Тақырыбы: Нәрестелердегі және балалардағы жұмсақ тіндердің іріңді қабыну — презентация
logo
Тақырыбы: Нәрестелердегі және балалардағы жұмсақ тіндердің іріңді қабыну
  • Тақырыбы: Нәрестелердегі және балалардағы жұмсақ тіндердің іріңді қабыну аурулары
  • Жоспар
  • Кіріспе
  • Пиодермия
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Пиодермия жіктелуі
  • Белгілері
  • Емдеу тәсілі
  • Псевдофурункулез
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Белгілері
  • Салыстырмалы ажырату
  • Емі
  • Омфалит
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Жай омфалит
  • Флегмонозды омфалит
  • Некрозды омфалит
  • Емі
  • Емі
  • Мастит
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Белгілері
  • Емі
  • Нәрестелердің некротикалық флегмонасы
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Белгілері
  • Емі
  • Сыздауық
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Белгілері
  • Емі
  • Карбункул
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Белгілері
  • Емі
  • Флегмона
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Таралу дәрежесіне қарай
  • Белгілері
  • Емі
  • Абсцесс
  • Этиологиясы және патогенезі
  • Белгілері
  • Анықтау әдістері
  • Емі
  • Тілме
  • Этиологиясы
  • Патогенезі
  • Белгілері
  • Емі
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  • Тақырыбы: Нәрестелердегі және балалардағы жұмсақ тіндердің іріңді қабыну
1/54

Орындаған: Шарифова Б.Қ. Факультет, топ: ЖМ, 11-15-01 к. Курс: 4 Тексерген: Меңдіғалиев Е.Қ. ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Кафедра: Балалар хирургиясы Алматы 2014 жыл

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар

Кіріспе Негізгі бөлім І. Нәрестелердегі жұмсақ тіндердің іріңді қабыну аурулары: Пиодермия Псевдофурункулез Омфалит Мастит Нәрестелердің некротикалық флегмонасы ІІ. Балалардағы жұмсақ тіндердің іріңді қабыну аурулары Сыздауық Сомшиқан Флегмона Абсцесс Тілме ІІІ. Этиологиясы Патогенезі Белгілері Емдеу тәсілдері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Изображение слайда

Слайд 3: Кіріспе

Балалардың іріңді қабыну аурулары жалпы хирургиялық аурулардың 25% құрайды. Балаларда ІҚА көбінесе жеке нозологиялық кесел немесе қандайда бір болмасын басқа аурулар мен отадан кейінгі асқыну салдарынан дамиды. ІҚА тікелей басты үш себепке байланысты дамиды. Олар: Қоздырғыштар; Организмнің өз микрофлорасы; Иммундық жүйенің ерекшеліктері.

Изображение слайда

Слайд 4: Пиодермия

Терінің беткі қабаттарының іріңді қабыну ауруы, нәрестелердің жалпы тері ауруларының 25 – 60% құрайды.

Изображение слайда

Пиодермияның басты қоздырғышы нәрестенің өз терісіндегі патогенді стрептококк пен стафилококк болып есептеледі. Патогенді қоздырғыштар терінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне, әр түрлі сыртқы себептерге (терінің нашар күтімі, жарақаттар, ыстық пен суық ) байланысты қорғаныс қызметі бұзылған терілерге өтіп, оның іріңдеуіне себеп болады. Стрептодермия Стафилодермия

Изображение слайда

Слайд 6: Пиодермия жіктелуі

Изображение слайда

Слайд 7: Белгілері

Іріңді қабыну терінің ашық жерлерінде аяқ астынан пайда болады. Алғашында теріде көлемі кішірек бұршақтай немесе одан сәл үлкендеу, жұқа қабыршақты, томпайған, сұйықтықты түйінді бөртпелер п.б. Түйіннің айналасындағы терілер белдеме тәрізді қызарады, ішіндегі сұйықтық алғашында мөлдір, кейін көмескіленеді, кейде қанталайды. Түйін жарылғанда астынан алқызыл түсті қабынған тері көрінеді. Кейіннен оның бетінде қара сұр немесе қоңырқай түсті қабыршақтар п.б. Бұл аурудың ағымы уақытылы тиімді ем жасалса, көбінесе жеңілдеу өтеді, 7-8-ш і күні жазылып кетеді.

