Первый слайд презентации
Көз қозғалтқыш аппаратының патологиясы. Көз ұясының патологиясы.
Слайд 2: Көз қозғалтқыш аппараты
Введите текст Көз қозғалтқыш аппараты . Бұлшық еттер көз алмасының қозғалысын камтамасыз етеді.Олар 6 (4тура және 2қиғаш). Төменгі қиған бұлшық ет қана көз ұясының төменгі ішкі бұрышының сүйек қабығынан басталып,көз алмасына төменгі сырт бөлімінде бекінеді.Қалған бұлшық еттер көру тесігі айналасында сүйек қабығынан басталып,әрқайсы өз жағында алдыға қарай бағытталып,склераға бекінеді: тура бұлшық еттер әрқайсы өз жағында склераға бекінеді,ал жоғарғы қиғаш бұлшық ет көз ұясының жоғарғы ішкі бұрынындағы шығыршыққа барып,ол арқылы өтіп,көз алмасына бағытталады.
Слайд 3
Введите текст Келесіде ол склераға көз алмасының жоғарғы сырт бөлімінде бекінеді.Жиырылғанда тура бұлшық еттер көз алмасын тиісті жаққа бұрады( жоғары,төмен,ішке,сыртқа)және біраз ішке,ал қиғаш бұлшық еттер – сыртқа және төмен(жоғарғы) және жоғары, төмен (төменгі қиғаш бұлшық ет). Олардың нервтенуі:сыртқы тура бұлшық ет әкетуші нервпен және жоғарғы қиғаш бұлшық ет шығыршықты нервпен,қалғандары көз қимылдатқыш нервпен нервтенеді.
Введите текст Көру түрін 4 нүктелі түсті тест арқылы анықтайды Көру түрлері: бинокулярлы, монокулярлы, бір уақытты.
Слайд 5
Введите текст Көру түрлері (түсті тест бойынша ): а) монокулярлы оң жақтық көру (OS монолатеральды қылилығы кезінде ); б) монокулярлы сол жақтық көру (ОД монолатеральды қылилығы кезінде ); в) бір уақытты көру ( OU альтернирлеуші қылилығы кезінде ); г) и д ) - бинокулярлы көру ( қалыпты жағдайда ). а) б) в) г) д )
Слайд 6: Қылилық
Введите текст Қылилық Бинокулярлы көрудің бұзылуы қылилықта болады. Қылилықтың 3 түрі бар: жасырын; Жалған; Айқын.
Слайд 7: Жалған қылилық
Введите текст Жалған қылилық Жалған қылилықта гамма бұрышы үлкен, яғни көрудің оптикалық осі мен көру осі арасындағы бұрыш. Айқын қылилықпен салыстырғанда бинокулярлы көруі сақталған. Бұндай қылилық емді қажет етпейді.
Слайд 8: Жасырын қылилық
Введите текст Жасырын қылилық Көру актісінен әрбір көзді жеке шығарғанда (көзді жапқанда) бұлшық еттердің тепе-теңдігі сақталады, яғни көздер қозғалмайды. Жасырын қылилықта( гетерофорияда) екі көзі ашық болғанда, қылилық жоқ, бинокулярлы көру сақталған. Егер бір көзді жапсақ, сол жапқан көз көз тігу нүктесінен ауытқиды. Көзді ашқанда көз кері қозғалыс жасайды. Жасырын қылилықта астенопиялық шағымдар, әсіресе көру жұмыстарында ( баста ауырсыну, самайдың шағыуы, көздің талуы). Бұндай жағдайда аметропияны түзету, ортоптикалық жаттығулар жасау керек. Сирек жағдайда операция жасалады.
Введите текст Қылилықтың екі түрі ажыратылады: ықпалды және паралитикалық. Ықпалды қылилықтың белгілері: көз алмасының қозғалысы сақталған біріншілік қылилық бұрышы екіншілікке тең диплопия жоқ Паралитикалық қылилықтың белгілері: көз алмасының қозғалысы салды болған бұлшық ет бағытында шектелген немесе толық жоқ. Біріншілік ауытқу бұрышы екіншіліктен кіші, екіншілік бұрышы әрқашан біріншіліктен үлкен. Диплопия Тортиколлис – көз алмасының қозғалысы шектелгеннендіктен басын бір қалыпта ұстауы
Слайд 11: Ы қпалды қылилық қарашықтың ауытқуына байланысты жіктеледі:
Введите текст Ы қпалды қылилық қарашықтың ауытқуына байланысты жіктеледі: Горизонтальды немесе вертикальды (жоғарыға - hypertropia, төмен - hypotropia ); үйлесімді ( esotropia ) немесе ажыранды ( exotropia ) қылилық.
