Дайындаған проф., м.ғ.к. Суманова А.М.
Слайд 2
Стоматология (грек тілінен «stoma» – ауыз, logos - ілім) – тістер, жақ сүйек және ауыз қуысының басқа ағзалары ауруларының этиологиясын (ауру себептерін) және патогенезін (аурулар даму механизмін), осы ауруларды анықтау, емдеу әд i стер i және алдын-алу шараларын зерттейт i н i л i м; клиникалық медицинаның б i р саласы.
Слайд 3
Стоматология медицинаның ең жас саласы болып саналады. Стоматологияның пайда болуының алдында оның екі бағыты жақ-бет хирургиясы және тіс емдеуі үлкен тарихи даму жолын өтті. .
Слайд 4
Қазіргі уақытта стоматология әртүрлі бөлімдерімен көрсетілген: Терапиялық стоматология Хирургиялық стоматология Ортопедиялық стоматология Балалар жасындағы стоматология Ортодонтия Стоматологиялық ауруларының профилактикасы Жақ-бет хирургиясы
Слайд 5
Терапиялық стоматология – ауыз қуысы ағзалары мен тіндері ауруларының, олар пайда болу себептерін, дамуын, диагностикасын, емін және алдын алу шараларын оқитын медициналық пән. Терапиялық стоматология басқа стоматологиялық пәндер үшін негізігі пән болып табылады.
Слайд 6: Стоматологияның даму сатылары :
Ескі ғасырдағы стоматология Орта ғасырдағы стоматология 17-19 ғасырдағы тіс емдеу Заманауи стоматология
Ерте заманда тұрған майя халқ ының тістерінде ойықтар кездескен, олар алтынмен, нефритпен жабылған.
Слайд 11: 1830ж. Керчь маңындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған біздің ғасырымызға дейінгі IV- ғасырдағы Скиф вазасында тіс жұлу үрдісі салынған. Скиф жауынгері еденде отырып жанындағы жолдасының басын бір қолымен ұстап, екінші қолымен тісін қозғап жатқандығы суреттелген
Слайд 12: Ғылыми пән ретінде стоматологияның негізін салған француз хирургі Пьер Фошар болды (1690–1762)
Слайд 13: Дантистің бірінші кабинеті (19 ғасыр ) креслосы мен бормашина
Ескі және орта ғасырларда тістерді емдеу үшін қол борлар қолдануда болды. XIX ғасырда бірінші бормашина ойлап шығарылды.
Слайд 14: Ресейде тіс емдеу
Ресейде стоматология медицинаның жеке бағыт ретінде Петр І уақытында туылды. 1707 ж. Ресейде дәрігерлерді даярлайтын алғаш госпиталды мектеп ашылды. 1710 ж. арнайы емтихан тапсырып шыққан осы мектептің бітірушілеріне Петр І «тіс дәрігер» деген атақты еңгізді.
Слайд 15: Ресейдегі бірінші тіс емдеу мектептер
1881 ж. Петербург қаласында Ф.И.Важинский Ресейдегі бірінші тіс емдеу мектебін ашты. 1892 ж. Мәскеуде тіс емдеу мектебін И.М.Коварский ашты.
Слайд 16
Қазақстанда тіс дәрігерлерді дайындау өткен ғасырдың 50-шы жылдарында басталды. Бұл уақытта республикада алғаш тісдәрігерлік мектептер ашылды. 30-ші-40-ші жылдарында халық арасында нома, қызыл жегі, мерез аурулары көп таралған, сол себептен осы аурулармен науқастанған адамдардың беттерінде кейіпсіздендіретін үлкен ақаулар пайда болатын. Бұндай пациенттер бет-жақсүйек хирургия бойынша медициналық көмек көрсетуді талап еткен. Қазақстанның жетекші хирургтар - академик А.Н. Сызганов, проф. В.В. Зикеев ж.б. бет-жақсүйек хирургиясының пионерлері болып табылды.
Слайд 17
Ұлы отан соғыс жылдарында Қазақстанда бет-жақсүйек хирургиясының әрі қарай дамуы байқалады: Алматы қаласында ұйымдастырылған эвакогоспиталдің құрамында бет-жақсүйек бөлімі ашылады. Бөлімінің меңгерушісі хирург Суслова П.Т. болды. Кейін бұл кісі 1940-1958 ж.ж. Алматы медицина институтының госпиталды хирургия кафедрасының бет-жақсүйек хирургиясы бойынша доценттік курсының меңгерушісі болып қызмет істеді.
