Первый слайд презентации
Миға шабуыл: «Қай элемент?» ойыны Ең жоғары балқу температурасы бар ІІ топ элементі? Ең белсенді ІІ топ элементі? Сумен өте баяу әрекеттесетін металл? Ең ауыр ІІ топ элементі? Атом радиусы ең кішкентай элемент?
10 ЖМБ химия 8-ші сабақ 2 (ІІ)-топ элементтерінің физикалық қасиеттері
Слайд 3
Оқу мақсаты: 10.2.1.5 2(ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіре алу
Слайд 4: IIA топша элементтері
Слайд 5
Бериллий Ве, магний Mg, кальций Ca, стронций Sr, барий Ba және радий Ra периодтық жүйенің IIA тобын түзеді. Соңғы төрт металл сілтілікжер металдар топшасын құрайды. Бұлай аталу себебі, олардың оксидтері алхимия кезенде «жер» деп аталған, ал оларды суда ерткенде сілтілер алынған. Магний, кальций, стронций, барийді таза күйінде ағылшын химигі Г. Дэви 1808 ж. бериллийді металл түрінде 1828 ж. неміс химигі Ф. Велер, сондай- ақ радиоактивті металл радийді 1910 ж. француз химиктері П. Кюри мен М. Кюри алған. Бериллий – химия тарихына ғылыми пікірталастың элементі ретінде енгізілген. Д.И. Менделеев оның атомдық массасын түзетіп, периодтық заңның дұрыстығын дәлелдегені сендерге белгілі. Зерттеулер Менделеевтің болжауларының растығын дәлелдеді. IIA топша элементтері
Слайд 6
Кальций – күмістей ақ түсті жеңіл металл. Оның тығыздығы ( 1,55 г/см3) сілтілік металдардың тығыздығына жақын. Кальций ауамен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады, сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Кальций - едәуір қатты металл, балқу температурасы 8400С. Магний - ақ түсті металл, ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид қабықшасымен қапталады, сондықтанда мөлдір емес. Ауадан және судан қорықпайтын металдардың ішінде магний ең жеңіл. Оның тығыздығы 1,74 г/см3, балқу температурасы 6510С, ол кальцийден аздап қатты. Магний алюминийден 1,5 есе, мыстан 5 есе жеңіл, сондықтан ол - ерекше маңызды конструкциялық материал. Mg пластикалығы басым, жеңіл созылады және иіледі Физикалық қасиеттері.
Слайд 7
С ілтілік жер металдар атомдардың радиусы өседі; иондану энергиясы азаяды; электртерістілігі азаяды; металдық қасиеттері күшейеді; тотықсыздандырғыш тық қасиеті күшейеді; 2(ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары
Слайд 8: Жұптық жұмыс тапсырмасы:
Практикалық кесте толтырыңыздар Дескриптор: 2(ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді ҚБ: Элемент Атом радиусы Балқу температурасы Белсенділігі Be … … … Mg … … … Ca … … … Ba … … …
Слайд 9: Жұптық жұмыс жауабы :
Элемент Атом радиусы Балқу температурасы Белсенділігі Be Ең кіші Ең жоғары Ең төмен Mg ↑ ↓ ↑ Ca ↑ ↓ ↑ Ba Ең үлкен Ең төмен Ең жоғары
Слайд 10
І-топ Иондану энергиясында қандай өзгеріс болады? ІІ-топ Атом радиустары топ бойынша қалай өзгереді? ІІІ-топ Табиғатта таралуы Топтық жұмыс тапсырмасы: ҚБ: 2(ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттері мен табиғатта таралуы туралы постер қорғау Дескриптор: 2(ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді
Слайд 11: Жеке жұмыс тапсырмасы:
Дескриптор: 2(ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді 1-ші тапсырма-5 балл 2-ші тапсырма-3 балл 3-ші тапсырма-2 балл 1.сәйкестендіру https:// wordwall.net/ru/resource/102986489 2.Функционалдық сауаттылық тапсырмасы Жағдаят: Фермер топырақ құрамын зерттегенде кальций, магний, барий иондары бар екенін анықтады. Ол өсімдіктерге ең зиянды элемент қайсы екенін білгісі келеді. Барий топырақта белсенді түрде өсімдіктерге өтеді. Сұрақ: Неге Ba²⁺ иондары Mg²⁺ және Ca²⁺ иондарымен салыстырғанда зиянды және белсендірек? 3. Дұрыс/бұрыс Мәтін Дұрыс/Бұрыс Ba атом радиусы Be-ден үлкен Mg – Ba-дан белсенді Be – ең жеңіл ІІ топ металы Ca балқу температурасы Mg-ден жоғары
Слайд 12: Жеке жұмыс жауабы:
2.Функционалдық сауаттылық тапсырмасының жауабы: Ba²⁺ ― ең үлкен атом радиусына ие Иондану энергиясы ең төмен → реакцияға тез түседі Белсенділігі жоғары болғандықтан биологиялық процестерге оңай араласады Улы қосылыстар түзуі мүмкін Сондықтан барий топырақта жоғары концентрацияда қауіпті. Мәтін Дұрыс/Бұрыс Түсіндірме Ba атом радиусы Be-ден үлкен ✔ Топ бойынша радиус артады Mg – Ba-дан белсенді ✘ Қайта Ba белсендірек Be – ең жеңіл ІІ топ металы ✔ Дұрыс Ca балқу температурасы Mg-ден жоғары ✘ Топ бойынша балқу температурасы төмендейді
Слайд 13: ЕББҚ тапсырмасы :
Неге топ бойынша төмендеген сайын атом радиусы артады? Неге Be – ең қатты металл, ал Ba – ең жұмсақ?