Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы — презентация
logo
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақстан аумағындағы этникалық процесс тарихы мынадай тарихи кезеңдерден тұрады.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтар.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ хандығының алдында үш үлкен міндет тұрды:
  • Қазақ хандығы құрылуының тарихи алғы шарттары:
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
  • Бекіту сұрақтары:
  • Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.
1/22

Изображение слайда

Слайд 2

Жоспар: Қазақ халқының құрылуының тарихи алғы шарттары. “Қазақ” этнонимі. Қазақ жүздері. Қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтар. Қазақ хандығының құрылуы.

Изображение слайда

Слайд 3

Қазақ халқының және оның шектесіп жатқан жерлердің ежелгі дүниесін зерттеу ғылыммен байланысты мәселе, өйткені Еуразияны мекендеген тайпалардың да этногенездік процестерінің әсері мол болған.

Изображение слайда

Слайд 4

Ежелгі уақытта осынау аймақты мекендеушілердің лингвистикалық және антропологиялық ортақ негізі болған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеуропалық және түріктік кезеңдерге бөледі. Бірінші кезеңде лингвистикалық жағынан қарағанда Қазақстанның тұрғындары ғана емес, еуразияның аса кең аймағының тұрғындары да үндіеуропалық үйелменнің ежелгі иран тармағына кіреді. Қазақстандағы кезең жылнамалық жағынан алғанда б.з.д. III - I мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезеңде Қазақстанның өзгелермен салыстырғанда тұрақтырақ көрінетін шаруашылық мәдени дәстүрі бар ұланғайыр жері, өзінің тарихы дамуы мен географиялық жағдайына байланысты мыңдаған жылдар бойы Шығыс пен Батыс арасындағы табиғи көпірге айналады да, оның байырғы тұрғындары Еуразияның қоныс аудару жолының нағыз орталығында болады.

Изображение слайда

Қола дәуіріндегі этникалық процестер (б.э.д. ІІ-І м.ж.) Сақ-үйсін дәуіріндегі этникалық процестер (б.э.д. ҮІІ-б.э.Ү ғ.) Түрік дәуіріндегі этникалық процестер (ҮІ-ХІІ ғғ.) Монғол дәуіріндегі этникалық процестер (ХІІІ-ХІҮ ғғ.) ХІҮ-ХҮ ғғ. этникалық процестер

Изображение слайда

Слайд 6

Қола дәуірінде Қазақстанның далалық аймақтарындағы жергілікті тайпалар көшпелі мал шаруашылығына ауысады да, ол ортақ мәдениеттің негіздерін қалыптастыра бастайды.

Изображение слайда

Слайд 7

Сақ-үйсін дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалар саяси одаққа біріктіріліп, олардың бір-бірімен жақындасуы, өзара араласуы тез жүреді. Ортақ шаруашылық түрі ортақ мәдениетті қалыптастыра бастайды.

Изображение слайда

Слайд 8

Түрік дәуіріндегі этникалық процесс тайпалардың жақындасуын тездетеді. Ортақ дін-Тәңір, ортақ наным-сенімдер, ортақ жазу мен тіл, ортақ мемлекеттік құрылым осылардың бәрі ҮІ-ХІІ ғғ. этникалық процестің көрінісі болды. Қазіргі күнге дейін ҮІ ғасырда Түрік қағанатның құрамында болған тайпалар өздерін түрік тілдес халықтарға жатқызады.

Изображение слайда

Слайд 9

ХІІІ ғ. басында монғолдардың жаулап алуы Қазақстан аумағындағы халықтың қалыптасуын тежеді, бірақ тоқтата алмады. Монғолдардың өздері жергілікті тайпалармен араласып, сіңісіп кетеді. ХІІІ ғ. құрылған Ұлыстар бұрыннан қалыптасқан этникалық бірлестіктер негізінде құрылады.

