Первый слайд презентации: Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Слайд 2: Қарастырылатын сұрақтар
Қаржылық жағдай дегеніміз не? Қаржылық талдау дегеніміз не? Қаржылық талдаудың әдістері
Слайд 3: Қаржылық жағдай дегеніміз не?
Кәсіпорын қаржысы – бұл қаржылық ресурстарды қалыптастыру, орналастыру және пайдалану процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар жүйесі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды : өткізілген өнім ( тауарлар, жұмыстар мен қызметтер ) бойынша түсетін ақшалай құралдарды, банк несиелері мен қарыздарды, арнайы қорлардан уақытша тартылған бос құралдарды қалыптастыру, орналастыру мен пайдаланумен бейнеленеді. Нарықтық жағдайға көшумен бірге кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын іздеу туралы мәселелер пайда болды. Бұл сұрақтардың актуальділігі бөлек кәсіпорындардың және жалпы өндірістің жұмысына жақсы жағдайлар жасау қажеттілігімен анықталады.
Слайд 4: Қаржылық талдау дегеніміз не?
Қаржылық талдау - әлдеқайда кең түсінік, өйткені ол қаржылық жағдайды талдаумен қатар табысты, өнімнің өзіндік құнын, өткізуді қалыптастыру мен бөлуді талдауды және басқа да сұрақтарды кіріктіреді. Қаржылық жағдайды талдау – бұл қаржылық талдаудың бір бөлігі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның коммерциялық, өндірістік және басқа іс-әрекеттеріне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, оларды орналастыру мен пайдаланудың мақсатты бағытталуы мен тиімділігімен, шаруашылық жүргізудің басқа субъектілерімен қаржылық қатынастарымен, төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытында қаржылық төлемдерді жүргізуі оның жағымды қаржылық жағдайы туралы айтады. Қаржылық талдау дегеніміз не?
Слайд 5: Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады :
Көлденең талдау Тікелей талдау Трендтік талдау Салыстырмалы талдау Факторлық талдау Қаржылық коэффициенттер әдісі
Слайд 6
Көлденең ( уақытша ) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. Тікелей ( құрылымдық ) талдау — әрбір есеп поэзиясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.
Слайд 7
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Салыстырмалы ( кеңістіктік ) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы эканомикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Слайд 8
Коэффициенттер салыстырмалы шама болып табылады, оларды есептеу кезінде шамаларың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді. Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың ( себептердің ) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік ( анықтау ) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.
Слайд 9: Тапсырма:компанияның 2019 және 2020жыл бойынша кірістер қорытындысын көлденең талдау
2019 ж (мың тг) 2020ж (мың тг) Айырмашылық (2бағ-1бағ) Пайызбен (3бағ/1бағ*100 ) Кірістер 5600 6854 Сату құны 2452 3010 Жалпы пайда 3148 3844 Әкімшілік шығыстар 275 315 Сату шығындары 520 632 Таза пайда 1783 2302