Изображение слайда

Слайд 8: Емдеу тәсілі

Ең бірінші сұйықтықты түйіндерді жарып, әр түрлі антисептикалық ерітінділермен таңғыш салады. Сонымен қатар нәрестенің жалпы гигиеналық тазалығына, дұрыс емшек емуіне аса көңіл бөледі. Нәрестелердің қандай да болмасын іріңді қабыну ауруының асқынуға бейімділігі мен жалпы жағдайын ескере отырып антибиотиктер тағайындалады.

Изображение слайда

Слайд 9: Псевдофурункулез

Тер безінің жедел іріңді қабыну ауруын жалған сыздауық ( псевдофурункулез ) деп атайды.

Изображение слайда

Тер безін қабындыратын басты қоздырғыш стафилококк екені дәлелденген. Теріге түскен қоздырғыштар тер безі өзегін қабындырады, бірақ ол өліеттенбейді. Бұл ауру организмнің иммундық жүйесі әлсіреген, созылмалы ауруға шалдыққан, әсіресе күтімі мен тамақтануы нашар, аса жылы оралған нәрестелер мен емшек жасындағы балаларда кездеседі.

Изображение слайда

Слайд 11: Белгілері

Көлемі кішірек іріңді бөртпелер алғашында шүйде мен бастың шашты бөлігінде, содан кейін мойынның артқы жағында, арқада, құйрығында, санында п.б. Олардың кейбіреуі жарылып, тез құрғап қабыршақтанады. Кейде олар аталған жерлерде үлкендігі бұршақтай немесе орман жаңғағындай болып, тері бетінде томпайып тұрады. Бұл қанық – қызыл түсті түйіндер басқанда ауырады. Олардың кейбіреуі қатты болады. Ал жұмсақтары өздігінен жарылып, одан жасыл-сарғыш түсті қою кілегей сияқты ірің шығады. Іріңді бөртпелер жаңадан пайда бола беруі де мүмкін. Нәрестелердің жалпы жағдайы онша өзгермейді, кейде дене қызуы 37,5 ° С мөлшерінде көтеріледі.

Изображение слайда

Слайд 12: Салыстырмалы ажырату

Бұл ауруды сыздауықтан ажырата білу керек. Сыздауық емшек жасындағы сәбилерде сирек байқалады. Сыздауықпен салыстырғанда жалған сыздауықтың өзек желісі болмайды және түйіні шошақ пішінді емес, күмбез сияқты болады.

Изображение слайда

Слайд 13: Емі

Іріңді бөртпелерді тікелей жарып, 10% натрий хлоридіне малынған дәке салып таңады. Іріңді түйіндердің шоғырланған жерін кварц сәулесімен емдейді. Ағымы созылмалы жалған сыздауыққа қажетті жағдайда кең әсерлі антибиотиктер, дәрумендер, иммундық жүйені қалыптастыруға бағытталған емдер тағайындалады. Күнделікті марганцовка ерітіндісіне жуындырады. Уақытында емделмесе, нәрестелер мен сәбилерде сепсиске асқынуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 14: Омфалит

Нәрестенің кіндігі мен кіндік маңайындағы тіндерінің қабынуы омфалит деп аталады. Омфалит нәресте өмірінің 2- 3 - ші аптасында басталады.

Изображение слайда

Слайд 15: Этиологиясы және патогенезі

Қоздырғыштар көбінесе кіндік жарасы немесе оның жарақаттанған терісі арқылы түседі. Сонымен қатар, туылған кезде салмағының төмен болуы, кіндік венасының кататеризациясы, Басты қоздырғышы патогенді стафилококк пен стрептококк болып есептеледі. Морфологиялық өзгерістеріне қарай: Жай омфалит; Флегмонозды омфалит; Некрозды омфалит.

