Первый слайд презентации: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Психология 10-д әріс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Б.Ш. Байжуманова пс.ғ.к., психология кафедрасының доценті
Слайд 3: Негізгі сұрақтар
1. Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде. 2. Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері байланыс. 3. Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. «Мен» және басқалар.
Қарым-қатынастың перцептивті аспектісі – адамның адамды қабылдауы, түсінуі және бағалауы. Бұл терминді американдық психолог Дж.Брунер енгізді, ол эксперименттер барысында адамның басқа адамдар туралы түсінігі оның жеке ерекшеліктері мен әлеуметтік-мәдени факторларға байланысты болатындығын анықтады.
Слайд 5: Піл туралы аңыз
Піл туралы аңыз: көзі көрмейтін зағип 6 дана қариялар тұратын ауылға піл алып келеді. Пілдің қандай екендігін білгісі келген соқыр ақылды кісілер, пілге жақындап әр қайсысы өз ойларын айта бастайды. Бірі – пілдің құлағын ұстап, мынау желдеткішке ұқсайды десе, екінші дана кісі – түмысығын ұстап – жылан, үшіншісі аяғын ұстап ағаш дөңі, төртіншісі – құйрығын ұстап көріп арқан жіп, бесіншісі – пілдің денесін жанынан ұстап көріп биік қабырға, алтыншысы – найза деп жамыраса кетеді. Осылайша пілдің қандай екенін толық танып біле алмапты.
Слайд 7: Әлеуметтік қабылдаудың ерекшеліктері
Слайд 10: Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері : эмпатия
Эмпатия - басқа адамды эмоционалды қабылдау, оның ішкі әлеміне ену, оны барлық ойларымен және сезімдерімен қабылдау қабілеті. Эмпатия - уайымдауға қабілеттілік, өзін басқа адамдардың орнына қоюға ниеті, оның әрекеттері, мимикалық реакция, дене қимылы негізінде эмоциялық жағдайы. Эмпатияның даму деңгейлері :
Слайд 12: Идентификация, децентрация
Идентификация ( Сәйкестендіру ) - өзін әңгімелесушіге ұқсату, өзін соның орнына қоя білу. Децентрация - өзінің эгоцентризмін жеңе алу қабілеті, басқа ықтимал көзқарастарды ескеріп, қабылдай алу. Децентрацияның дамуы тұлғаның әлеуметтенуін, кемелденуін, қабылдау позицияларын меңгере алуын, коммуникативтік дағдыларын жетілдіруін қамтамасыз етеді.
Слайд 13: Аттракция
Аттракция - басқа адамды қабылдау кезінде, симпатияның туындауы, үйлесімділікті, сүйіспеншілікті тартымдылықты, бауырбасушылықты сезіну, осы арқылы қарым-қатынас жағымды бола түседі. Тұлғааралық аттракция (лат. attrahere - тарту, тартымдылық ) - адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінде туындайтын эмоциялардың барлық спектрін сипаттау үшін қолданылатын ұғым.
Слайд 15
Қалай ойлайсыздар, қолымыздағы телефон тұлғааралық қарым-қатынаста адамдардың бірін-бірін қабылдауға, бірін-бірін дұрыс түсінуге, адекватты бағалауға әсер етеді ме? https:// www.youtube.com/watch?v=30YLo2g7haE
Слайд 16: Толеранттылық
Толеранттылық – кез-келген адамның өзінің жеке даралығын көрсетуде оның барлық көптеген мәдени формаларындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне сыйластықпен қарау, адекватты қабылдау, дұрыс түсіну. Толеранттылықтың формалары : Саяси ; Ұлтаралық ; Нәсілдік ; Діни ; Гендерлік ; Жас ерекшеліктік ; Физиологиялық ; Білім және сауаттылық және т.б.
