Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу — презентация
logo
Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
  • Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу.
1/19

Слайд 2

Өрт  – өмірге қауіп және азаматтардың денсаулығына, қоғамның қызығушылықтарына және мемлекетке материалдық шығынға әкелетін бақылаусыз жану. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико- химимялық процесс. Бұл құбылыс өрттің параметрлерімен өзара байланысты және сипатталады : жанудың жылдамдығымен, температурамен және т.б. және көбі аяқ-асты сипаттағы бірнеше шарттармен анықталады.

Изображение слайда

Слайд 3

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары ( жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады.  Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар : -    жанған затқа оттың тікелей әсері ; -    сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері ; -    жану зонасында иісті газбен улану; -    жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану; -    құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Изображение слайда

Слайд 4

Изображение слайда

Слайд 5

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады. Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына   кедергі жасау керек. Өрттен қорғанудың мақсаты — өрттердің алдын алу үшін ең тиімді, экономикалық жағынан пайдалы, техникалық   жағынан дәлелденген тәсілдер мен құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату.

Изображение слайда

Слайд 6

Өртті сөндірудің алғашқы құралдары.

Изображение слайда

Слайд 7

Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді : құрылыстық-жобалау ; техникалық ; ұйымдастырушылық ; өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары . Құрылыстық-жобалау шаралары   ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді ).  Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Изображение слайда

Слайд 8

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді : Қ ол көмегімен жұмыс істейтін құралдар ( құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар ; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер ; ұнтақты отсөндіргіштер ; көміроттекті отсөндіргіштер ; хладонды отсөндіргіштер ; құрама отсөндіргіштер ); Ө ртке қарсы жүйелер ( сумен жабдықтау жүйелері ; көпіршікті генераторлар ; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері ).

Изображение слайда

Слайд 9

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн ( мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер ). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

Изображение слайда

Слайд 10

Изображение слайда

Слайд 11

Жарылыстар – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидравликалық соққы толқындарын құрайды. Жарылу қаупі бар объектілерге қорғаныс, мұнай өндіруші және ұқсатушы, мұнай – химия, газ, химия, тоқыма объектілер, нан өнімдері мен дәрі – дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, сұйытылатын газ қоймалары жатады.

Изображение слайда

Слайд 12

Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан, қант және ағаш шаңынан және т.б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау үшін, бірінші кезекте ықтимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар : Жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау ; Жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру ; Жарылу қаупі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған отаға залал келмейтін жерлерге орналастыру ; Жарылыс кезінде пайда болған қысымы н шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату ; Жарылысты жаншу ( жарылу қаупі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра рнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады );

Изображение слайда

Слайд 13

Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілердегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді.Олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай – ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамассыз етуге тиіс.

Изображение слайда

Слайд 14

1989 жылы 20 мамырда Алматы – 2 темір жол станциясында сұйық пропан құйылған цистернаның жарылысы кезінде 34 адам қаза болып, 100 адам жарақат алды. 2000 жылы республикада газды пайдалану бұзудан тұрғын үй секторында 35 жарылыс болды. Бұдан 49 адам зардап шегіп, оның 9 - ы қаза болды.

Изображение слайда

Слайд 15

" Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы   заңына   сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:        1. Қоса беріліп отырған " Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар " техникалық регламенті бекітілсін.        2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының         Премьер- Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы   Үкіметінің          2009 жылғы 16 қаңтардағы   N 14 қаулысымен       бекітілген

Изображение слайда

Слайд 16

" Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар " техникалық регламенті. Техникалық регламенттің   1-қосымшасында   келтірілген өрт және оның қауіпті факторлар, заттар мен материалдар, сондай-ақ өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық құралдар ; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтар ; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдар ; құрылыс құрастырылымдары мен өртке қарсы тосқауылдар ; өрт жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдықтар, сыртқы қондырғылар, ғимараттар, имараттар және үй-жайларды жіктеу ; өмірлік циклінің барлық сатысында түрлі мақсаттағы шаруашылық объектілеріне қойылатын ; қала және елді мекендерді жобалаған кезде ; ғимараттар мен имараттарды жобалаған және құрылысы кезінде ; өнімдерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.

Изображение слайда

Слайд 17

Осы Техникалық регламенттің ережелері : Жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін қайта салған, техникалық қайта жарақтандыру, атқарымдық тағайындалуы өзгерген, техникалық қызмет көрсету, арналуы мен меншік түріне қарамай объектілерді пайдалану. Т ехникалық регламенттер, ішінде өрт қауіпсіздігі талаптары бар нормативтік және техникалық құжаттардың ұсынылатын ережелерін әзірлеу, қабылдау, қолдану және орындау кезінде міндетті. Арнайы мақсаттағы объектілер, оның ішінде әскери мақсаттағы, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын өндіру, қайта өңдеу, сақтау бойынша, химиялық қаруды ; космостық объектілер мен стартты кешендерді ; тау қазбаларын жою және сақтау бойынша объектілер үшін осы техникалық регламентпен қатар басқа техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттарда баяндалған өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуға тиіс.

Изображение слайда

Слайд 18

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Өрттер және жарылыстар. Өндіріс пен тұрмыстағы жарылыстардың алдын алу

Орындаған : Ханділлә Қазыбек. Қабылдаған : Бота Дәулетханқызы. Тобы : 1-С

Изображение слайда

Похожие презентации