Первый слайд презентации: Мемлекеттік бағдарламалардың ұлттық патриотизмді дамытуға тигізетін әсері
Ищанова Файруза Амангельдиновна, Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Ғылыми жетекші – Т.Б. Толеубековна, Қазақсан тарихы пәнінен эксперт-мұғалімі
Слайд 2: Зерттеу жоба туралы
Зерттеу міндеттері : жаңа қазақстандық патриотизмнің мәнін анықтау; мемлекеттік бағдарламаларды мен патриотизмге бағытталған жобаларды қарап шығу ; мемлекеттік бағдарламалардың ұлттық патриотизмді дамытудағы тигізетін әсерін SWOT арқылы зерттеу және бағалау. 2 Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік бағдарламалардың және олардың аясындағы жобалардың ұлттық патриотизмді дамытудағы тигізетін әсерін зерттеу.
Слайд 3: Зерттеу өзектілігі
Бүгінде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде. «Патриотизм» ұғымының м ə нін ашып, оның Қазақстан тарихынан алар орны хақында зерттеулер жүргізген ғалымдар елімізде аз емес. Бұл кезекте қазақстандық ғалымдар А.Айталы, Р.Айтқалиев, Л.Ахметова, Б. Ə бдіғалиев, Р. Ə бсаттаров, А.Бижанов бұл мәселе аясында зерттеу жүргізген, бірақ патриоттық сезімді арттырудағы мемлекеттік бағдарламалардың әсері әлі де анықталмаған. Сол себепті бұл мәселені зерттеу маңызды Осы тақырып жөнінде Елбасы өзінің еңбегінде « Қазақстанның болашағы - қоғамның идеологиялық бірлігінде » былай деген : « Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қазақстандық отансүйгіштікке т ə рбиелеу, ə рбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді 3
Слайд 4: Зерттеу әдістері
ТЕТ( Туған елге тағзым ) патриоттық жобаға қатысқан бірнеше адамнан сұхбат алынды. SWOT анализдің арқасында Қазақстандық жобалар жастардың патриоттық сезімді арттырудағы әсері бағаланады 4
Слайд 5
5 Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық сезімін арттыру үшін мемлекеттік бағдарламалар мен оның аясындағы түрлі жобалар жастардың жоғары патриоттық санасын, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру мен Отандық мүдделерді қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикамызда ұлттық патриотизмді нығайтуға бағытталған екі әлеуетті бағдарламалар бар: “ Рухани жаңғыру” мен “ Мәдени мұра ”. Мемлекеттік бағдарламалардың ұлттық патриотизмге әсері
Слайд 6: ЖОБАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
6 ЖОБАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 2017 ж 735 нысанға абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары өлкетану мақсатында жүргізілді. 1438 нысан “ Туған жер ” жобасы аясында пайдалануға берілді Жалыпұлттық және өңірлік нысандар тізімі құрастырылып, аннотациялық маңызы бар 185 республикалық нысан анықталды. Республикалық маңызы бар тарихи-киелі орындардың 3D форматындағы турларға негізделген виртуалдық картасы құрастырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 5 тіліне аударылған Қазақстанның сакралды нысандары туралы 4 фильм өндіріске шығарылды. 24 813 нысандардың 13 700-і, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында жалпы қорға тиесілі 266 500 бірліктің 39 602-ы цифрландыру бойынша модернизацияландырылды
Слайд 7
7 Мәдени мұра бағдарламасы « Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2004 жасалынды. Бағдарламада қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, фольклорды, салт-дәстүрлерді қоса алғанда, халықтың кең мәдени мұрасын зерттеудің интеграцияланған жүйесін құруды қарастырады Нәтижелері : 78 тарихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтірілді.26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеулер жүргізілді Ғылыми-зерттеу экспедициялар Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Египет, Өзбекстан елдерінде өткізіліп, нәтижесінде 5 мыңнан астам маңызды қолжазбалар және Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері туралы баспа басылымдары алынды « Синонимдер сөздігі », « Қазақ заңдарының ежелгі әлемі », « Қазақ музыкасының антологиясы », « Бабалар сөзі » сериялары бар бір жарым миллионнан астам тиражбен 537 атаумен кітаптар шығарылды.
