Первый слайд презентации
КІРІСПЕ Хирургия және хирургиялық аурулар туралы түсінік
Слайд 2
«Хирургия» қол еңбегі, қол өнері, шеберлік дегенді білдіреді. Хирургия туралы мұндай тар түсінік - осы тақырыптың мазмұнына сәйкес келмейді, тек таза тарихи маңызы бар,алғашында хирургтердің көмегі қол еңбегін пайдаланып-шыққан буынды орнына салу,жараларды өңдеу және қан шығару секілді жұмыстармен шектелген кезде қалыптасқан.
Слайд 3
Қазіргі уақытта хирургия- медицина ғылымының жетекші салаларының бірі ретінде түсіндіріледі, негізгі тәсілі - тінге механикалық әдіспен әсер етіп, көбінесе (ота жасау арқылы) өзгерген ошақты ашып, тазартып, қалпына келтіру. Әсер ету қолмен немесе арнайы аспаппен іске асырылады.
Слайд 4
Хигруриялық ауруларды келесі топтарға бөлуге болады: 1. Ақаулар мен кемістіктер (туа бітті анустың болмауы, қатты таңдайдың жарығы, туа біткен жүрек ақаулары және т.б.). 2. Зақымдану (жаралар, буындардың шығуы, сынықтар, күйіктер, үсулер, электр жарақаттары). 3. Хирургиялық инфекция (абсцесс, флегмона, остеомиелит, сүйек-буын туберкулезі және т.б.). 4. Ісіктер (қатерлі және қатерсіз). 5. Өлі еттену. 6.Іргелес аурулар, сатысына қарай және асқынуларына байланысты хирургтер терапевтпен бірлесіп емдейді (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, өкпе абсцессі, өт қабының қабынуы және басқалар).
Слайд 5
Хирургияның жетістіктеріне байланысты кейбір терапиялық аурулар хирургиялық ота жасау арқылы емделуде. (мысалы, туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауы). Трансплантологияның дамуына байланысты мүшелермен тіндерді ( бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек ) ауыстыруға ( пересадка) хирургия үшін көп мүмкіндіктерге жол ашылды.
Слайд 6
Хирургия тарихы. Хирургияның тарихи жолы неше мыңдаған жылмен есептелінеді. Ежелгі Мысырда хирургияның жоғары деңгейде дамығаны белгілі. Қазба кезінде тас дәуіріндегі адамдардың трепанациялық тесіктері бар (жасанды түрде жасалған) бас сүйегі табылды. Ежелгі Мысырда аяқ-қолды кестіру (ампутациясын ), тартыру (кастрациясын ), ұзын түтік тәрізді сүйектердің сынуы кезінде қозғалмайтын таңғыштарды салу техникасын меңгерген. Ежелгі үнділер хирургиялық инелерді қолданып, тіндерді тігу техникасын әзірледі. Оларда пластикалық оталар жасауға – (мұрынды жасағанда пайдаланылатын «индиялық» аяқты жапырақты ( лоскут на ножке) тәсілі)әртүрлі хирургиялық аспаптары болды.
Слайд 7
V ғасырда біздің дәуірге дейін Ежелгі Грецияның ұлы дәрігері Гиппократ ғылыми медицина мен хирургияның негізін қалады. Оның ғылыми жұмыстары орыс тіліне аударылған. Гиппократ іріңді жараларды емдеу, қан тоқтату әдістемесін әзірледі. Операцияға дайындық кезінде ол қатаң тазалықты сақтауды,таза жаңбыр суын қолдануды ұсынды. Сынықтарды емдеуде ол жақтауды (шиналарды), тартып қоюды ( вытяжение ), уқалауды(массаж), жаттығулар жасауды (гимнастика) пайдаланды, оның хирургиялық техникасы өте жоғары деңгейде болды.
Слайд 8
Әйгілі француз хирургі Амбруаз Паре (1517-1590) жатады. Ол оқпен атылған жараға ілім жасады. Оның үлкен еңбегі - ампутация техникасын жетілдіру және қан тамырларын байлау. Парацельс (1493-1541) жараларды емдеуде үлкен тәжірибеге ие болды. Теориялық және практикалық медицинаны дамыту үшін химияның жетістіктерін пайдалана отырып, жарақатты емдеудің жолын анықтады, таңуға бітістіретін дәрі дәрмектердің қолдану әдістемесін жасады.
Слайд 9
1846 жылы химик Джексон мен тіс дәрігері Мортон эфир буының ингаляциялық әсерін көрсетіп, сананы өшіретіндігін және ауырсыну сезімталдығын толық жоятындығын дәлелдеді. 1847 жылы хирург-акушер Симпсон хлороформды анестезияны тәжірибеге енгізді. Ол кезде ауруханаішілік инфекциядан асқынулар көп жағдайда жақсы орындалған операциялардың нәтижелерін теріске шығарып, жараның іріңді инфекциясынан науқастар қайтыс болатын. Ағылшын хирургы Листер (1827-1912), Пастер еңбегін негізге ала отырып, мынадай шешімге келді, іріңдеудің себебі микроорганизмдер және олармен күресуде карбол қышқылын ұсынды. Осы әдіс бұдан былай «антисептика» деген атақ алды.
Слайд 10
Антисептикалық әдіс хирургияның дамуына түрткі болды, алайда бірқатар кемшіліктер кедесті. Карбол қышқылы жараның регенерациясын баяулатып және сіңіп,организмді улады. Бұл қауіпті азайту үшін ( 1890ж ) Пироговтың шәкірті Бергман «асептика» әдісін ұсынды, оны дайындауда оның шәкірті Шиммельбуш қатысты. Оның негізі - таңу материальдарын, ота жасайтын құралдарды су буының жоғары температурасымен стерильдеу принципі еді және ота мен ота жасайтын бөлімше жұмысын ерекше нысанда ұйымдастыру.
Слайд 11
Операция кезінде жансыздандыру, антисептикалық және асептикалық әдістер, сондай-ақ қан құю XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басындаасқазан, ішек, бауыр, өт жолдары, бүйрек және т. б.ота жасауға кең мүмкіндік берді. ХХ ғасыр кең хирургиялық практикаға-өңешке, өкпе мен жүрекке, тірек-қимыл аппараттарына, бас миы мен нервтерге арналған операцияларды енгізумен сипатталады.Трансплатология саласы-ағзалар мен тіндерді транспланттау (ауыстырып салу) жігерлі дамып- бүйрекке, жүрекке, бауырға, өкпеге оталар жасалды.
Последний слайд презентации: КІРІСПЕ Хирургия және хирургиялық аурулар туралы түсінік
Жүрек-қан тамырлары, өкпеден болатын ауруларды және басқа да хирургиялық ауруларды операция жолымен емдеуде үлкпен еңбек сіңірген ғалымдардың тобына Ю.Ю.Джаналидзе, П.А.Куприянов,Б.В.Петровский, Е.Н.Мешалкин,В.И.Бураковский, В.С.Савелев, М.И.Кузин тағы басқалар жатады. С.С.Юдин(1891-1954) өңеш, асқазан, ұлтабар хирургиясын дамытқан ғалым, сондықтан да бұл ғалымға «асқазан хирургиясының шебері» деген ат берілген. С.С.Юдин артына көптеген ғылыми жұмыстар қалдырған. «Өңеш ауруларының қалпына келтіру хирургиясы», «асқазан хирургиясының этюді», «хирургтің ойлануы, тоғануы » тағы басқа ғылыми еңбектер.