Слайд 18
Советтік жылдарында қазақстандық жақ-бет хирургтардың - Н.Е.Потатуркина (Семей қ.), В.А. Лавров (Қараганды қ.), П.Т. Суслова (Алма-Ата қ.) белсенді ұйымдастыру жұмыстар арқасында жақ-бет аймағының аурулары бар науқастарға мамандырылған көмек көрсету үшін және жоспарлы мен шұғыл операция жасау үшін Семей, Қарағанды, Алматы қалаларында алғашқы стоматологиялық стационарлар ашылды.
Слайд 19
Қазақстанның стоматология тарихының елеулі кезеңі ол – 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі кезде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті) стоматология факультетінің ашылуы. Факультетке алғаш рет 100 студент қабылданды. Кейін институтта арнайы стоматологиялық пәндер оқытатын кафедралар ұйымдастырылып ашылды – терапиялық стоматология кафедрасы, хирургиялық стоматология кафедрасы, ортопедиялық стоматология кафедрасы.
Слайд 21
Терапиялық стоматология кафедрасының тұнғыш меңгерушісі – доцент Фефелов А.И. болды (1962-1968 ж.ж.).
Слайд 22
1968-1984 ж.ж. – кафедраны проф. Корытный Д.Л. меңгерді. Профессор Д.Л.Корытныйдың жетекшілік етуімен кафедрада ғылыми жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілді.
Слайд 23
Проф. Д.Л.Корытный жетекшілік етуімен төмен қарқынды лазерді стоматология саласында қолдану бағытында тиімді ғылыми зерттеулер жүргізілді. Көптеген ізденістердің нәтижесінде төмен қарқынды лазер сәулесінің биологиялық әсер ету механизмі анықталды және негізгі стоматологиялық ауруларды лазермен емдеу әдісі қалыптасты.
Слайд 24
Кафедраға 1984-2003 жылдары аралығында профессор Л.Я.Зазулевская жетекшілік етті. Зазулевская Лидия Яковлевна – медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей федерациясы лазер ғылыми академиясының және Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының академигі.
Слайд 25
Кафедраның 1985 жылдан басталған ғылыми зерттеу жұмысының бағыты – лазерлік медицина аппараттарын жасау және олардың емдік қасиеттерінің механизмін зерттеу. Профессор Л.Я.Зазулевскаяның жетекшілігімен осы уақытқа дейін зерттелген материалдар бойынша 4 докторлық, 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды және зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелер 27 куәлікке ие болды. 2004-2020 ж.ж. кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.д., проф. С.С. Жолдыбаев атқарды.
Слайд 26
Республикамыздың екінші стоматологиялық факультеті 1978 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институтында ашылды. Кейін стоматологиялық факультеттер Семей (1992), Шымкент (1998), Ақтобе (1999), Астана (2002) қалалырындағы медициналық институтарында ұйымдастырылып, ашылды.
Слайд 27: Терапиялық стоматологияның басқа медициналық пәндермен байланысы
Терапиялық стоматология Хирургиялық стоматология Ортопедиялық стоматология Балалар жасындағы стоматология Басқа медициналық пәндер гематология ЛОР дерматовенерология фтизиатрия гастроэнтерология кардиология терапия
Слайд 28
«Терапиялық стоматология негіздері» пәннің мақсаты – студенттерді тісжегіні (кариес зубов) және оның асқынуларын емдеуге, клиникада жұмыс істеу жүргізуге даярлау.
Слайд 29
Пәннің міндеттері: Стоматологиялық клиникасының терапиялық кабинеттің ұйымдастыруын және жұмысын, сонымен қатар құрал-жабдықтар мен аспаптарды, олар құрылысын және тағайындалуын оқып білу;
Слайд 33
Әртүрлі пломбалық материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, олар дайындау және қолдану әдістерін, әртүрлі классты тісжегі қуыстарын пломбалау ерекшеліктерін оқып білу;
Слайд 35
Стоматологиялық терапиялық кабинетті ұйымдастыру 1.Стоматологиялық бөлменің ауданы дәрігер жалғыз өзі жұмыс істегенде 1 негізгі стоматологиялық кресло үшін кем дегенде 14 м2 болуы керек. Қосымша жайлы орындық қойылатын болса, тағы да 7 м2-қа тең жұмыс орны қарастырылады. Ал егер қосымша жайлы орындық әмбебап стоматологиялық қондырғысымен қойылатын болса онда тағы да 10 м2 жұмыс орны қарастырылады.
