Слайд 2
Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемелекеттік құрлымдардың бірі- Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында 1396-1411 жылдары басталып,жалғыстырған оның баласы Нұр аддының (1426-1440) кезінде аяқталды
Слайд 3
Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары.
Слайд 4: Құрлымы
XIV-XV ғасырларда Ноғай Ордасында ерте феодалдық қатынастар қалыптасқан.Ноғай Ордасында өкімет пен елді басқару ісі саяси ұйымдастырудың ұлыстық жүйесі негізінде қалыптасты. Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар мен сұлтандарға Ордадағы өкімет билігі, соның ішінде әскери,елшілік,әкімшілік т.б билік түрлері мұра ретінде көшіп отырған. Орда бірнеше ұлыстарға бөлінген
Слайд 5
Ұлыстың қарапайым қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен, бай-ақсүйектермен бірге көшіп-қонып отырған. Олар алым салық төлеп отыруға, соғыстар мен жорықтар кезінде мінетін атымен, қару-жарағын асынып келуге міндетті болды.
Слайд 6
Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын.
Слайд 7
Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан.Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген.
Слайд 8
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықарының жақын туысқандығы туралы Ш.Уәлиханов өзінің шығырмаларында әдейі атап көрсеткен. Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды (екі туысқан орда ) деп атаған
Последний слайд презентации: Ноғай ордасы
Ноғай Ордасында да сұлтандар мен ақсүйек-феодалдардың арасында хандық билік үшін талас тартыс тоқтамай үнемі жүріп жатты. Осы алауыздық оның да түбінде жетті. XV-ші ғасырдың бірінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, оның орнына Қазан, Кырым, Астрахань хандықтары құрылды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақтардын Кіші жүзінің құрамына кірді.