Изображение слайда

Слайд 16: Жай омфалит

Кіндік жарасы біраз уақытқа дейін жазылмай одан аздаған сірлі немесе сірлі-іріңді бөліністер шығады.Алғашында кіндік жарасы, кейде кіндік маңайындағы терілер қызарып ісіне бастайды. Біразының сірлі - іріңді бөліністері кіндік жарасына қабыршықтанып қатады. Ол түскен кезде кіндік жарасынан аздаған қан ағуы мүмкін. Сөйтіп, кіндік жарасы бірнеше аптаға дейін жазылмай қояды. Сондықтан кіндік жарасы грануляциялық өсіндімен жабылуы мүмкін. Нәрестелердің жалпы жағдайы өзгермейді.

Изображение слайда

Слайд 17: Флегмонозды омфалит

Қабыну үрдісі тек кіндік жарасына ғана емес, кіндік маңайындағы тіндерге тарай бастайды. Сондықтан кіндік маңайындағы терілер қызарып ісіне бастайды, ал кіндіктің өзі құрсақ қуысының алдыңғы бетіне томпайып, жарасынан сірлі немесе сірлі-іріңді бөлініс шығады. Кіндік сақинасы белдеме сияқты қабынып, ісінеді. Нәрестелер мазасызданып, ұйқысы бұзылуы мүмкін.

Изображение слайда

Кіндік маңайы мен құрсақ құрсақ қуысының алдыңғы бетінің терілері қоңырқай болып сұрланып, шіріп түсе бастайды. Шіріп түскен тері орнынан іріңді бөліністер шығады. Астында жатқан бұлшықеттер де қабынады. Нәрестелердің жалпы жағдайы аса ауыр, дене қызуы 39-40°С көтеріледі, улану белгілері өршіп нәресте емшек ембей құса береді, іші өтеді, зат алмасу үрдісі мен ағзаларының қызметі бұзылып, сырқаттар шетінеп кетуі мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 19: Емі

Омфалиттің жай түрінде негізінен кіндік жарасын емдейді. Ол үшін жараны 3% сутегі тотығымен жуып тазалап, үстінен 5% калий перманганаты немесе бриллиант жасылы ерітіндісін жағады. Омфалиттің іріңді түрінде жергілікті еммен қоса антибиотиктер, витаминдер береді. Жергілікті 10% натрий хлор, жартылай спирт қосылған ерітінділер, кейде май дәрі қолданады. Әр түрлі физиотерапиялық ем тағаайындайды.

Изображение слайда

Слайд 20: Емі

Омфалиттің некрозды түрінде үстемелі кешенді емдеуді қажет етеді. Олар: 1. Организмнің қорғану қабілетін және ағзалардың қызметі мен бұзылған зат алмасу тепе -т еңдіктерін қалыптастыру; 2. Кең әсерлі бірнеше антибиотиктер тағайындалады. Жергілікті оталық ем некрозға ұшыраған теріні шахмат тәрізді шаршылап тілу арқылы жасалады. Тері тілігі 1-2 см қабынбаған жерді де қамтиды. Егер қабынған тері толығымен өліеттеніп кетсе, некрэктомия жасайды.

Изображение слайда

Слайд 21: Мастит

Нәрестелердің емшек безінің қабынуын мастит деп атайды.

Изображение слайда

Слайд 22: Этиологиясы және патогенезі

Микробты қоздырғыштар емшек безіне тері жарақаттары, сүт өзектері немесе қан арқылы түседі. Нәресте өмірге келген 10-14 күндерде емшек бездерінің көлемі бала жолдасы немесе ана сүтімен келген эстрогенді гормондардың әсерінен ісінгендей болып үлкейеді және одан аздаған сүтке ұқсас сұйықтық бөлініп шығуы мүмкін. Бұл физиологиялық мастопатия д еп аталады. Және екінші түрі – іріңді мастит.

Изображение слайда

Слайд 23: Белгілері

Нәрестелер мазасызданып, дұрыс емшек ембейді. Емшек безінің терілері қызарып, ісіне бастайды. Қабыну көбінесе біржақты болады. Ісікті саусақпен басқанда ауырады, жиектері шектелген қатаңқы түзіліс анықталады. 1-2 күннен кейін емшек безінің үстіндегі тері көгеріңкірейді, ауыру сезімі күшейеді, басқанда ортасынан сұйықтыққа тән флюктуация белгісі білінеді.

