Оқыту теориясы — презентация
logo
Оқыту теориясы
  • Оқыту теориясы
  • Оқыту теориясы
  • Оқыту теориясы
  • Оқыту теориясы
  • Оқыту теориясы
  • Оқыту теориясы
  • Оқыту теориясы
  • Оқыту теориясы
1/8

Первый слайд презентации: Оқыту теориясы

" Дидактика " - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ның ғылым саласы Әл-Фараби : оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Изображение слайда

Слайд 2

Изображение слайда

Слайд 3

Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу. Дидактика " Нені оқыту керек ?", " Қалай оқыту керек ?" деген сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды : " Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай ?", " Кімдерді оқыту керек ?", "Не үшін оқыту керек ?" " Қайда оқыту керек ?".

Изображение слайда

Слайд 4

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан " Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. " Көп емес, өмірге керекті білімдерді " беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары " деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады

Изображение слайда

Слайд 5

Сынып-сабақ жүйесінің бөліктері : •  оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау ; •  оқушыларды сыныптарға бөлу ; •  әр сыныпқа бір бөлме беру; •  күніне 4 сабақ өткізу ; •  әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау ; •  қоңыраудың соғылуы ; •  тәртіп ; •  бір сабақтың үзақтығы бір сағаттан аспау керек ; •  сабақты күзде бастау.

Изображение слайда

Слайд 6

Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады " (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы " (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.

Изображение слайда

Слайд 7

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. " Оқу ана тілінде жүргізілсін " — деген талапты бастаушы. 1912 жылы тұңғыш рет " Әліппе " жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл " Әліппенің " жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Оқыту теориясы

Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы. Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген. 1879 жылы оқу құралы " Қырғыз хрестоматиясы " шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. " Оқу ана тілінде жүргізілсін " — деген талапты бастаушы. 1912 жылы тұңғыш рет " Әліппе " жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл " Әліппенің " жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін " Қай әдіс жақсы " (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың ( ұлттың ) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы " қазақша оқу жайынан " деген мақаласында " бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек ", - дейді.

Изображение слайда

Похожие презентации