Изображение слайда

Слайд 10

ХІҮ-ХҮ ғғ. алғашқы жартысында Қазақстан аумағындағы тайпалардың этникалық құралы тұрақтанады, айырмашылықтар жоғалып, тайпалық бірлестіктер біртұтас этникалық сипатқа ие бола бастайды. Ақ Орда, Өбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы саяси жағынан бөлек болғанымен, этникалық жағынан біртекті тайпалардан құралды. Моғолстанның Жетісу аймағында түркі тілдес, кейіннен Ұлы Жүзді құраған тайпалар өмір сүрді.

Изображение слайда

Слайд 11

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан аумағындағы тілі, дәстүрі, діні, шаруашылығы мен мәдениеті ортақ тайпаларды біртұтас саяси кеңістікке еңгізді. Бұл этникалық белгілердің бәрі бірігіп, маңызды этникалық ерекшелік-этникалық сананы туғызды. Осылайша, ХҮ ғ. екінші жартысынан бастапбұрынғы ноғайлар, “көшпелі өзбектер”,моғолдар атауының орнына, бәріне ортақ атау-қазақ этнонимі пайда болады. Ал Дешті Қыпшақ атауының орнына ХҮІ ғ. бастап, “Қазақстан”-атауы қолданыла бастайды.

Изображение слайда

Слайд 12

«Қазақ» атауының шығуы, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан алуан пікірлер айтылып келеді. Зерттеушілер бұл жөніндегі болжам пікірлердің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады: «Қазақ» деген атау 15 ғ. Жәнібек пен Керей бастаған көшпенді тайпалар Әбілхайырдың үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар «қазақ» деп аталған. Мұның мағынасы: «өз ұлысынан бөлініп шыққан қашақтар» деген сөз еді. Ежелгі Жұнғо жылнамаларындағы «үйсін», «усын», «асу» деген ұлыс аттары «қазақ» атауының дыбыстық баламасы дейді. «Қазақ» атауы «Таң патшалығы тарихында» (7-8) «каса», «хаса» түрінде жазылған.

Изображение слайда

Слайд 13

Ш.Уәлиханов «қазақ» сөзі әскери термин ретінде қолданылып «ержүрек, батыл» дегенді білдіреді. В.В.Радлов «қазақ» деген атауды «тәуелсіз», «еркін», «ерікті» адам деп мағыналаған. Ақынжанов пен Мұқановтың пікірлері бойынша: «қазақ» деген сөз «қас» және «сақ» деп аталатын екі сөзден құралған. Жалпы қазақ шежірелерінің барлығында мынадай мазмұн баяндалады: қазақтың арғы атасы-Алаш. Алаштан қазақ туған. Қазақтың Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты дейді.

Изображение слайда

Слайд 14

Қазақ жүздері Құрамына кірген тайпалар Территориясы Ұлы жүз Үйсін, дулат, жалайыр, албан, суан, сары үйсін, ысты, сіргелі, шапырашты, ошақты, шанышқылы, қаңлы. Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс бөлігі. Орта жүз Арғын, найман, керей, қонырат, қыпшақ, уақ. Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Кіші жүз Әлім ұлы: қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті. Бай ұлы: адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркес. Жетіру: табан, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан. Сырдарияның төменгі өңірін, Арал теңізі жағалауын, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін мекендеді.

Изображение слайда

Төрелер Шыңғыс хан ұрпағына шыққан сұлтандар, ақсүйектер қатарына жатып, олардың ішінен хан сайланып отырған. XIX ғ. дейін өздерінің ақсүйек екендіктерін сақтап, қарасүйектермен араласпаған. Өз ұрандары – «арқар» болған. Оларда әрбір мәселе сот арқылы шешілген, оны негізінен хандар немесе қожалар қарастырған. Төрелерге тіл тигізіп, қарсы шықса, оларды үш есе айыппұл төлеткен. Оның мөлшері 25 мал, ал егер төрелерді өлтірсе бір адамның құнын 7-адамға шаққандағы пұл төлеген. Төрелер, қарапайым қазақтардан, қарасүйектер қатарына жататындармен некелеспеген. Қожалар Ислам дініне сенушілердің бірі. Қожаларда ақсүйектер қатарына жатады және олар Мұхаммед-Омар, Оспан, Әбу Бақр және Әли ұрпақтары. Қазақтар сияқты емес, жеті-ата асырып үйлену дегенге тиым салынбаған. Төленгіттер Қазақтардың құрамында болған, олар әскери тұтқындар мен құлдардан құралған