Изображение слайда

Слайд 24: Емі

Маститтің ісікті сатысында антибиотиктер, жергілікті тіндердің қан айналымын жақсартатын спирт - фурацилин ді таңбалар, физиотерапиялық емдер тағайындалады. Іріңді сатысында жалпы наркоз немесе жергілікті 0,25% новокаин ерітіндісін қолданып, жедел оталық көмек көрсетеді.

Изображение слайда

Слайд 25: Нәрестелердің некротикалық флегмонасы

Нәрестелердің тері және тері асты шелмайының жедел іріңді қабынуын нәрестелердің некротикалық флегмонасы д еп аталады. Аурудың ағымы өте ауыр және іріңді қабыну терінің сау жеріне қарай жайылуға бейім болады.

Изображение слайда

Слайд 26: Этиологиясы және патогенезі

Ауру дамуына стафилококк немесе аралас қоздырғыштар себеп болады. Қабыну тер бездерінің маңайынан басталып, ұсақ қан тамырлар мен тері асты майына тез таралады.

Изображение слайда

Слайд 27: Белгілері

Ол көбінесе құйымшақ тұсында, арқада, мойында жиі кездеседі. Ауру баланың терісінің кішкене ісініп, қызғылт түстес түске боялуымен көрінеді. Алғашында кішкене инфильтрат, бара-бара 2-3 есе ұлғаяды. Теріні саусақпен басып қысып-жиыруға мүмкіндік сақталады.

Изображение слайда

Слайд 28: Емі

Аурудың алғашқы фазасында жылдам операция жасалуы тиіс.

Изображение слайда

Слайд 29: Сыздауық

Денедегі түк түбірінің жедел іріңді ыдырап қабынуын сыздауық (фурункул), ал түк түбірі дененің әр түрлі жерінде жедел қабынса оны сыздауықша (фурункулез) д.а.

Изображение слайда

Слайд 30: Этиологиясы және патогенезі

Фурункулдың басты қоздырғышы Staphylococcus aureus болып саналады, сонымен қатар Escherichia coli, Streptococcus pyogenes әсерінен де дамуы мүмкін. Қоздырғыш түскеннен кейін алдымен түк түбірі қабынады, кейіннен қабыну үрдісі маңайындағы май бездері мен қоршаған дәнекер тіндерге тарайды. Ісіну және іріңдеу сатысын ажыратамыз. Ұл балаларда қыздармен салыстырғанда сыздауық 10 есе жиі кездеседі.

Изображение слайда

Слайд 31: Белгілері

Алғашында қоздырғыш түскен жерде аздап ауыратын, ортасында дене түгі бар қызарған түйін пайда болады. Кейіннен тері аздап сүйірленіп ісінеді, қызарады. Түзіліс басқанда немесе бір нәрсе тигенде ауырады. Кейіннен түзіліс маңайындағы май бездері іріңдеп, сүйірленген ісінді ұшына ірің жиналады, ортасында өліетті желі пайда болады, ол ойықты жараға айналады. Балаларда жалпы жағдайында әлсіздік, лоқсу, тәбетінің нашарлауы, бас ауруы байқалады. Дене қызуы 37°С-38°С көтеріледі.

Изображение слайда

Слайд 32: Емі

Сыздауықтың ісіну сатысында консервативтік ем – антибиотиктер, дәрумендер, физиотерапия, жергілікті антисептикалық дәрмектер тағайындалады.Сыздауық толық іріңдегенше және өліетті желі пайда болғанша хирургиялық ем жасалмайды.

Изображение слайда

Слайд 33: Карбункул

Денедегі қатар орналасқан бірнеше түк түбірінің жедел іріңдеп ыдырап қабынуын сомшиқан (карбункул) деп атайды.