Слайд 8
8 Санды қ зерттеу қорытындысы Бірінші сұрақ қазіргі кездегі жастардың отансүйгіштікті дамытуға бағытталған жоғары айтылған жобаларға қатысуын анықтауға бағытталған. Бұл мемлекет бастамасымен ұйымдастырылған шараларға өскелең ұрпақтың қатысуы сол бағдарламалардың тиімділігін көрсетеді. Сауалнамаға қатысушылар негізінен НЗМ оқушылары болғандықтан, респонденттердің 65% мектеп қабырғасында ұйымдастырылып жатқан “ Туған елге тағзым ”, “ Қазақтың 100 әні ” секілді іс-шаралардың белсенді мүшелері. Одан басқа, оқушылар әдеби кітаптарды оқуға ынталандыратын шараларға да белсенді түрде қатысады. Осы жобалардың танымал болуы олардың жоғары тиімділікке ие екенін білдіреді. Ал респонденттердің 35%-ы ешқандай шараларға қатыспады. Сіз ұлттық патриотизмді дамытатын қандай да бір жобаға қатыстыңыз ба?Қандай? * сауалнама ға 164 оқушы қатысты
Слайд 9
9 Келесі сұрақ мемлекеттік бағдарламалардың және олардың аясындағы әзірленіп жатқан жобалардың ұлттық патриотизмді дамытудағы әсерін бағалауға бағытталды. Бағдарламалардың тиімділігін белгілеу үшін респонденттер 5 балдық шкала бойынша жауап берді, орташа жауап - 4.25. Респонденттердің 65% мемлекеттік бағдарламаларды орташа деңгейде - 4 баллмен бағалайды. Респонденттердің 25-ке жуық пайызы бағдарламаларды төмен деңгейде - 2-3 баллмен бағалайды. Яғни бұл бағдарламалардың нәтижелігі төмен екендігін көрсетеді. Сіздің ойыңызша, мемлекеттік бағдарламалардың және оның аясындағы жобалар ұлттық патриотизмнің дамуына қаншалықты әсерін тигізеді? 5 баллдық шкала арқылы бағалаңыз (5 е ң үлкен )
Слайд 10
10 Сапалық зерттеу С ұхбат ТЕТ (т уған елге тағзым ) жобасына қатысқан 4 оқушыдан алынды
Слайд 11
11 Сұхбат қорытындысы Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің барлық облыстарына барып, олардың флорасы мен фаунасын, ескерткіш орындарын, тарихи маңыздылығын, мәдениетін, инновациялық нысандарын, сәулет құрылыстарын және т.б. зерттейді. Респонденттердің жауаптарына талдау жасау барысында ТЕТ жобасының тиімділігі жоғары дәрежеде анықталды. Себебі қатысушылар үшін ТЕТ жобасының міндеттері іске асырылды. Яғни оқушылар жеріміздің тарихи мәні бар жерлерге, мәдени орталықтарға барып ( Шопан Ата, Қырық Оба, Ақ бауыр, Ботаникалық саябақ ) туған жеріне қатысты біршама білім қалыптасады. Осыдан туған елді зерттеуге деген ынта пайда болады. Екі респондент еліміздің түрлі экспедицияларға барудың арқасында жастардың патриоттық сезімді арттырудағы мәні зор деп бағалады.
Слайд 12
12 SWOT анализі арқылы зерттеуді бағалау Артықшылықтары: ұлттық патриоттық сезімді арттыру үшін әлемдік шығармаларды мемлекеттік тілге аудартудың арқасында қазақ тілінің қолданысы кеңейтілуде. Мысалы, 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім саласындағы 18 ең үздік әлемдік оқулықтар мемлекеттік тілге аударылып, CD дискілер арқылы ұсынылды. Сол жылы “Рух” атты бірінші халықаралық әдеби байқауы өтті. Бұл шара әдебиет саласындағы елдер арасындағы қазақ тілінің мәртебесін көтерді. Қазақ фольклорының шет елдердің азаматтарына таныстырылуы. 