Слайд 12: Ықпалды үйлесімді қылилық ( esotropia )
Введите текст Ықпалды үйлесімді қылилық ( esotropia ) Ықпалды қылилықтың 90% жағдайында үйлесімді түрі кездеседі. Жиі бұл патология гиперметропияның орташа немесе жоғары дәрежесімен жүреді. Гиперметропиялық көз үнемі аккомадацияда болуы тиіс. Б ұл үздіксіз конвергенцияға себеп болады, әсіресе жақын заттарды қарағанда. Шамадан тыс және үздіксіз конвергенция көздің мұрынға қарай ығысуына, яғни ықпалды үйлесімді қылилыққа әкеледі.
Слайд 14: Ықпалды ажыранды қылилық ( exotropia )
Введите текст Ықпалды ажыранды қылилық ( exotropia ) Ажыранды қылилықтың жартысынан көбі миопиямен жүреді. Алыстанкөргіштік ықпалды ажыранды қылилықтың дамуын жоғарылатын факторлардың бірі болып табылады. Аккомадацияның төмендеуі конвергенция импульстарының жетіспеушілігіне әкеледі. Көз алмасы заттарға толық көлемде фокус жасай алмау себебінен самайға қарай ауытқиды.
Слайд 17: Қылилықтың коррекцияға байланысты жіктелуі:
Введите текст Қылилықтың коррекцияға байланысты жіктелуі: Е.М.Белостоцкий класификациясана сай қылилық: аккомадациялық, жартылай аккомадациялық, анкомадациялық емес болып бөлінеді.
Слайд 18: Аккомадациялық қылилық
Введите текст Аккомадациялық қылилық Аккомадация мен конвергенциялық өзара қатпалының бұзылуымен қамтамасыз етіледі. Гиперметропиялық рефракциясы бар балаларда байқалады. Бұндай қылилық атропиннің әсерінен және үнемі көз әйнегін киумен жойылады, оперативті ем қажет емес. Дер кезінде көз әйнегін тағайындап, мүмкін амблиопияны емдеу маңызды. Қылилықтың бұл түрі қыли балалардың 1/3 бөлігінде кездеседі.
Слайд 19: Жартылай аккомадациялық қылилық
Введите текст Жартылай аккомадациялық қылилық Көз әйнегін кигенде қылилық бұрышы кішрейеді. Рефракцияның аномалиясы көз қимылдатқыш аппаратының аномалиясымен қосарланып келеді.
Слайд 20: Аккомадациялық емес қылилық
Введите текст Аккомадациялық емес қылилық Атропин тамызып, көз әйнегін кигенде қылилық бұрышы өзгермейді. Бұл қылилықтың түрі көз қимылдатқыш бұлшық еттердің салдылық жағдайына байланысты және жиі пайда болады.
Слайд 21
Введите текст Ықпалды қылилық тұрақты және тұрақсыз, альтернациялық және моноротеральды болып бөлінеді. Альтернациялық қылилық кезекті екі көздің көз тігу нүктесінен ауытқуы, ал монолотеральды қылилық үнемі бір көздің қылилануы.
Слайд 22: Амблиопия
Введите текст Амблиопия Қылилықта қыли көздің немесе екі көздің көру өткірлігі оптикалық орталар мен тор қабық жағынан көрінерлік өзгеріссіз төмен болады. Бір жақты амблиопия жиі монолотеральды қылилықта болады. Э.С.Автисов көру өткірлігінің төмендеу дәрежесіне байланысты амблиопияны өте жоғары ( көру өткірлігі 0,4тен төмен), жоғары (0,05-0,1), орташа (0,2-0,3) әлсіз (0,4-0,6) деп бөледі.
Слайд 23: Қылилықтың емі:
Введите текст Қылилықтың емі: 1.Амметропияны оптикалық түзету. Үйлесімді қылилықта және гиперметропиясы бар болса, көз әйнегі неғұрым ерте тағайындалады. 2. Амблиопияны емдеу (плеоптика): амблиопияны емдеуге көз әйнегін кигеннен кейін 2-3 жұмадан кейін кіріседі. Амблиопияны емдеудің кешенді тәсілдері бар; оның өздігінен және қосымша амалдары бар. 3. Өздік (негізгі) тәсілдеріне жататындар: тура окклюзия ( көру актісінен жақсы көретін көзді алу), кері бейне қолдану мен тор қабықтың орталық шұңқырын жарықпен шектеулі жарақаттандыру. 4. Қосымша тәсілдерге тор қабықты жабықпен тітіркендіру. Гайдингер феноминін қолданумен жаттығулар және т.б. 5. Оперативті ем
Слайд 24: Көз ұясы
Введите текст Көз ұясы Көз ұясы немесе көз шарасы – көз алмасы орналасқан сүйекті қуыс. Формасы 4-қырлы пирамида, негізімен алдыға қарайтын,ал төбесімен- артқа және ішке қарай.Оның ұзындығы 4-5 см.Көз ұясының 4 қабырғасы бар :жоғарғы- алдыңғы ми шұңқырымен шекаралас,сол себептен патологиялық процесстер өзара көшуі мүмкін.Қабырға маңдай сүйегінің шаралық бөлімінен түрады.Оның тереңінде көз ұясының жоғарғы ішкі бұрышында маңдай ұңғылы орналасады (мұрынның қосалқы қуысы).