Изображение слайда

Слайд 16

Қазақ хандығы-шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде, қазақ халқын біріктіру арқылы XV ғасырда құрылды. 1456 жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға. Тоқтақия ханның баласы Болаттан тараған Керей Көкорданың ханы Барақтан туған Жәнібекпен шөбере. Керей мен Жәнібек, шын мәнінде Қазақ хандығы орнаған өлкенің мұрагерлері еді. Ұлы бабалары Жошының сүйегі жатқан жер, Көкорданың астанасы болған Сығанақ, қазақ елінің діңгегі Қаратау, Ұлытау, Шыңғыстау Керей мен Жәнібекке о бастан тиесілі болатын. Қалың қазақ тайпаларын бастап Жетісуға қоныс аударды. Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462 жылдары билік еткен) хан оларды құшақ жая қарсы алады. Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді.

Изображение слайда

Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Түркістан тағы басқа қалаларды Қазақ хандығына қарату. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын қалыптастыру.

Изображение слайда

Слайд 18: Қазақ хандығы құрылуының тарихи алғы шарттары:

Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуатының әлсіреуі. Жетісу мен Дешті Қыпшақтайпаларының көсемдерінің тәуелсіздікке ұмтылыс жасауы. Билікке таласушылардың тәуелсізлдікке қол жеткізу үшін өздеріне қуатты одақтастар іздеуі.

Изображение слайда

Слайд 19

Қалың қазақ тайпаларын бастап Жетісуға қоныс аударды. Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462 жылдары билік еткен) хан оларды құшақ жая қарсы алады. Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Бұл хандықтың бұрынғы хандықтардан айырмашылығы-жаулап алушылық негізде құрылған жоқ, экономикалық, этникалық негізде құрылды.

Изображение слайда

Слайд 20

Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес 30 жылға созылды. Мұхаммед Шайбани Астрахань хандығынан кетіп, Ақсақ Темір тұқымымнан шыққан Мұхаммед Мәзит тарханды паналайды. Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұт сұлтан Созақ қаласын, екінші баласы Ернжі Сауранды иеленді. XV ғ. 80-ші жылдарында Мұхаммед Шайбани Моғолстан хандығына болысып, Аркөк, Сығанақ қаласын басып алады. Ал, Моғолстан ханы Жүніс Шайбанидың көмегімен Ташкент пен Сайрамды алды. Мұхаммедтің мақсаты Жүністі Ақсақ Темір ұрпағы Ахмет Мырзаға қарсы қою еді. Сығанақ, Сауран, Созақ қалаларының қазақ хандығына қарауы оның күш-қуатын, саяси беделін нығайтты. Қазақ хандығының нығаюы Шайбани ханды Мәуеренахрға қоныс аударуға мәжбүр етті.

Изображение слайда

Слайд 21: Бекіту сұрақтары:

Қазақ хандығының құрылуына қандай тарихи жағдайлар әсер етті? Не себепті қазақ хандығы тарих сахнасынан жойлып кетпей сақталып қалды? Қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне не әсер етті?

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы

Негізгі әдебиеттер: Қазақстан тарихы 5 томдық 1Т. Алматы, 1996 Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994 Кан Г.В. История Казахстана. Учебное пособие для вузов. Алматы, 2005 Н.Мынжан Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994 Қосымша әдебиеттер: Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы. Алматы, 1957 Арғынбаев Х.А., Мұқанов М.С., Восторг В. Қазақ шежіресі хақында. Алматы, 2000 Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1992 Қ. Салғарин Хандар шежіресі. Алматы, 1992 Ш.Құдайберді ұлы. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, 1999

Изображение слайда

Похожие презентации