйінде түсуі мүмкін. Бұл жағдай жөндеу жұмыстары кезінде заттарды аппаратурадан түсіру және тиеу жұмыстары кезінде жұмысшы затпен тікелей жанасуынан және де жеке басты қорғау заттарымен қорғалмаған қол терісінің ластануы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 29

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Потенциалды қауіпті болып тек майларды ғана емес және де суда ( қанда ) еритін қабілеті бар зиянды заттар табылады. Терінің зақымдануы организмге улы заттардың енуіне себеп болады. Тері жабындысының ластануы 2 жолмен жүруі мүмкін : ластанған заттармен ( жабдықтар, қоршаулар т.б.), зиянды заттармен тікелей жанасу нәтижесінде немесе тері және арнайы киім арқылы заттардың сорбциясы есебінен.

Изображение слайда

Слайд 30

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері зиянды заттардың әсер і Жедел улану зиянды заттың жұмысшыға бір рет немесе бір ауысым бойы әсер етуінен соң пайда болатын ауру. Осындай улану салдарынан жылдам сауығуы, өлім немесе денсаулықтың тұрақты бұзылуы болуы мүмкін Созылмалы улану зиянды заттың аз концентрациясы немесе дозасы ұзақ уақыт әсер етуінен дамитын ауру. Өндірісітік улар үшін тек созылмалы уланулар тән. апаттар, технологиялық тәртіптің бұзылуы, өнеркәсіптік санитария және техника қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы нәтижесінде зиянды заттың мөлшері ШРЕК-дан ондаған, жүздеген рет асып кетуі кезінде болады

Изображение слайда

Слайд 31

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Өндірісітік улар организмге спецификалық әсер көрсетуі мүмкін : гонадотропты, мутагенді, тератогенді, эмбриотропты, канцерогенді әсерлер және де ерте қартаю, атеросклероздың тереңдеуі және аллергоздар дамуы. Химия өнеркәсібінің дамуына қазіргі заманғы кезеңі үшін кәсіптік аурулардың жасырын, әлсіз түрлері дамуы және спецификалық емес поолиэтиологиялық аурулар санының өсуіне ( невротикалық синдром, жүрек-қан тамыр аурулары т.б.) әкелетін аз интенсивті химиялық факторлардың әсері тән.

Изображение слайда

Слайд 32

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Өнеркәсіпте кең таралған қарапайым химиялық аллергендерге металдар (хром, кобальт, никель, берилий, платина т.б.), формальдегид, фтал және малеин ангидридтері, эпихлоргидрин, изоцианаттар, фуран қосылыстары, хлорланған нафталиндер, каптакс, тиурам, триэтаноламин, антибиотиктер, көптеген дәрілік препараттар және т.б. жатады. Бұл қосылыстар өзі жеке немесе күрделі химиялық композиция құрамында сенсибилизациялық әсер көрсетуі мүмкін. Аллергендердің үлкен тобын формальдегид, эпихлоргидрин, кремний органикалық қосылыстар, изоционат, винилхлорид, фуран негізіндегі жасанды полимерлік материалдар құрайды.

Изображение слайда

Слайд 33

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Химиялық заттар және химиялық заттар тобы канцерогенді қауіптілік дәрежесі бойынша 2 үлкен топқа бөлінеді : 1 топ – адамға канцерогенді екендігі дәлелденген заттар, 4-аминодифенил, мырыш және оның қосылыстары, асбест, бензол, бензидин, хром және оның кейбір қосылыстары, спирт, 2-нафтиламин, күйе, смола және минералды майлар, винилхлорид. 2 топ – адамға канцерогенді болуы ықтимал заттар (2 топқа бөлінеді ): 2А – ықтималдылығы жоғары және 2Б топшасы – ықтималдық дәрежесі жоғары емес. 2А топшасына : акрилнитрат, бенз (а) пирен, берилий және оның қосылыстары, диэтилсульфат, никель және оның кейбір қосылыстары жатады. 2Б топшасына : амитрол, аурамин, кадмий және оның қосылыстары, 4-хлорлы көміртегі, хлороформ, хлорфенол, дибромтан, ДДТ, гербицидтер және т.б. жатады.

