Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді — презентация
logo
Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді
  • Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді
  • Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді
  • Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді
1/3

Первый слайд презентации

Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000-нан 27 000-ға дейін түрлері бар. Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тауардың, жартастардың бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тіпті терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында жоғары сатылары өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» (грекше «брион» - мүк, «логос» - ғылым) дейді

Изображение слайда

Слайд 2

Мүктәріздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетелі. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуы ұрықтық және ұрықтан кейінгі кезеңдерден тұрады. Мүк, плаун, қырықбуын, қырықжапырақтар - спора арқылы көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармағына мүктәріздестер, плаунтәріздестер, қырықбуынтәріздестер, ашық тұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері жатады. Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі: көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі - спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік. [

Изображение слайда

Похожие презентации