Изображение слайда

Слайд 34: Этиологиясы және патогенезі

Балаларда үлкендермен салыстырғанда сирек кездеседі. Аурудың басты қоздырғышы Staphylococcus aureus болып саналады, сонымен қатар Escherichia coli6 Streptococcus pyogenes. Қоздырғыш түскеннен кейін алдымен түк түбірі қабынады, кейіннен қабыну үрдісі май бездері мен маңайындағы қоршаған дәнекер тіндерге жылдам тарайды. Ауру ісіну және іріңдеу сатысы арқылы дамиды.

Изображение слайда

Слайд 35: Белгілері

Аумағы кішкентай жерде бірден бірнеше түк түбірі қабынатындықтан, қоздырғаш түскен жерде қатты ауыратын қызарған түйін және басқа да қабынуға тән белгілер, жұмсақ тіндерде көбінесе өліеттә желі бірден пайда болады. Кейіннен сомшиқан маңайындағы май бездері іріңдеп, айналасындағы тіндер біліктеніп ісіне бастайды. Сомшиқанға шалдыққан балалардың жалпы жағдайы өзгереді, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы, денесінің қызуы 37°С-38°С көтеріледі. Уыттану белгілері білінеді.

Изображение слайда

Слайд 36: Емі

Сомшиқанның ісіну сатысында консервативті ем- антибиотиктер, дәрумендер, физиотерапия, жергілікті антисептикалық дәрмектер қажетті жағдайда қосымша инфузиялық емдер тағайындалады. Оталық емді сомшиқанда біржолата өліетті желі пайда болғанда ғана некрэктомия жасап, алып тастайды.

Изображение слайда

Слайд 37: Флегмона

Тері асты шелмайы мен шелді кеңістіктердің шектелмеген, жайылмалы жедел іріңді қабынуын флегмона деп атайды.Флегмона іріңді қоздырғыштар тері асты шелмайы мен шелді кеңістіктерге түскенде барып дамиды.

Изображение слайда

Слайд 38: Этиологиясы және патогенезі

Аурудың басты қоздырғыштары стафилококк, стрептококк, ішек таяқшалары мен протей. Балаларда тері жарақаттары арқылы және де инфекцияның қанмен түсуі де мүмкін. Мұндай жайылмалы іріңді қабынулар бала денесінің кез келген жерінде орналаса береді. Қоздырғыштар түскен жерде басында шектелмеген ісікті қабыну түзіліс, кейіннен ол жердегі тері асты шел майы іріңдеп, өліеттеніп, ыдырай бастайды.

Изображение слайда

Слайд 39: Таралу дәрежесіне қарай

Тері Шандыр асты Бұлшықет аралық

Изображение слайда

Слайд 40: Белгілері

Флегмонаға қабынудың 5 белгісі де тән. Аурудың іріңді сатысында флюктуация белгілері пайда болады. Кейіннен жұмсарған жердегі тері өліеттеніп, жыланкөз түзіледі. 2-3 күннен соң жарадан сірлі - іріңді, іріңді бөліністер шыға бастайды. Флегмона өздігінен жарылса жара ұзақ уақыттан кейін барып біртіндеп тыртықтана бастайды.

Изображение слайда

Слайд 41: Емі

Флегмона тек оталық тәсілмен емделеді. Ота жалпы жансыздандыру арқылы жасалуы тиіс. Ота кезінде флегмонаны тіліп, іріңдікті маңайындағы қалталы қуыстықтарды жақсылап тазалайды, жараға түтікше қалдырады. Антибиотиктер, уыттануды қайтаратын, десенсибилизацияға қажетті дәрмектер тағайындалады. Ауру сепсиске асқынса плазмафорез және гемосорбция жасалады.

Изображение слайда

Слайд 42: Абсцесс

Жұмсақ тіндердің іріңді ыдырамалы шектеулі қабынуын абсцесс деп атайды. Абсцесстер іріңді қоздырғыштар жұмсақ тіндерге түскенде барып дамиды.