Слайд 17: Рефлексия, кері байланыс
Рефлексия - (лат. reflexio - кері бұрылу ) - өзін-өзі тануға, өзіндік эмоциялары мен сезімдерін түсінуге, өзінің қабілеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерін танып-білуге бағытталған ақыл -ой процесі. Термин алғашқыда философияда, кейін ғылымның басқа салаларында, қарқынды дами бастады. Кері байланыс – тұлғалардың өзара байланысында жауап беру реакциясында көрінетін қатынас көрінісі. Әсіресе студенттердің оқу үдерісіндегі жүзеге асатын негізгі идеялар мен жетекші принциптердің бірі.
Слайд 18: Себеп-салдар ( каузалды ) атрибуция
Басқа адамның сөздерін немесе іс-әрекеттерін өзінің тәжірибесі мен өзіндік қабылдауы тұрғысынан интерпретациялау. Адамның әрекеттері, мінез-құлқы кейде жағдайға байланысты немесе сол адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты бағаланады, түсіндіріледі. https:// www.youtube.com/watch?v=NGSFzjyg284
Слайд 19: Тұлғааралық қабылдау әсерлері
Ореол эффектісі « Проекциялау » әсері « Алғашқы » әсер Басқа адамдардың пікірін тыңдау ниеті мен әдетінің болмауы « Соңғы ақпарат » әсері
Слайд 20: Ореол эффектісі
Ореол эффектісі - тұлғаның кейбір жеке жағымды қасиеттері оның толық бейнесін жағымды етуге итермелейді, содан кейін адам туралы жалпы жағымды әсері оның жеке қасиеттерінде жағымды бағалауға ауысады. Егер адам туралы жалпы әсер жағымды болса, онда оның жағымды қасиеттері жоғары бағаланады, кемшіліктері байқалмайды немесе ақталынады. Ал егер керісінше болса, мысалы, адам туралы жалпы әсер жағымсыз болса, онда оның кейбір жақсы әрекеттері де байқалмайды немесе өзінің жеке бас қамы үшін орындалды деп дұрыс түсіндірілмейді. https:// www.youtube.com/watch?v=UmOsZW5aiVg
Слайд 21: Проекциялау » әсері
Басқаларды өзіндей көру немесе өзіне қарама-қайшы келетіндей бағалау немесе қабылдау. Адам « барлық адамдар мен сияқты » немесе « басқалар маған мүлдем ұқсамайды » деген қисынды қабылдауға бейім. Өзі күдікті қыңыр болса, басқа адамдарда сондай қыңыр, қырсық. Мейірімді, жанашыр, адал адам, керісінше, бейтаныс адамды өзіндей көріп, басқа адамды қабылдауда қателік жіберуі мүмкін.
Слайд 22: Алғашқы » әсер
Қандай да бір адам туралы алғашқы естіген немесе көрген ақпарат аса маңызды және ұмытылмайды. Және ол сол адаммен кейінгі қатынастарға әсер етеді. Кейінірек сіз бастапқы ақпаратты жоққа шығаратын басқа ақпарат алсаңыз да, сіз бастапқы ақпаратты ескересіз. Басқаны қабылдауға адамның өзінің көңіл-күйі де әсер етеді.
Слайд 23: Соңғы ақпарат » әсері
Е гер адам туралы жақында жағымсыз ақпарат алған болсаңыз, бұл ақпарат осы адам туралы барлық бұрынғы пікірлерді сызып тастауы мүмкін.
Слайд 24: Стереотипизация эффектісі
А дамдарды бағалау кезінде тұрақты бейне қалыптастыруға бейімділік, әдетте, адамды белгілі бір категорияға ( жынысына, жасына, терісінің түсіне және т.б.) жатқызу арқылы, қандай да бір белгілеріне орай бағаланады немесе қабылданады.
Слайд 25: Шеткі әсер
Адамды қабылдау кезінде қарым-қатынас кезінде көрінетін шеткі қасиеттер, анық көрінетін қасиеттер бағаланады да ортасындағы, енжар қасиеттер еленбей жатады.
