Первый слайд презентации
Мақала тақырыбы: ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘРТЕБЕСІНІҢ КӨРІНІСІ Орындаған: Сазанова Динара, Теология 1 курс магистрант;
Слайд 2
Мақаланың зерттеу объектісі: 1.Қазақ тілінің тарихтан бүгінге жалғасқан Қазіргі қазақ тілінің ахуалы. 2. Қазақ тілінің тарихына тоқала отырып, бүгінгі жағдайын саралау. 3. Мемлекеттік тіл дамуындағы өсекті мәселелерді дәлелді талдау және ұсынымдар енгізу.
Слайд 3
40. Қазақ тілі 17-20 ел, 16 197 000 сөйлеушісі бар. 2019 жылғы статистикалық дерек бойынша, әлемдегі сөйлеушілері көп тілдердің көшбасында:
Слайд 4
араб тілінде - 12 миллион 300 мың, ағылшын тілінде - 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың сөз бар. Әлемде сөздік қоры жағынан Ең бай тілдер:
Слайд 5
Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалы зерттеулерге сүйенсек қазақ тілін ең көп меңгерген тұрғындар көрсеткіші; Қызылорда (97,9%), Атырау (94,7%), Шымкент қаласы (91,9%), Қостанай облысы (24,9%), Батыс Қазақстан облысы (26,3%) Ақмола облысы (42,7%) меңгерген
Слайд 6
Қазақ тілінің заңдық рөлі Конституцияның 7-бабында « Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тiл - қазақ тілі » делінген. Президент Тоқаев алдыңғы жолдауында, « Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі » деді. Тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн реттейтін « Қазақстан Республикасындағы тiл туралы » арнайы заңның 4-бабында: « Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi », - деп көрсетілген. Конс титуцияның 7-баптын 2-тармағында: « Мемлекеттік ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады », - деп айтылған. Демек « ресми түрде » деген сөз тіркестері бар, бірақ, бұл « орыс тілі ресми тіл » дегенді білдірмейді.
Слайд 7
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың негізгі мемлекеттік бағдарламасы: 2001-2010жж, 2011-2019жж, 2020-2025жж.
Слайд 8
Қазіргі тіл білімінің проблемалық мәселелері: аралас мектептер мәселесі және мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардағы тілдік ахуал; интернеттегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің саны мен сапасын арттыру; қазақ тілінің дамуына қатысты сол тілді меңгермеген және меңгеруге құлқы жоқ азаматтардың ықпалы; қалалық жерде аралас неке нің көп болуы ; тілдік нормаларға қатысты заңбұзушыларды жауапқа тарту мәселесі реттелмеген; нысан атауларын заңдық тұрғыдан реттеу ; сыртқы жарнама мен деректемелердегі тілдік мәселе ; Аударма ісі мамандарын даярлау ; қазақ тілінде сөйлеуді халықтың, оның ішінде жастар арасында сәнге айналдыру ; «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу» жұмысы; Ана тіліміздің құндылығын арттыру, жас буынның тілдік білімін жетілдіру үшін ЖОО-ға, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдік оқу орындарына және мемлекеттік қызметтерге қабылданатын үміткерлердің жаппай қазақ тілінде ауызша және жазбаша емтиханнан өтуін заңдастыру.
Слайд 10
Қазіргі тіл білімінің проблемалық мәселелерінің көрінісіне ұсынымдарым: Мемлекеттік тіл туралы жаңадан арнайы заң қабылдап, оның орындалу барысын Парламент палаталарындағы тұрақты комитеттер арқылы талқылап, елімізде ана тіліміздің басымдығы мен билігінің үстемдігін арттыратын өзгерістер енгізілгені абзал. Жарыққа шығарылатын барлық басылымдар мен құжаттардың тілдік, стильдік сапасын жаңа сатыға көтеру үшін меншік нысандарына қарамастан барлық баспаханаларда білікті баспа редакторларын жұмыс істететін ереже бекітілуі қажет. Ана тіліміздің құндылығын арттыру, жас буынның тілдік білімін жетілдіру үшін ЖОО-ға, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдік оқу орындарына және мемлекеттік қызметтерге қабылданатын үміткерлердің жаппай қазақ тілінде ауызша және жазбаша емтиханнан өтуін заңдастыру. Қала және елді мекендердегі ұйым, мекемелердің атаулары, күре жолдар бойындағы жазбалар тек қазақ тілінде ғана болуын да қалыптастыруымыз керек. Жарнама, түрлі атаулар, ақпарат құралдары мәтіндерінен бастап, оқулықтар, әдеби басылымдарға дейінгі барлық жазбалардың тілдік сапасына, стиліне тұрақты бақылау жасап, кеткен қателерді дер кезінде жөнге келтіріп отыратын тіл сақшылары болуы қажет.
Последний слайд презентации: Мақала тақырыбы: ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘРТЕБЕСІНІҢ
Мұхтар Шаханов : « Тіл – ұлы Ана, өз анасын менсібеудің мұңы бар, Кінәлілер сөзсіз оның кие- күшін ұғынар … Қаптап кетті өлкемізде әңгүдіктер-әңгүрттер, Тілін, рухын сүймегеннің барлығы да – мәңгүрттер Қорытынды: Кілт сөздер : қазақ тілі, мемлекеттік тіл, ең бай тілдер, тіл саясаты, латын әліпбиі ; Пайдаланылған әдебиеттер : 1.Оразбаева Фаузия. Көп туса қазақ дәл сіздей қызды. // Қазақ әдебиеті. – 2009. – №14. – Б. 7. 2. Сыздық Р. Сөздер сөйлейді ( Сөздердің қолданылу тарихынан ). 3-басылымы. – Алматы: Арыс, 2004. – 232 б. 3. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы: Қазақ ССР « Білім қоғамы », 1990. – Б. 52. 4. https :// adebiportal.kz/kz/authors/view/2265 5. https ://egemen.kz/article/246846-til-taghdyry-%E2%80%93-khalyq-taghdyry