Слайд 36
2. Бөлменің биіктігі 3 м-дең кем болмау керек (яғни әр адамға 12 текше метр ауа көлемін қамтамасыз ету үшін). 3. Бөлменің тереңдігі- 6 м-дең аспау керек (жұмыс орнындарына жеткілікті табиғи жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін).
Слайд 37
4. Бөлменің қабырғалары тегіс болу керек ( жарықтар болмау керек ) және ылғалды тазалауға оңай келетін ақшыл түстес бояумен немесе материалмен жабылу қажет. 5. Бөлеменің төбесі ақ түсті бояумен боялу қажет. 6. Бөлменің едені линолеуммен немесе плиткамен жабылу керек ( жарықтар болмау керек ) және ылғалды тазалауға оңай болу қажет. 7. Терезе мен есіктерді майлы бояумен немесе эмальмен ақ түске бояйды.
Слайд 38
8. Стоматологиялық бөлмеде табиғи жарық болу керек. Бөлме терезелері күн сәулесі тікелей түспес үшін және күн жарығының ауысуы дәрігер көзін талдырмау үшін солтүстік жаққа бағытталу керек. 9. Терезелер ауданының еден ауданына қатынасы 1:4-1:5 болу керек. 10. Жасанды жарықтандыру жүйесі екеу болу қажет: жалпы (төбедегі шамдар) және жергілікті (бормашинаның шамы).
Слайд 39
11. Жылу орталықтан болу керек, батареялар температурасы 80 град аспау керек және оларды қоршаусыз терезе астына орналастырылады. Беті тегіс, бояулы, ылғалды тазалауға оңай келетін болу керек. 12. Кондиционерлеу жүйесі бөлме температурасын 22 град-тан жоғары аспауды қамтамасыз ету керек. 13. Вентиляция – бөлме еріксіз ағынды-сорғылы желдетумен және табиғи желдетумен (ашылатын терезелер) қамтамасыз етілу қажет. 14. Екі жайлы орындық қатар тұрғанда аралығы 1,5 м болғаны жөн.
Слайд 40
Стоматологиялық кабинеттің жабдықталуы Негізгі жабдықтар – стоматологиялық қондырғы, стоматологиялық жайлы орындығы (кресло), дәрігер орындығы, ассистенттің орындығы, дәрігердің стоматологиялық үстелі.
Слайд 41
Қосымша жабдықтар – белгілі диагностикалық немесе емдік манипуляция жасауға арналған жабдықтар. Мысалы, электроодонтодиагностика үшін аппарат, апекс-локатор, фотополимеризациялауға арналған шам және т.б.
Слайд 42
Залалсыздандыруға арналған жабдықтар – кабинет ауасын залалсыздандыруға арналған кварц шамы, залалсыздандырылған аспаптарды сақтау үшін бактерицидтік камерасы.
Слайд 43
Сонымен қатар, залалсыздандыруға арналған жабдықтар - стоматологиялық аспаптарды залалсыздандыру үшін құрғақ ыстық ауалы шкаф және автоклав арнайы заласыздандыратын бөлмеде немесе бөлімшесінде орнатылады.
Слайд 44
Медбике жұмысына арналған жабдықтар – құжаттар толтыруға арналған үстел, орындық, құжаттар сақтауға арналған шкаф, компьютер. Қол жууға арналған жабдықтар - қол жууға арналған раковина (шұңғылша). Сонымен қатар, заласыздандыратын бөлмеде немесе бөлімшесінде залалсыздандыру алды өндеуге (предстерилизационная обработка) арналған жабдықтар орнатылады - аспаптар жууға арналған раковина, дезинфекциялаушы және жуығыш ерітінділерімен ыдыстар.
