Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы — презентация
logo
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Жоспары
  • К іріспе
  • НЕГІЗГІ БӨЛІМ
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Қорытынды
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
1/16

Первый слайд презентации: Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспары

1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2.1. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы 2.2. Қазақстан Республикасындағы туризм саласында шағын кәсіпкерлік қызметтің дамуы. 2.3. Қазақстандағы туристік кәсіпкерлік қызметке кешенді талдау 2.4. Туристік кәсіпкерлік қызметке оң және теріс әсер ету аспектілері 2.5. Туристік қызмет нарығының тиімділігін арттырудың басты жолдары 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда

Слайд 3: К іріспе

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұлттық экономиканың тұрақты даму факторы ретінде туризм саласының тиімді қызмет етуі қарастырылады. Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, дүние жүзілік экономикалық дағдарыстың салқынын азайту үшін туризм бірқатар экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін тигізеді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік саласында көптеген жұмыс орнын құру, ұлттық мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің жағымды саяси имиджін құру және т.б. Туризм табиғи ресурстарды тауыспайды, керісінше, экономиканың көптеген салаларының дамуын ынталандыратын мультипликативті тиімі бар. Әрине, туристерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал салынуы қажет, бірақ берілген инвестициялар стратегиялық және ұзақ мерзімді бола тұра болашақта минералды ресурстарды өндіруден де асып түсетін қомақты нәтиже береді.

Изображение слайда

Туризм саласында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үлкен еңбекті қажет ететін іс-шара болып табылады. Ол тәжірибеде ұйымдастырушылардан шығармашылық мүмкіндігін және ұйымдастыру барысындағы кез-келген кездескен мәселелер бойынша тәжірибелік тапсырманың стандарттык емес шешімін талап етеді. Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.

Изображение слайда

Слайд 5

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Изображение слайда

Слайд 6

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» ( 1992 ) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

Изображение слайда

Слайд 7

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.

Изображение слайда

Слайд 8

Қазақстан Республикасындағы туризм саласында шағын кәсіпкерлік қызметтің дамуы. Туризмді дамыту жөніндегі қызмет 2006 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 2007-2011 жылдарға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен алдымызға қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты – мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейде келісілген іс-шараларды жоспарлауға, туристік саланы тұрақты дамытуға арналған, ішкі туризмнің көлемін ұлғайту есебінен мемлекеттің кіріс пайдасын және халықты жұмыспен қамтудың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру. Еліміз қазірдің өзінде тиімді капитал орналастыру және инвестиция салу тұрғысынан көптеген шетелдік инвесторларды қызықтырып отыр. Мәселен, соңғы кезде шетелдік компаниялар туризм секторына және туристік инфрақұрылымының дамуына, Іле Алатауының етегінде (Шымбұлақ, Түрген) тау шаңғысы курортын салуға тиісті қаражат бөліп келеді.

Изображение слайда

Слайд 9

Қазақстан экономикасында туризм ролі арту үстінде. Соңғы жылдары (2008-2011 жж.) қызмет көрсетілген туристер саны 3138,6 мың адамға артқан. Бірақ, әлі де туризмнің тиімділігі Қазақстанда төмен. Келуші туристер санының өсу қарқыны (2008-2011 жылдар аралығында 945,6 мың адамға артқан) шығу туризмімен (осы жылдар аралығында 1540,4 мың адамға артқан) салыстырғанда төмен Негізгі көрсеткіштер 2008 2009 2010 2011 2008-2011 жж. салыстыру, % Қызмет көрсетілген келермендер саны, мың адам 10649,0 11889,6 13787,6 14101,7 129 Келу туризмі, мың адам 4365,0 4706,7 5310,6 5441,3 121 Шығу туризмі, мың адам 3004,0 3687,9 4544,4 4598,5 151 Ішкі туризм, мың адам 3280,0 3495,0 3932,6 3981,1 119 Туристік фирмалар саны, бірлік 846 921 1007 1013 119 Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер саны, бірлік 30 41 51 58 170 Негізгі туристік рес-урстар, барлығы: оның ішінде: 6656 7109 7405 7463 111 Мұражайлар, бірлік 187 185 195 195 104 Театрлар, бірлік 51 53 55 56 107 Концерттік ұйымдар, бірлік 66 61 67 69 101 Цирктер, бірлік 3 4 4 4 133 Клуб үлгісіндегі мек-емелер, бірлік 2409 2600 2824 2839 117 Кітапханалар, бірлік 3664 3848 3935 4067 107 Киноқойылымды жүзеге асыратын ұй-ымдар, бірлік 120 194 149 154 124 Луна-саябақтар мен демалыс саябақтары, бірлік 50 53 63 66 126 Хайуанаттар саябақ-тары, бірлік 4 4 4 4 100 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, бір-лік 102 107 109 109 106