Слайд 26: Адамды адам қабылдау механизмдері
В.Н. Панферов пен А.А. Бодалев ғылыми-зерттеу еңбектерінде: адамдармен ең алғаш танысу процесінде шаш үлгісі ( шаш үлгісі сырт келбетін сөзсіз өзгерте алады), содан кейін адамның көзі ( көз адамның мінезін сипаттайды, ол зұлым, қу, мейірімді, қарапайым, суық, шынайы болуы мүмкін) беттің құбылуы, жест-мимика (сіз ең бірінші танысқан кезде өзіңіздің жаңа танысыңызға шынайы және қуанып күлсеңіз, онда ол сізді досы ретінде қабылдайды, және сізге ыңғайланады) маңызды роль атқарады.
Слайд 27: Адамды дұрыс қабылдау, адекватты бағалау – басты құндылық
Атақты америкалық психолог Дейл Карнеги: Ж ақсы достық қарым-қатынастың және бірін-бірі ұнатудың бірінші парызы күлімсіреу Мимика – адамның ойлауы мен қарым-қатынас жасау сәтінде, дәл осы уақыт аралығында адамның эмоциялық жағдайына байланысты бет бұлшық еттерінің динамикалық жағдайы. Тек мимика ғана адамның осы сәтте нені уайымдап тұрғаны жайлы сезімі туралы шынайы ақпаратты беруге қабілетті. Мимикалық қимыл ақпараттың 70 пайызын береді, яғни көз, түр, адамның беті айтылған сөзден де көп нәрсені айта алады. Сонымен, адам қандай да бір ақпаратты жасыруға тырысса немесе жалған сөйлесе, оның көзі серіктестің көзімен әңгімелесу уақытында 1/3 рет кездеседі, адам тура қараудан қашқақтайды, өзінің көздерін жасыра бастайды. Ерін, қас, ауыз, көз, мұрын, иек адамның қайғы, ашу, қуану, таңқалу, қорқыныш, жиіркеніш, бақыт, қызығушылық, мұң және т.б эмоцияларды білдіруге мүмкіндік береді. Және оң эмоциялар, мінез бен ниеттің теріс эмоцияларына қарағанда әлдеқайда жеңіл білінеді
Слайд 30: Мен» және басқалар
Субординациялық қатынас ерекшеліктеріне байланысты Жасқа байланысты Қызмет дәрежесіне байланысты
Слайд 32: Бекіту сұрақтары
Тұлғааралық қабылдау әсерлері. Адамды адам қабылдау феноменін қалай түсіндіресіз ? Басқа адамдардың біздің көзқарасымызға қалай әсер ететіндігін түсіндіріңіз немесе қоршаған ортадағы көпшілік ой біздің жеке көзқарасымыздың өзгеруіне қаншалықты әсер етеді? А зшылық көпшілікке бағынады дегенді дәлелдеңіз. «Мен және басқалар » әлеуметтік-психологиялық эксперименттерге талдау жасаңыз. « Өзен ағынымен қарсы ағу – өмірді қиындатады, өзен ағынымен ағу – өмірді жеңілдетеді », - деген оймен келісесіз бе ?
Слайд 33: Қолданылған әдебиеттер тізімі
Андреева Г.М., Социальная психология: Учебник для высших учебных заведений / Андреева Г.М. - М. : Аспект Пресс, 2017. - 363 с. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. – СПб: Питер, 2009. Почебут Л.Г. Социальная психология. Учебник для вузов. – Питер, 2017. – 400с. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз [ Мәтін ] = The Social Animal: әлеуметтік психологияға кіріспе : [ оқулық ] / Э. Аронсон; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [ жәнет. б.]. -11-бас. -Астана: " Ұлттық аударма бюросы " қоғамдық қоры, 2018. -407, [2] б. -( Рухани жаңғыру ). Майерс Д. Әлеуметтік психология [ Мәтін ] = Social Psychology: [ оқулық ] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г.Қ. Айқынбаева [ жәнет.б.]. -12-бас. -Астана : " Ұлттық аударма бюросы " ҚҚ, 2018. -559, [1] б.: сур. -( Рухани жаңғыру ). https ://prezentacii.org/prezentacii/psihologia/75044-ubezhdenie-slagaemye-ubezhdenija.html