Первый слайд презентации: Тақырыбы : Стационарлық хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Медициналық құжатты, жақ-бет аймағы бөлімшесінде есеп беру және талдау жұмыстарын жүргізу
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орында ған: Мерегнбаева А.О Қабылдаған : Құрышжанова Қ.Р
Слайд 2
1) Жақ-бет аймағы хирургиялық бөлімінің стационарына қандай санитарлы-гигиеналық талаптар қойылады? 2) Жақ-бет аймағы хирургиялық бөлімінің, қабылдау бөлімінің, операциялық бөлімінің жабдықталуы? 3) Қандай бормашина (стматологиялық қондырғылар ) түрлерін білесіңіз? 3) Стоматологиялық бөлменің жабдықталуы? 3) Дәрігер стоматолог хирургтың жұмыс орнын ұйымдастыру? 4) Стоматологиялық кабинеттің мейірбикесінің компитенциясындағы міндеттілігі қандай? 5) Стоматологиялық кабинеттің санитарының компитенциясындағы міндеттілігі қандай? 6) Стоматологиялық қабылдау шарттарындағы негізгі қауіпсіздік ережелері? 6) Хирургиялық стоматология қабылдауындағы науқасты қарап тексеру кезеңнде қандай стоматологиялық аспаптарды қолданады? 7) Стоматологиялық қондырғылармен жұмыс жүргізген кезде қандай негізгі ережелерді ұстану керек? 8) Қандай асептика және антисептика шараларын білесіңіз? 9) операцияға қолдарды дайындаудың қандай әдістерін білесіңіз? 10) Операциялық алаңды өңдеудің қандай түрлерін білесіңіз? Жоспары:
Слайд 3
Қазақстан денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша республикалық, облыстық,қалалық,аудандық стоматологиялық емханаларда хирургиялық стоматология бөлімшесі немесе бөлмесі болуы тиіс.
Слайд 4
Стационар -бет-жақ аймағында хирургиялық және консервативті емді қажет ететін ауруы бар науқастарды тексеру және емдеу үшін арналған. Бет- жақ аймағында шұғыл түрде госпитализациялауды қажет ететін аурулар бар. Оларға:жақ остеомиелиті,абцесс, флегмона,лмфаденит,фурункул карбункул т.б.
Слайд 5: Жақ-бет аймағы хирургиялық бөлімінің стационарына қандай санитарлы-гигиеналық талаптар қойылады?
Хирургиялық стоматологиялық стационар: Операция-таңу бөлімінен(блок); Прцедуралық бөлмеден; Тамақтануға арналған бөлімнен; Палаталардан; Мейірбекеге арналған посттардан т.б тұрады. Сонымен қатар ауыз қуысын шаюға арналған арнайы бөлме,асептика ережелері бойынша іріңді-қабыну ауруларына арнайы бөлмелер палаталар қажет.
Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме(көлемі бір ауруға 1.2 м² орта есеппен 4 ауруға арналу қажет) Операция алдындағы бөлме( 10 м²); Операциялық бөлме ( бір креслоға немесе бір операция жасайтын столға 23 м²,ал келесі әрбір кресло үшін немесе стол қою үшін 7 м² -тан қосылады) Стерилизация жасайтын бөлме( 8 м²); Операциядан кейінгі аурулар уақытша жататын бөлмесі.
Слайд 7: Хирургиялық кабинетке қойылатын талаптар:
Кабинеттің қабырғалары кем дегенде 1.8 м биіктікте плиткамен,ал операциялық бөлмеде қабырғалары толық жабылу керек. Төбесі майлы бояулармен боялуы тиіс. Едені линолеуммен немесе керамикалық плиткамен жабылады. Хирургиялық кабинеттің биіктігі 3 м болуы тиіс. Табиғи жарықпен қоса жасанды жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі тиіс; Бөлме температурасы 18-25˚ C болуы тиіс. Хирургиялық кабинет орталық жылумен және су құбырымен қамтамасыз етілуі тиіс;
Слайд 10: Хирургиялық бөлімде:
Стоматологиялық кресло; Жасанды жарық түсіруге арналған лампалар; Инструменттерге арналған стол; Айналмалы орындықтар; Ұштықтарымен бормашиналар; Бактерицидті лампалар және ультракүлгін лампалар; Стоматологиялық инструменттер:әртүрлі көлемді щприцтер,карпульденген анестетиктерді ұстағыштар,бірреттік инъекциялық инелер, пинцеттер,айна, шпатель, қысқыштар мен элеваторлардың жиынтығы,ауызкеңейткіш, скальпель, ине және ине ұстағыштар, балғашық, зондтар т.б. б олуы тиіс.
Слайд 13: Стоматологиялық кабинеттің мейірбикесінің компитенциясындағы міндеттілігі қандай?
Операция алдында дәрігер медбикені жасалатын операциялардың тізімімен таныстырып, оған керекті құралдар мен материалдарды дайындауға тапсырыс береді; Операция кезінде хирургке көмекші болады; Операциядан кейін науқасты уақытша демалатын бөлмеге жатқызады; Науқастарға егу жұмыстарын жүргізеді; Құралдарды залалсыздандырады:
Слайд 14: Стоматологиялық кабинеттің санитарының компитенциясындағы міндеттілігі қандай?
Мейірбеке әр науқасты қабылдағаннан кейін орнын сүртеді,түкіргішті тазалайды; Науқастардың палатасыны күніні 2 рет ылғалды тазалау жүргізеді; Хирургиялық кабинетте ылғалды тазалау күнін е 2 рет жүргізіледі. Барлық бөлмелерді күніне 2 рет бактерицидті шаммен өңдейді. Аптасына 1 рет тыңғылықты тазалау жұмысы жүргізіледі.
Слайд 15: Хирургиялық бөлімде толтырылатын құжаттар:
003 ф стационарлық науқастың медициналық картасы; 004 ф- температура парағы; 004-1 ф-дәрігердің тағайындау парағы; 066 ф стационардан шыққан науқастың статикалық картасы; 071 ф-медициналық қорытынды.