Первый слайд презентации
Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері Ежелгі дәуірдегі географиялық деректер Орта ғасырлардағы географиялық ашылулар Ұлы географиялық ашылулар кезеңі
Слайд 2
1-ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады. Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық “ Тарих ” атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген. 2-ші,Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді. Эратосфен ендікті,бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.
Слайд 3
Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын “География” деп аталатын 17 кітап жазған. Ұлы географиялық ашулар кезеңі ХV-XVIII ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуы мен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады. 1492 жылы Х.Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.
Слайд 4
1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды. Колумб ашқан жаңа жерлерге 1498-1503 жылдар аралығында Америго Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды “ Жаңа дүние ” деп атады. 1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.
Слайд 5
XVII ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атымен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралымен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхитпен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді. ХVIII ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты. 1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық,Үнді,Атлант, мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты. 1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты. 1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.
Слайд 6
ХІХ ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар материктер ішіндегі “ ақ таңдақтарды ” жоюмен, бұрын зерттелмеген жақа жерлерді ашумен байланысты болды.П.П.Семенов -Тянь-Шаньский мен Н.М.Пржевальский, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов, А.Гумбольт, Д.Девингстон, Р.Стендли,Н.Н.Миклухо-Маклай Орта Азияны,Тибетті,Жаңа Гвинеяны, Африканы, Тынық мұхит аралдарын зерттеді. ХХ ғасырдағы ірі географиялық жаңалықтар Антарктика материгінің табиғаты мен оның мұз жамылғысы және мұз астындағы жер бедерінің сипатымен байланысты болды.1957-1958 жылдар аралығында Халықаралық Геофизикалық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілді. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері : ғарыштық және аэрокескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. Кеңінен пайдаланылды.
Слайд 8
1. 1819-1821 Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды иұхиттан Тынық мұхитқа өтті ; 2. 1803-1806 Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады ; 3. 1519-1522 Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты ; 4. 1499-1503 И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты ; 5. 1648 Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты
Слайд 11
Континенттер Құрлықтың аса үлкен массивтерін континенттер деп атайды. Жердің 29% - ға жуық бетін континенттер басқан. Батыс ғалымдарының айтуынша біздің планетамызда жеті континент бар: Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Африка және Антарктида. Жер бетіндегі ең ірі континент - Азия, ал ең кішісі - Австралия.
Слайд 12
Азия Азия - халқының саны 3,8 млрд. адамнан тұратын әлемдегі ең ірі континент. Азияның аумағы 44 млн. 579 мың км 2. Азия Еуропа, Тынық мұхиты, Үнді мұхиты, Арктика мұхитымен шектеседі. Азия құрамына 44 мемлекет кіреді. Африка Үлкендігі жағынан және онда өмір сүретін адамдардың саны жағынан алғанда Жер бетіндегі екінші континент. Оның аумағы - 30,3 млн. км 2. Африканың аумағы шартты түрде 6 бөлікке бөлінеді: Солтүстік Африка, Сахара, Батыс Африка, Орталық Африка, Шығыс Африка және Оңтүстік Африка. Африкаға Үнді мұхиты, Атлант мұхиты, Жерорта теңізі және Қызыл теңіз ұласады. Африканың халқы 877,5 млн. адам. Африканың аумағында 53 мемлекет орналасқан.
Слайд 13
Америка Америка континенті Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка болып екіге бөлінеді. Солтүстік Американың аумағы - 24,25 млн. км 2, ал оның халқы 500 млн. асады. Оңтүстік Американың аумағы - 17,8 км 2, ал оның халқы - 385 742 554 адам. Америка континентін Атлант мұхиты, Тынық мұхит, Солтүстік мұзды мұхит және Кариб теңізі қоршайды. Солтүстік Америкада 23 ел, ал Оңтүстік Америкада 12 ел бар. Австралия [ Австралия - аумағы 7,6 млн. км 2 тең ең кіші континент. Австралияға Тимор теңізі, Арафур теңізі, Торрес бұғазы, Коралл теңізі, Тасман теңізі, Басс бұғазы және Үнді мұхиты ұласады. Австралияның халқы 32 млн. адам. Австралияның құрамына тікелей материктің өзі, Жаңа Гвинея аралдары мен Тасмания, сондай - ақ көптеген ұсақ аралдар кіреді.
Слайд 14
Еуропа [ өңдеу ] Еуропа - Австралиядан кейінгі әлемдегі ең кіші континент. Оның аумағы 10,5 млн.км 2 Еуропаны басқа құрлықтардан Атлант мұхиты, Орал таулары, Солтүстік мұзды мұхит және Жерорта теңізі бөліп жатыр. Еуропаның халқы - 830,4 млн. адам. Еуропаның аумағында 46 ел бар.