Первый слайд презентации: Махмұд Қашқари
Слайд 2: Жоспар :
Туған жері Өмірбаяны Еңбектер i ЕҢБЕКТІҢ АТАУЫ НЕЛІКТЕН «ДИУАН ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРІК»? ҚАШҚАРИ «ДИУАНЫН» ҚАШАН ЖАЗҒАН? «ДИУАН» ҚАЙ ТІЛДЕРГЕ АУДАРЫЛҒАН? «ДИУАННЫҢ» СӨЗДІК ҚОРЫ ҚАНША? КЕЙІНГІ ӨМІРІ ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕМІЗ?
Слайд 3: Туған жері
Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі « Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулеті нен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған.
Слайд 4: Өмірбаяны
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. А. Егеубаев « Диуанның » жазылған уақыты мен О. Пицактың пікіріне сүйене отырып, 1029-38 жылдар туған болуы керек деген болжам айтады. Дегенмен көпшілік ғалымдар 1008 жылы туған деп есептейді. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Слайд 5: ҚАШҚАРИДІҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ
Өзінің асыл текті әулеттен шыққанын мақтан тұтқан Қашқари Шығыс Қараханиттер династиясы ханзадаларының бірі болып табылады. Қашқари атақты Қараханит ханы Салтуқ Буғраның алтыншы ұрпағы болып табылады.
Слайд 6: Еңбектер i
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады
Слайд 7: ЕҢБЕКТІҢ АТАУЫ НЕЛІКТЕН «ДИУАН ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРІК»?
Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грамматикасын түзген, түбі бір түркі халықтары тіл өнерінің өрісін мәңгілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, түркі тілдерінің диалектологиясының, лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалап, тіл білімі тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет қолданған ғұлама ғалым Қашқари Махмұд, атын мәңгілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне сарқылмас қайнаркөз болатын тынысы кең байсалды да ұлы еңбегіне Диуан Лұғат-ит-түрк, яғни түркі тілі сөздігінің жинағы деп ат қояды. Бұл жөнінде « Диуанында »: « Маған шексіз абырой, сарқылмас-түгесілмес қайнаркөз болсын деген тілекпен осы кітапты жазып шықтым да, бір Тәңірге сиынып, оған « Диуан Лұғат ат-Түрік » - түркі тілдері сөздігінің жинағы » деп ат қойдым », - деп жазады. Түбі бір күллі түркі тілдерінің тұтастығын білдіретін ортақ қасиеттері мен айырым белгілері айқындалып, өзекті заңдылықтары жүйеленген, түркі жазба әдеби тілінің грамматикасы түзіліп, сөздік қоры жинақталған осынау ғажайып еңбектің аты затына сай, өте дөп қойылған деп есептейміз.
Слайд 8: ҚАШҚАРИ «ДИУАНЫН» ҚАШАН ЖАЗҒАН?
Еңбекті Қашқари Бағдатқа келген соң не келмей тұрып жазғандығы жөнінде түрлі көзқарастар бар. Дегенмен Стамбұлдағы жалғыз нұсқаның соңғы бетінде келтірілген мәліметке қарағанда Қашқарлының Диуан Лұғат ат-Түркі 1072 жылдың 25 қаңтарында басталып, 4 рет редакцияланған соң 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталған. Осы күні Стамбұлдың Ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған Диуан Лұғат-ит-Түріктің жалғыз нұсқасы Мәмлүктер топырағында Сұлтан Бейбарыс заманында Савада туып, Дамаскіде өмір сүрген Мұхаммед ибн ӘбуБәкір ибн Әбул-Фатхтың қолымен шамамен 200 жылдан кейін 1266 жылдың 1 тамызында көшірілген.
Слайд 9: ДИУАН» ҚАЙ ТІЛДЕРГЕ АУДАРЫЛҒАН?
« Диуанның » ең алғашқы аудармасы Муалим Рыфаттың қолымен 22 дәптерде түрік тілінде жасалған болатын. Өзбекстан ғылым академиясы баспасынан 1960-63 жылдары « Түрки сөзләр Дивани » деген атпен 3 томдығы жарық көреді. Аударып баспаға дайындған Салих Муталлибов. Ақыры 1978 жылы ұйғыр және қытай тілдеріне аударылуы жөнінде мәселе ресми күн тәртібіне қойылады. Шыңжаң ұйғыр автономиялық облысы Ғылым академисы жанынан құрылған кеңес мүшелері тарапынан аударылып, 1981-84 жылдар аралығында баспадан жарық көреді. 2002 жылы осы еңбектің негізінде қытай тіліндегі аудармасы жасалады. 1982-85 жылдары арасында ағылшын тіліне аударылып, Гарвард университетінде « Mahmud al-Kashgari Compendium of Turkic Dialects (Diwan Lugat at-Turk)» деген атпен жарық көреді. Жәдігерді тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлетіп, баспаға дайындаған Асқар Егеубаев болды. 1997 жылы 1-2 томдарын, 1998 жылы 3-томын « Түрік Сөздігі » деген атпен жариялаған болатын. Сондай-ақ 2004 жылы профессор Хүсейін Дүзгүн 1 томдық етіп парсы тіліне, Рамиз Ескер 2006 жылы әзірбайжан тіліне аударып бастырды. Көріп отырғанымыздай түрік, қазақ, ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, қытай, ағылшын және парсы тілдеріне аударылып жарияланған « Диуан Лұғат-ит-түріктің » аудармалары мыңдаған кандидаттық және докторлық диссертациялар мен іргелі зерттеу еңбектеріне әлі күнге арқау етіліп келеді..