Изображение слайда

Слайд 43: Этиологиясы және патогенезі

Басты қоздырғыштар стафилококк, стрептококк, ішек таяқшалары және сирек анаэробты инфекциялар. Қоздырғыштар жұмсақ тіндерге сыртқы жарақат, қан мен лимфа арқылы да түседі. Қоздырғыштар түскен жерде басында шектелмеген ісікті қабыну түзіліс, кейіннен ол жердегі тері асты майы мен бұлшықеттердің іріңдеп ыдырауы пайда болады.

Изображение слайда

Слайд 44: Белгілері

Абсцесс орналасқан жерде ісіну, қызару белгілері, ауыру пайда болады. Балалардың дене қызуы 38°С дейін көтеріледі. Абсцестің іріңді даму сатысында, іріңдікті саусақпен басып тексергенде, флюктуация байқалады.

Изображение слайда

Слайд 45: Анықтау әдістері

УДЗ кезінде қабыну үрдісінің ісікті немесе іріңді дәрежесі нақты анықталады. Егер терең орналасқан абсцесс болса, іріңдікті инемен тесіп тексеруге болады.

Изображение слайда

Слайд 46: Емі

Абсцестің ісіну сатысында консервативтік – антибиотиктер, жергілікті және физиотерапиялық емдер тағайындалады. Абсцестің іріңді ыдырау сатысында ота жасап іріңдікті кеседі, іріңін шығарады, ішіне резеңке дренаж қалдырады. Абсцестің ағымы мен балалардығ жасына байланысты иммундық жүйені қалыптастыратын, уыттануды қайтаратын дәрі – дәрмектер, физиотерапиялық емдер дәрумендер қолданылады.

Изображение слайда

Слайд 47: Тілме

Терінің сірлі немесе сірлі қанды қабынуын тілме деп атайды. Тілмеге қол, аяқ, бет терілері жиі ұшырайды.

Изображение слайда

Слайд 48: Этиологиясы

Тілменің басты қоздырғышы β гемолитикалық стрептококктың А тобы, сирек жағдайда стафилококк. Созылмалы стрептококкты инфекция, артериальдық және веналық қан айналымының бұзылуы, терінің әр түрлі аурулары, иммундық жүйенің төмендігі бұл аурудың дамуына бейімдік жасайды.

Изображение слайда

Слайд 49: Патогенезі

Икубациялық саты Өршелену сатысы Сауығу сатысы Бірнеше сағаттан 3-5 тәулікке дейін созылады. Бұл кезеңде аурулар дімкәстік (недомогания), әлсіздік, дене қызуының көтерілуін байқайды. Балаларда тілменің эритематозды және эритематозды-көпіршікті түрі жиі кездеседі.

Изображение слайда

Слайд 50: Белгілері

Эритематозды эритематозды-көпіршікті Теріде ашық қызыл, жан жағы шектелген қызару көрінеді, тері ісінеді, ұстап көргенде сау жерге қарағанда ыстық, қабынған жердің көлемі үлкеюге бейім болады. Қызарған жерде жергілікті ыстық және күйдіргі, ауыру сезінеді, қызарған жердің шет-шетін басқанда айқын ауыру білінеді. Эритематозды белгілермен қоса терінің ішінде сірлі сұйықтығы бар көпіршіктер пацда болады. Балалардың тәбеті нашарлап, уыттану белгілері өрши бастайды. Қан мен зәр құрамы өзгереді, бауыр мен көкбауыр үлкеюі мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 51: Емі

Тілмесі анықталған науқастарға қоздырғыштарына тән антибиотиктер, жергілікті УКС, ЖЖТ қолданады. Уыттану белгілері айқындалған балалардың венасына сұйықтықтар тағайындайды. Қабынған орынға антисептикалық ерітінділерге малынған немесе негізі суда еритін майлы дәрілер жағылған таңбалар салынады.

Изображение слайда

Слайд 52: Қорытынды

Изображение слайда

Слайд 53: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. “ ” 2. “ ” 3. “ ” 4. “ ” 5. http:// chmag.ru/560-omfalit-u-detey-pupok-novorozhdennogo

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тақырыбы: Нәрестелердегі және балалардағы жұмсақ тіндердің іріңді қабыну

Рахмет

Изображение слайда

Похожие презентации