2018 жылы “ Рухани жаңғыру ” бағдарламасына сәйкес әр түрлі жанрдағы қазақ музыкасымен таныстыратын “ Dala sazy ” онлайн-радио жобасы дайындалды. Сонымен қатар, еліміздің бірқатар ұлттық опера және балет спектакльдері Италия, Франция, Ұлыбритания, Испания елдерінің сахнасында паш етілді. Кемшіліктері : Негізгі келеңсіз жақтарының бірі - көп ақшаның жұмсалуы. « Рухани жаңғыру» аясындағы жобаларды іске асыру үшін 308 жобаға 37,1 миллиард теңге қаражат жұмсалынды. Жобаларға көп ақша құйылса да, кейбір жобалар толығымен жүзеге асқан жоқ. Мысалы, 2017 жылы Талдықорған қаласында ашылған “ Рухани Жаңғыру ” мекемесі “ Тәрбие және білім », « Ақпарат толқыны », « Рухани қазына », « Атамекен » деген жобаларды толықтай іске асырудағы міндеттер орындалмайды, тіпті білікті мамандар мен жұмысшылар жоқ. Оған басқармалар мен меценаттар, демеушілер тарапынан 9 млрд теңге қаражат құйылды. 2 жоба жүзеге аспай, қалған 2.5 млрд теңге қайда жұмсалғаны белгісіз
Слайд 13
13 Артықшылықтары арқылы мүмкіндіктердің жүзеге асырылуы туралы айтатын болсақ, бағдарламалардың мен жобалардың патриоттық сезімді арттырудың арқасында Қазақстан халықаралық имиджінің бейнесі қалыптасады. Себебі еліміздің дамыған 30 елдерінің қатарына кіру экономикамыздың тұрақты түрде дамуы, барлық халықтардың бірлігі және жастардың ұлттық патриоттық сезімі, елімізді дамытуға деген ынтасы сияқты аспектілер еліміздің жаңғыруына әсер етеді. Әлсіз жақтарынан туындаған қауіп - қатерлердің бірі - мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жастарда патриоттық сезімді арттырудағы тиімділігін бағалау мәселесі. Яғни, олардың белгілі бір нәтиже беруі күмәндікті туғызуы мүмкін. Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыруда 308 жобаға 37,1 миллиард теңге қаражат жұмсалды [14]. Мемлекет бюджетінің осындай шығындары ақталмауы мүмкін. Сонымен қатар, егер осы бағдарламалар жемісті болмаса, мемлекеттегі ми ағу тенденциясының ары қарай дамуына және ұлттық кодтың жойылуына әкеп соқтырады.
Слайд 14
14 Қазақстан тарапынан қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру үшін келесі шаралар жиынтығының ұйымдастырылуына арнайы мониторинг жасау керек : Бюджеттік мәдени бағдарламалардың тиімділігін бағалауда негізгі көрсеткіштерді қалыптастыру. Яғни белгілі бір бағдарламаның жетістігін мен тиімділігін көрсететін айнымалылар мен критерийлерді енгізу ; Патриоттық рухты көтеру мақсатымен білім беру мекемелеріндегі арнайы шаралардың өткізілуі. Мысалы үшін, ұлттық дәстүрлерді жалғастыру мақсатымен мектептерде жыл сайынғы айтыс сайыстарын ұйымдастыру, әр дүйсенбі сайын барлық мемлекеттерде патриоттық рухты көтеру мақсатында әнұранды айтуға міндеттеу ; Еліміздегі Қазақтың классикалық әдебиеті мен заманауи шығармалардың танымалдылығын арттыру, бүгінгі жазушылардың белсенділігін көтеру мақсатымен жүлделі сайыстарды Республика деңгейінде жиі өткізу ; Бөлінген бюджеттік қаражатты игермегені үшін бюджет әкімшілеріне жазалау процедураларын енгізу. Шешу жолдары
Последний слайд презентации: Мемлекеттік бағдарламалардың ұлттық патриотизмді дамытуға тигізетін әсері: ҚОРЫТЫНДЫ
15 Бұл жұмыстың алға қойылған мақсат пен міндеттері толығымен орындалды. Яғни мемлекеттік бағдарламалардың, дәлірек айтқанда, « Рухани жаңғыру» мен « Мәдени мұра » және олардың аясындағы жобалардың жастардың ұлттық патриотизм сезімін арттырудағы рөлі мен әсері анықталды. Зерттеу c ұрақтардың арқасында жұмыстың болжамы расталды. « Рухани жаңғыру» бағыты Қазақстан құндылықтарының мәнін ашып қана қоймай, оны өскелең ұрпақ сезіп, өмірлік тәлім-тәрбие алып, бабалар алдындағы қарызымызды өтеуді, кешенді ізденістер мен мемлекеттік оң көзқарасты талап етеді. « Рухани жаңғыру» мен « Мәдени мұра » - шығармашылық табыстарға жетудің баспалдағы. Бұл өзгерістер бұқаралық сананың ж ə не, с ə йкесінше, патриоттық сананың ішкі феномендік құрылымдарының біржола түрленуіне алып келді