Слайд 10: ДИУАННЫҢ» СӨЗДІК ҚОРЫ ҚАНША?
« Диуанның » абыройын асырып, Қашқаридің мерейін үстем еткен нәрсе ол - әрине, осыдан мың жыл бұрынғы түркі тайпалары тілінің сөздік қорын жинақтап, мысалдарымен қоса беруі. Осы күнге дейін Қашқари сөздігіне жасалған статистикалық талдаулардың нәтижесінде бірізділік байқалмайды. К. Броккельманның « Mıttelturkischer Wortshats nach Mahmut al-Kashgaris Dıvan Lugat at-Turk» атты еңбегінде 7993 сөз орын алса, Бесим Аталайдың Индекс сөздігіндегі сөздердің саны 8783. Абдуррахменов пен Муталлибовтың индексінде 9222 сөз берілсе, Вефа Налбанттың түзген сөздігінде 8624 сөз реестерге алынған. Статистикадағы бұл әртүрліліктің себебі кей зерттеушілердің « Диуандағы » реестер сөздермен қоса мысалдар да берілген кей сөздерді де жеке сөз ретінде алғандығымен түсіндіруге болады.
Слайд 11: КЕЙІНГІ ӨМІРІ ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕМІЗ?
Қашқаридың бұдан басқа « Китаб Жәуаһир Наһу фи Лұғат ат-Түрк » атты еңбегі болғандығын білеміз және диуанында кейбір мәселелерді осы кітабында егже-тегжей қарастырғаны жөнінде сілтеме жасап отырады. Өкінішке қарай бұл кітабы әлі күнге табылған жоқ. Ғалымның бұдан кейінгі өмірі жайындағы пікірлер бір-бірімен қарама-қайшы түсіп жатады. Бұл жөнінде тарихи жазбаларда басы ашық ешнәрсе айтылмайды. Кей деректерде 1080 жылы Бағдаттан өзінің балалық шағын өткізіп, алғаш білім нәрімен сусындаған Қашғар қаласы маңындағы Опал елдімекеніне келіп қоныстанғандығы, осы жерде Мұхаммәдия медресесін құрып, 10 жыл ұстаздық жасаған соң 1090 жылы 97 жасында дүниеден өткендігі айтылады. Ендігі бір деректерде 89 жасында Опалға келіп, 8 жыл дәріс берген соң 1105 жылы, тағы бір жерде 1026 жылы қаза болғандығы, өз медресесі маңындағы зиратқа жерленгендігі келтірілген. Қазіргі таңда Опал ауылының солтүстік батысында 4 километр жерде Қашқаридың кесенесі орналасқан. Қашқари жатқан зират кесененің оңтүстігіне қарай 20 метр жердегі төмпешікте көрінеді. Онда 1008-1105 жылдар аралығында өмір сүргендігі жазылған.
Последний слайд презентации: Махмұд Қашқари: Әдебиеттер
1. Ahmet (Kilisli) Rif’at. Divanü Lûgat it-Türk. Istanbul. Cilt I, 1333 (1915), cilt II, 1333 (1915), cilt III, 1335 (1917). 2. Besim Atalay. Divanü Lûgat it-Türk Tercümesi. Ankara, cilt I, 1939, cilt II, 1940, cilt III, 1941. 3. Besim Atalay. Divanü Lûgat it-Türk. Tıpkı baslımı (Faksimile). Ankara, 1941. 4. Brockelmann C. Mitteltürkisher Wortschatz nach Mahmud al-Kasgaris, Divan Lûgat at-Türk. Bibliotheca Orientalis Hungarica, I. Budapest-Leipzig, 1928. 5. Муталлибов С.М. Махмуд Кошғарий. Туркий сузлар девони (Девону луғотит турк ). Уч томлик, І том. Тошкент, 1950. 6. Құрышжанов Ә. М.Қашқари еңбегінің зерттелу тарихынан ( қысқаша шолу ) // Қазақ Ғылым академиясы Тіл білімі институтының еңбектері. Алматы, 1963, 3 том, 182–189-б. 7. Кононов А.Н. Махмуд Кашгарский и его “Дивану Лугат ит-турк ” //Советская тюркология. Баку, 1972, № 1, 3–17-б. 8. Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А., “ Қайнар ”, 2001, 297-326-б.