Слайд 45
Медициналық жиһаз – дәрі-дәрмектер, аспаптар, пломбалық материалдарды сақтауға арналған шкаф, улы заттарды сақтауға (А) және әсері күшті заттарды сақтауға (Б) арналған шкафтар, жедел жәрдем көрсетуге арналған дәрілер - аптечка (қобдиша), кушетка, пациенттерге арналған орындықтар.
Слайд 46
Кабинеттегі барлық жабдықтарды дәрігер мен ассистент жұмыс жасаған кезде артық қимылдарды жасамау үшін және медбике дәрігер нұсқауын тез арада орындау үшін ыңғайлы орналастырады. Сонымен қатар, жабдықтарды және жиһазды кабинеттің «таза» және «кір» зоналарына қарай орналастырады. Мысалы, пациенттер креслоға барып отырғанда бактерицидтік камерасы қасынан өтпеу қажет.
Слайд 47
Стоматологиялық қондырғысының құрылысы Стоматологиялық қондырғы пациентті қарап тексеру үшін, диагностика жасау үшін, тісжегіні және оның асқынуларын, пародонт тіндерін емдеу барысында (егеу, пломбалау, тіс шөгінділерін алу), сонымен қатар тістер жұлу, тіс протездерін жасау барысында белгілі манипуляцияларды жасау үшін қолданылады.
Слайд 48
Стоматологиялық қондырғысының негізгі блоктары: Аспаптар блогы – ауыз қуысында манипуляция жасау үшін аспаптар (микромоторлар, микромоторлы ұштықтар, турбиналық ұштықтар), скейлер (тіс шөгінділерін, тастарын алуға арналған аспап) және т.б.
Слайд 49
Ұштық (наконечник) – тістің қатты тіндерді егеу үшін қолданылатын құрал. Ұштықтар роторлы аспаптардың (бор, диск, финир және т.б.) айналуын қамтамасыз етеді. Ұштықтардың негізгі түрлері: микромоторлық және турбиналық. Микромоторлық ұштықтар роторлы аспаптарына 10000-30000 айн/мин, ал турбиналық – 300000-500000 айн/мин. жылдамдығын қамтамасыз етеді. Микромоторлық ұштықтар (тік және бұрыштық) Турбиналық ұштық
Слайд 51
Басқару блогы – педальдан және басқару панельден тұрады, қондырғының барлық жүйелерін басқарып отыруға мүмкіндік береді (креслоның орналастыруы – жоғары, төмен, артқа, алға қарай; аспаптар айналу жылдамдығы және т.б.) педаль панель
Слайд 52
Гидроблок – түкіргіштен, раковинаның стаканнан, сілекейсорғыштан және шаңсорғыштан, су-ауа пистолеттен тұрады.
Слайд 53
Жарықтандыру блогы – жұмыс алаңына жарық түсіру үшін галогенді шамынан және шамды жоғары көтеру немесе төмен түсіру, айналдыру үшін ұстап тұратын кронштейннен тұрады.
Слайд 54
Стоматологиялық кресло – пациент отыруға арналған кресло. Дәрігерге ыңғайлы жұмыс жасау үшін креслоны тік жазықтықта жылжытуға болады (жоғары көтеру, төмен түсіру). Кресло арқасы да жоғары көтеріледі және төмен түсіріледі. Бас тірегіш пациенттің басын тік және көлденен жазықтықта орнатуға мүмкіндік береді.
Слайд 55
Компрессор – сығылған ауаны турбиналық ұштыққа және су-ауа пистолетіне беріп тұру үшін.
Слайд 56
Дәрігер-стоматологтың үстелі – жұмыс жасау кезінде аспаптарды, дәрі-дәрмектерді, аппараттарды қою үшін арналған.
Слайд 57
Дәрігер-стоматологтың орындығы – жұмсақ отырғыштан, жартыай тәрізді арқасынан, доғалақтардан тұрады. Ассистенттің орындығы дәрігердің орындығынан 15-20 см жоғары болу керек (дәрігер жұмыс алаңын жақсы көру үшін ассистент кішкене жоғарырақ отыру керек)
Слайд 58
Стоматологиялық аспаптардың негізгі топтары: Ауыз қуысын тексеруге арналған аспаптар Тіс шөгінділерін алуға аспаптар Тісжегі қуысын егеп-тазалауға арналған аспаптар Пломбалық материалдарды дайындауға арналған аспаптар Пломбалауға (пломба салуға) арналған асапаптар Пломбалар өндеуге арналған аспаптар Пломбалауға арналған қосымша құралдар
Слайд 59
Ауыз қуысын тексеруге арналған аспаптар Стоматологиялық айна Стоматологиялық зонд Стоматологиялық пинцет Стоматологиялық айна – дөңгелек, диаметрі 2 см айна беткейінен және сабына бұрап кигізілетін стерженнен тұрады.