Изображение слайда

Слайд 34

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Химиялық канцерогендерге циклдік аминдер, полициклді ароматты көмірсутектер, алкилдеуші агенттер, хлор туынды көмірсутектер (винилхлорид), кейбір металдар, талшықты материалдар (асбест) және т.б. жатады. Өнеркәсіптік канцерогендер түрлі онкологиялық ауруларды шақыруы мүмкін, олардың ішінде : жоғарғы тыныс жолдары және өкпенің қатерлі ісігі, бауырдың ангиосаркомасы, қуықтың қатерлі ісігі, лейкоздар, сүйектің ісігі, асқазанның қатерлі ісігі ( хромнан ).

Изображение слайда

Слайд 35

Кәсіптік зияндылықтардың жұмысшылар организміне әсері Зиянды заттардың басқа факторлармен бірлесіп әсер етуі кезінде олардың әсері сол факторлардың жекелеп әсер етуінен де жоғары болуы мүмкін. Бұдан басқа физикалық факторлар интенсивтілік деңгейіне байланысты химия өнеркәсібі жұмысшыларында қандай да бір кәсіптік патологияға әкелуі мүмкін ( кәсіптік кереңдік, діріл ауруы, фотодерматит және с.с.).

Изображение слайда

Слайд 36

Сауықтыру шараларының негізгі бағыттары Кәсіпорындардағы сауықтыру шараларының құрамында ұйымдастыру-технологиялық, гигиеналық, санитариялық-техникалық, емдеу - алдын алу сипаттағы шаралар болуы тиіс. Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінде ұйымдастыру-технологиялық сауықтыру шараларының ішінде кең қолданылатыны : улы заттарды улылығы аз заттармен алмастыру ; шаңды материалдарды өңдеудің құрғақ әдісін ылғалды әдіспен ауыстыру ; соңғы өнімді шаңсыз түрінде шығару; жұмысшылардың зиянды заттармен жанасуын болдырмайтын өндірістің прогрессивті технологиясын қолдану; өндірістік бөлме ауасы және зауыт алаңының атмосферасына зиянды зат бөлінуін болдырмайтын коммуникация және жабдықтарды пайдалану ; технологиялық процесс регламентінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

Изображение слайда

Слайд 37

Сауықтыру шараларының негізгі бағыттары Еңбек жағдайын сауықтырудың радикалды жолы болып технологиялық процестерін зиянды химиялық компонентті толығымен алып тастау болып саналады. Бірақ химиялық затты зияндылығы аз затпен ауыстыру, затты толығымен алып тастау бұл барлық жағдайларда технологиялық тұрғыдан мүмкін бола бермейді. Мұндай жағдайда еңбек жағдайын сауықтырудың міндеті өндірістік жабдықтарды және технологиялық процесті жетілдіру шараларын енгізу, дайындау есебінен зиянды заттардың сыртқы орта зерзаттарында болуын қауіпсіз шекке дейін төмендету болып табылады. Осындай шаралар санына өндірістің тұйық және қалдықсыз циклын қолданып, өндірістік процестерді автоматтандыру және кешенді механикаландыру, жетілдірілген өндірістік жабдықтарды енгізу және дайындау, қашықтан басқаруы бар үздіксіз химиялық процестерге ауысу немесе автоматтық бақылауды енгізу жатады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы

Сауықтыру шараларының негізгі бағыттары Вакуум немесе төмен қысымды процестерді қолдану, ескірген жабдықтарды өз уақытында ауыстыру, технологиялық процестің тәртібінің бұзылуымен күрес жүргізу және технологиялық регламенттердің қатаң сақталуына көп көңіл бөлінуі тиіс. Гигиеналық сипатты сауықтыру шаралары химиялық заттардың жаңа токсикологиялық бағалануына, шикізат және дайын өнімді стандарттау, ауадағы зиянды заттарға әрдайым бақылау жүргізуге негізделетінін есте сақтау қажет.

Изображение слайда

Похожие презентации