Слайд 2
Мәтін лингвистикасы – өзінің теориясы мен практикасы бар салыстырмалы түрде алғанда жас (ХХ ғасырдың ортасы) дербес ғылым және оқу пәні. Мәтін лингвистикасы мәтін ұғымына негізделіп, көбінесе оны талдаумен байланыстыратын филологиялық риторика аталатын риториканың тағы бір бағытының дамуына ықпал етеді.
Слайд 3
Заманауи мәтін лингвистикасы мәтіннің өзі мен құрылымын, категориялары мен тілдік бірліктерін, сол сияқты мәтінді, ең алдымен көркем мәтінді құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін зерделейді.
Слайд 4: Әдебиеттану объектісіне қарағанда мәтін лингвистикасының талдау объектісі кеңірек, себебі ол:
- тек көркем шығарманы ғана емес, барлық сөйлеу шығармаларын қамтиды ; - мәтінді сол мәтінді тудырып тұрған барлық тілдік элементтердің комбинациясы ретінде зерттейді.
Бұл пәннің міндеттері: - болашақ мамандардың бойына мәтінді (ең алдымен-көркем мәтінді), тілдік және мағыналық ұйымын талдаудың кәсіби дағдыларын сіңіру; - олардың осы талдаудың теориясы мен әдістемесін меңгеруі. Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары: - мәтінді талдау; - мәтін параметрлері; - мәтін бірліктерін анықтау; - мәтін категорияларын анықтау; - мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.
Слайд 7: М.К.Ахметова
Мәтін лингвистикасы ( лат. Textum - байланыс,бірігу+фр. linguistigue )- мәтіннің өзіне тән мәні мен болмысы,басқалардан ерекшелігі,мәтіннің дұрыс құрылу заңдылықтары,категориялары,объективті болмыстың мәтінде бейнеленуі,мәтіннің тілдік түзілу ерекшелігі,оны қабылдаудың сипаты,мәтіннің тұлға-бірлігі және т.б мәселелерді қарастырады.
Слайд 8
Негізін қалағандар Г.Лакофф, Р.Харвег, В.Скаличка, Э.Бенвенист, С.Карцевский, З.Шмидт, Т.Николаева т.б Қарсы болғандар А.Маргалит, М.Даскал, Б.Вендель, Т.Булыгина т.б
Слайд 9
Мақсаты -өзара байланысты сөйлеудің тұтасымға ұйымдасу ерекшелігін және басты категорияларын сипаттау.Мәтін лингвистикасының мақсатына сәйкес оны зерттеудің төмендегідей міндеттері айқындалады: Басты белгілері байласым және тұтасым болып саналатын мәтінді күрделі тұтасқан жүйе ретінде қарастыру; Мәтінді құраушы тұлға-бірліктерді айқындау; Мәтіннің негізгі категорияларын сипаттау; Әр түрлі тілдік бірліктердің мәтіндегі қолданымдық сипатын,қызметін анықтау; Мәтін бөліктері арасындағы байласымды жүзеге асыратын тілдік бірліктерді анықтау,логика-семантикалық қатынастарды саралау; Мәтін түрлерін және олардың ерекшеліктерін анықтау.
Слайд 10: Гүлдархан Смағұлова
Қазіргі кезде мәтін лингвистикасының мынадай зерттеу бағыттарын бөліп көрсетуге болады: 1.Мәтінді тіл жүйесіндегі өзіндік белгі, сапарлары бар ең жоғарғы тұлға-бірлік ретінде алып тексеру. 2. Мәтіннің түрлерін ажыратып, мәтін типологиясын жасау. 3. Мәтін құрушы тұлға-бірліктерді және олардың қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу. Мәтінге тән категорияларды анықтау. Мәтін құрушы байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттеу.
Последний слайд презентации: Мәтін лингвистикасы: Мәтінді лингвистикалық талдау әдістері
1.Классикалық әдіс. 2.Дәстүрлі парадигмалық әдіс. Тіл біліміндегі антонимдік парадигма мен синтагма терминдері- қазіргі лингвистикада бұлар тек тәсіл ұғымында ғана емес, тілді жүйе ретінде қарастыруда қолданылатын термин.