Слайд 60
Стоматологиялық айналардың екі түрі болады: ойыс айна – қарап тексерілетін объектті үлкейтіп көрсетеді және жалпақ - объекттің шынайы көлемін көрсетеді. Айнаның көмегімен жұмыс орнына қосымша жарық түсіреді, тікелей көзге көрінбейтін ауыздың сілемейлі қабығының аймақтарын немесе тістерді қарап тексереді, ерінді, ұртты, тілді ұстап тұрады және өткір аспаптармен жұмыс істеу барысында оларды травмадан қорғайды.
Слайд 61
Стоматологиялық зонд – жұмысшы бөлігі өткір ұшымен аяқталады. Зондтың көмегімен тістер фиссураларын, олар тереңдігін тексереді, тісжегі қуыстарын анықтайды, тіс тіндерінің ауырсынуын және жұмсарғандығын, тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысының бар жоқтығын анықтайды.
Слайд 62
Стоматологиялық пинцет – иілген конустәрізді екі бранштан тұрады. Пинцетті тіс қозғалғыштығының дәрежесін анықтау үшін, ауыз қуысына мақта тампондарын ұстап апару үшін (тампондар көмегімен тістерді сілекейден ажыратады, тісжегі қуысын медикаментозды өндейді). Пинцеттің көмегімен ұсақ аспаптарды ұстап тасымалдауға болады.
Слайд 63: Тіс шөгінділерін алуға аспаптар
Экскаватор (аршығыш) – сабынан және оның екі ұшындағы өткір кішкене қасық тәрізді жұмысшы бөлігінен тұрады. Экскаватордың көмегімен тіс шөгінділерін (тастарын), тісжегі қуысы ішінен тамақ қалдықтарын, жұмсарған дентинді, уақытша пломбаларды алып тастайды.
Слайд 64: Тіс шөгінділерін алуға аспаптар
Стоматологиялық имектер – пішіні мен өлшемдері әртүрлі аспаптар, комплектісімен шығарылады. Жұмысшы бөлігінің пішіні тік немесе иілген күректәрізді немесе орақтәрізді және т.б. болады.
Слайд 65
Тісжегі қуысын егеп-тазалауға арналған аспаптар (борлар) Борлар: 1.Тік ұштыққа арналған 2.Бұрышты ұштыққа арналған Тік ұштық Бұрышты ұштық
Слайд 66
Жұмыс басының пішініне қарай борлар түрлері: Шартәрізді Фиссурлы (цилиндрлі) Конустәрізді Керіконустәрізді Доғалақтәрізді және т.б.
Слайд 67
Материалына байланысты борлар түрлері: Алмазды борлар Карбид вольфрамнан жасалған борлар (твердосплавные боры – қатты қорытпалы борлар) Болаттан жасалған Алмазды борлар Карбид вольфрамнан жасалған борлар
Слайд 68
Алмазды борлар – жұмысшы бөлігі – болаттан жасалған басы алмазды түйіршіктерімен жабылған. Алмазды борлардың абразивты қасиеттері бар, сондықтан оларды тістің өте қатты тіндерін өндеу үшін ұсынылады, мыс., тіс кіреукесін. Алмазды борлармен жұмсақ тіндерді егеп-тазалаған кезде, олар абразивты қасиетін жоғалтады (бітеліп қалады). Алмазды түйіршіктерінің өлшеміне қарай борларды түрлі-түсті кодпен белгілейді (аспап сағасындағы түрлі-түсті жолақтар). Аспап сағасында жасыл, көк немесе қызыл жолағы бар борларды тісжегі қуысын егеу үшін, ақ немесе сары жолағы бар – пломба бетін өндеу үшін, қара жолағы бар – тіс кіреукесін трепанациялау (сау эмальді егеу) үшін ұсынылады.