Слайд 25
Введите текст Жоғарғы қабырғасының сырт бөлімінде жас безі орналасқан. Сыртқы қабырғасы ең берік қабырға және бет сүйектің маңдай өсіндісімен,маңдай сүйегінің бет сүйегімен және сына тәрізді сүйектің үлкен қанатымен құрастырылған;көз ұясын самай шұңқырынан бөліп тұрады. Төменгі қабырғасы жоғарғы жақ сүйегінен,бет сүйегінен,таңдай сүйегінің көз өскінімен құралған.Көз ұясының бұл қабырғасы оны гайморов қойнауынан шектеп тұрады.
Слайд 26: Көз ұясының флегмонасы
Введите текст Көз ұясының флегмонасы Көз алмасының артында орналасқан ретробульбарлы клетчатканың диффузды-іріңді қабнуы. Бұл жерге іріңді қабыну процесі стоматологиялық ағзалардан немесе синустардан келеді. Ол гематогенді жол арқылы іріңді эмбол ретінде жалпы инфекция көз ұясынан немесе адоптогенді ағзадан сүйек қабы арқылы ретробульбарлы кеңістікке өтеді.
Слайд 28: Себебі:
Введите текст Себебі: Танау қосалқы қуыстарының эмпиемасы; Қабақтардағы іріңді ошақтар; Жас қалтасының флегмонасы; Жалпы инфекция, т.б.
Слайд 29: Клиникасы:
Введите текст Клиникасы: Басталуы жедел, кенеттен жалпы жағдайы төмендеп, дене қызуы көтеріледі, қалтырау, басының ауырсынуы, қабақтары ісінген, көз саңылауы тарылған, көз алмасының қозғалысы шектелген немесе толық болмайды – офтальмоплегия, қабақтары қызарады, керіліп, көз саңылауының жабылуы, яғни хемоз, экзофтальм.
Слайд 30: Диагностикасы:
Введите текст Диагностикасы: Көз ұясының рентгенограммасы; КТ Арнайы мамандардың кеңесі: ЛОР Стоматолог Нейрохирург Терапевт /педиатр/
Слайд 31: Көз ұясы флегмонасының емі:
Введите текст Көз ұясы флегмонасының емі: Бұл науқастар реанимациялық жағдайда емханада емделуі керек. Антибиотиктер /2-3түрі/; Дезинтоксикациялық ем; Осмотерапия; Десенсибилизациялық ем. Флюктуация болса, сол жерді тіліп, теріні жылжыта отыра ретробульбарлы клетчаткаға дейін дренаж қойып, гипертониялық ерітіндімен таңу салу керек.
Слайд 32: Остеопериостит
Введите текст Остеопериостит Сүйек пен оның қабығының қабынуы. Сүйек бойымен пальпацияда тері қызарады, ісік пайда болады, хемоз, көз алмасының қозғалысы шектелгеді, көру өткірлігі төмендейді. Егер периостит көз ұясында болса, экзофтальм пайда болады.
Слайд 34
Введите текст Туберкулездік және мерездік этиологияда гематогенді метастаздық жолмен беріледі. Оларда айқын клиникалық белгілер болмайды. Мерезге тән белгі сүйекте көз ұясының ауырсынуы түнгі уақытта болуы, ал туберкулезде ауырсыну болмайды, сүйек қабының астында абсцесс одан ары фистула пайда болады.
Слайд 35: Көз ұясы венасының тромбофлебиті
Введите текст Көз ұясы венасының тромбофлебиті Басталуы жедел, кенеттен жалпы жағдайы төмендеп, дене қызуы көтеріледі, қалтырау, басының ауырсынуы, қабақтары ісінген, көз саңылауы тарылған, көз алмасының қозғалысы шектелген немесе толық болмайды – офтальмоплегия, қабақтары қызарады, керіліп, көз саңылауының жабылуы, яғни хемоз, экзофтальм. Қосымша қабақтың және беттің веналары кеңейеді, сүйелденеді.
Слайд 37: Тенонит
Введите текст Тенонит Көз алмасының тенон капсуласының қабынуы. Этиологиясы: аллергия, көздегі қабыну процестері, жарақаттар, жұқпалы аурулар, т.б. Клиникасы: процесс бір көзден жедел басталады, көз алмасында қысып ауырсыну, экзофтальм, айқын емес қабақтың ісігі, хемоз.Бірақ жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Последний слайд презентации: Көз қозғалтқыш аппаратының патологиясы. Көз ұясының патологиясы: Көз ұясының ісіктері
Введите текст Көз ұясының ісіктері Көз ұясының қатерсіз ісіктері: Гемангиома Көз ұясының кисталары Остеома Невринома Тератома Ангиома Липома Көз ұясының қатерлі ісіктері: Фибросаркома Липосаркома Остеосаркома Карцинома