Мағжан жұмабаев — презентация
logo
Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан жұмабаев
  • Шығармалар
  • Мағжан жұмабаев
  • Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы
  • Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi
1/17

Первый слайд презентации: Мағжан жұмабаев

1893 ж.-1938 ж.

Изображение слайда

Слайд 2

Мағжан Жұмабаев – ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырап жанған жарық жұлдыздарының бірі, көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы.

Изображение слайда

Слайд 3

Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы ). Әкесі Бекен (Бекмағанбет ) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді. Анасының есімі – Гүлсім.

Изображение слайда

Слайд 4

Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін,  Фирдоуси,  Сағди,  Хафиз,  Омар Һайям,  Низами,  Науаи   секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді

Изображение слайда

Слайд 5

Баспадан   1909   жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып,  “ Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға ”   деген өлең жазды.

Изображение слайда

Слайд 6

1910 - 1913   жылдары Уфа   қаласындағы   “ Ғалия ”   медресесінде   білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы   Б.Майлинмен   танысады.

Изображение слайда

Слайд 7

Ибрагимовтің көмегімен  1912   жылы   Қазан қаласындағы   Кәрімовтер баспасында   “ Шолпан ”   атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады.

Изображение слайда

Слайд 8

“ Бірлік ”   ұйымы жұмысына белсене араласып,  “ Балапан ”   қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатұлы  секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып,  “Қазақ” газетіне   өз өлеңдерін жариялайды.

Изображение слайда

Слайд 9

1917   сәуірде   Ақмола облысы   қазақ комитеті құрамына сайланды.  Мәскеу  қаласында өткен  Бүкілресейлік мұсылман съезіне   қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша   Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына   депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

Изображение слайда

Слайд 10

“ Алаш ” партиясының  Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды.  “ Үш жүз ”  партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты

Изображение слайда

Слайд 11

1923  –  1927   жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс   Еуропа әдебиетін  терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.

Изображение слайда

Слайд 12

1929 жылы Жұмабайұлы   “ Алқа ”   атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі   Бутырка түрмесіне   қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі.  1936   жылы   М.Горький  мен Е. Пешкованың   араласуымен бостандық алып,  Қазақстанға   қайтады.

Изображение слайда

Слайд 13

Петропавл   қаласында мектепте   орыс тілі  мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.  1937   жылы наурызда Жұмабайұлы   Алматыға   келеді. Аударма ісімен айналысады.  1938   жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Изображение слайда

Слайд 14: Шығармалар

Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді ( “ Шын сорлы ” ), халқын өнер-білімге шақырды ( “ Ләззат қайда ? ”,  “ Жазғы таң ”, “ Өнер-білім қайтсе табылар ”,  “ Балалық шақ ”,  “ Қазағым ”,  “ Қарағым ”,  “ Осы күнгі күй ”,  “ Мен сорлы ” ). Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады ( “ Жас келін ], “ Зарлы сұлу ”, “ Сүйгеніме ”, “ Алданған сұлу ” ).

Изображение слайда

Слайд 15

Мағжан Жұмабайұлының құрметіне почта маркасы

Изображение слайда

Слайд 16: Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы

Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып   1993   жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабайұлы аудандағы өзінің туып-өскен  Сарытомар ауылында   орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабайұлы атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі  Алматы,  Петропавл, Омбы   қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м 2

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Мағжан жұмабаев: Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi

Солтүстiк Қазақстан  жерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Жұмабайұлының ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, Марат Әйнеков. Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Ескерткiш   1993   жылы ақынның 100-жылдығына ашылған.

Изображение слайда

Похожие презентации