Слайд 69
Пломбалық материалдарды дайындауға арналған құралдар Плато (әйнек) Шпатель (металлды) Шпатель (пластмассалы) Плато – ұнтақталған әйнектен жасайды. Оның бір беті тегіс, екіншісі бұдыр. Плато бетінде пломбалық материалдарды аралыстырады. Кейбір пломбалық материалдардың комплектісінде араластыру үшін арнайы қағаздан жасалған блокноты болады.
Слайд 70
Шпатель – сабы және оның екі жағында тік созылған күрекшелері бар аспап. Шпательдің көмегімен дәрі-дәрмектерді және пломбалық материалдарды дайындап, араластырады. Пластмассалы шпательді металлмен реакцияға түсетін пломбалық материалдарды араластыру үшін қолданылады, себебі металлдың түйіршіктері цементтің қамырымен араласып, пломба түсін өзгертіп жіберу мүмкін.
Слайд 71
Пломбалауға (пломба салуға) арналған асапаптар 1. Тегістегіш (гладилка) 2. Штопфер Тегістегіш – жұмысшы бөлігі иілген немесе тік қысқа күрекшелерімен көрсетілген. Тегістегіштің көмегімен егеп-тазаланған тісжегі қуыстарына пломбалық материалды апарады және пломбаға белгілі бір пішін береді.
Слайд 72
Штопфер – аспаптың жұмысшы бөлігі дөңгелек, алмұрттәрізді немесе цилиндртәрізді басымен көрсетілген. Аспап пломбалық материалды тісжегі қуысының ішінде нығыздау үшін қолданылады.
Слайд 73
Пломбалар өндеуге арналған аспаптар Борлар (сары, ақ жолағы бар) Финирлер Силиконды бастар (головки) Полирлер Полирлеуге арналған дискілер Штрипстер
Слайд 74
Борлар (сары, ақ жолағы бар) және финирлер пломбаларды алдын ала өндеу үшін қолданылады. Финирлер стерженнен және жұмысшы бөлігінде өте ұсақ кертіктері (насечки немесе кесу қырлары) бар басынан тұрады. Борлар Финирлер
Слайд 75
Полирлер, силиконды бастар, полирлеуге арналған дискілер пломбаларды ақырғы өндеу үшін (жылтырату) қолданылады. Силиконды бастар силиконды резинадан, абразивтен және пигменттерден тұрады. Абразиві – ультраұсақ алмазды түйіршіктері.
Слайд 76
Полирлеуге арналған дискілер – бір немесе екі жағынан абразиві бар лавсаннан немесе полиэтиленнен жасалған дөңгелек жалпақ аспаптар. Дисктертің абразивтілігі әртүрлі болады (түрлі-түспен белгіленеді) және ол абразивті түйіршіктерінің өлшеміне байланысты. Дискті дискұстағышқа кигізіп, микромоторлы ұштыққа бекітеді.
Слайд 77
Штрипстер – тегіс және бұдыр беттері бар целлулоидты немесе қағаздан жасалған жолақтар. Бұдыр беттері абразивпен жабылған. Штрипстер тістердің контактты беткейлеріне қойылған пломба беттерін өндеу үшін қолданылады.
Слайд 78
Пломбалауға арналған қосымша құралдар Осы топқа тістердің жанасу беткейлерін қалпына келтіруге арналған құралдар жатады: Матрицалар (мөлдір және металлды) 2. Матрицаұстағыш Сыналар (клинья – ағаштан жасалған және мөлдір болады) Целлулоидты қалпақтар
Слайд 79
Матрицалар Мөлдір матрицалар (сәуле әсерінен пломбаларды қойған кезде қолданылады, себебі металлды матрицалар жарықты өткізбегендіктен пломба дұрыс қатпайды) Матрица Матрицаұстағышпен матрица
Слайд 80
Сыналар және матрицаұстағыш матрицаның тіске тығыз жабысуын қамтамасыз етеді. Мөлдір сыналарды әдетте сәуле әсерінен қатаятын пломбаларды қойған кезде қолданылады. Сонымен қатар, пломба қояр кезде тіс арасына енгізілген сыналар тіс аралығын кішкене кеңейтіп жібереді. Пломба қойғаннан кейін матрица мен сынаны алып болған соң көршілес тістер орнына келеді да, олар жанасу беткейлері бір біріне түйісіп, тістер арасы жабылады.