Изображение слайда

Слайд 10

Талдау Даму стратегиясы Күшті жақтары -еуразиялық құрлықта орналасуы жүздеген миллион туристерді тартуға мүмкіндік береді; - әрбір аймақта ерекше және әртүрлі қорлардың болуы. күшті жақтарды нығайту: - қолда бар туристік мүмкіндіктерді барынша қолдануды күшейту; - туристік бизнесті Еуразия орталығында географиялық орналасуын ескере отырып дамыту; - туристік қызмет нарығының аймақтық көліктік инфрақұрылымын салу және дамыту. мүмкіндіктері: - туристік индустрияны дамытуға ұмтылу; - шетелдерде танымал болу жоғары деңгейде. мүмкіндіктерді пайдалану: -туристік сұраныстың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін туристер саны мен туристік өнімдер сапасын ұлғайту; - аймақтық жобаларды жан-жақты дамытуға байланысты туристік бизнесті белсендендіру; - 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарын өткізуге байланысты оқиғалы туризмді ұйымдастыру. Әлсіз жақтары - туристік мақсатта келушілер санының аз болуы; - инфрақұрылымның әлсіз дамуы. әлсіз жақтарды пайдалану: - туристік қызмет инфрақұрылымын жасау; - аймақтың туристік өнімі мен ерекшелігін дамыту; - туристік қорларды жүйелі пайдалану және туристік өнімдерді жылжытуды күшейту. Қауіп-қатерлер: - туристік қызметтің сыртқы нарығында елдер арасындағы күшті бәсекелестік; - туристік индустрияға инвестиция тарту деңгейінің төмендігі. қауіп-қатерлерді жою: - бәсекелестікке қабілетті туристік өнімдерді жыл- жыту; - туристік бизнесті дамытуға инвестицияларды тарту жүйесін жетілдіру; - туристік өнімді дамыту арқылы ұлттық экономикаға (ЖІӨ) тікелей және жанама салымның өсуі; - туристік бизнестің тұрақты дамуын күшейту. Қазақстандағы туристік кәсіпкерлік қызметке кешенді талдау

Изображение слайда

Слайд 11

Туристік кәсіпкерлік қызметке оң және теріс әсер ету аспектілері Оң аспектілері Теріс аспектілері – жұмыс орындарын құру; –халықтың өмір сүру деңгейін арттырады, яғни табыстың артуы; –урбандалу үдерісін тездетеді және инфрақұрылым дамиды; –әлеуметтік және мәдени үдерісті тездету; –мәдени құндылықтар, мәдени ескерткіштерді қорғау және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру; –жергілікті өнім өндірушілердің тауарлары мен ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуы; –табиғи кешендердің көбеюі; –өңірдің тартымдылығының артуы. –халықтың әртүрлі топтарының қызығушылығын коммерциялау және полияризациялау; –білікті емес еңбек үлесінің көбеюі; қоғамдық тәртіп нормасынан тысқары (ішімдік ішу, бұзақылық) ауытқулар; –мәдениеттің коммерциализациялануы; нақты туристік бағыттың табиғилығының жоғалуы; – жергілікті халық пен туристердің арасындағы келіспеушілік, қақтығыстардың болуы.

Изображение слайда

Слайд 12

Туристік қызмет нарығының тиімділігін арттырудың басты жолдары Туристік қызмет нарығының инфрақұрылымын дамыту Мәдени-тарихи ескерткіштерді сақтау М атериал дық- техни калық базаны нығайту С татистик аны жетілдіру Туризмдегі туристік өнімдер мен білім сапасын арттыру Туристік бизнесті дамытуды басқаруды жетілдіру Туристік қызмет нарығын норма-тивтік-құқықтық реттеу механизмін жетілдіру Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Изображение слайда

Слайд 13: Қорытынды

1. Әлемнің көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы бизнес ретінде туризм әлеуметтік-экономикалық дамуда маңызды роль атқарады. Туризм бизнесі экономиканың тұрақты дамушы секторы болып табылады және саяхаттау кезеңінде туындайтын қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында туристік тауарларды сату және туристік қызмет көрсету кешенін ұсыну турситік қызмет кәсіпорындарын құрайтын. 2. Туристік кәсіпкерліктің шетел тәжірибесін зерттеу және оның Қазақстандағы жағдайы, сонымен қатар дамыту бойынша мемлекет қабылдаған іс-шаралар Қазақстандағы туристік қызмет көрсету нарығының бәсекелестік артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындауға мүмкіндік туғызды. Туристік кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын зерттеу бай туристік ресурстардың және ішкі туристік нарықтың мүмкіндігі толық көлемде қолданылмайтындығын; және туризм индустриясы және инфрақұрылым тиімді құрылмағандығы; қосымша жұмыс орындарын құру факторлары өз деңгейінде ынталандырылмайтындығын көрсетті. Әлеуметтік туризм жүйесі өз деңгейінде дамымаған және туризм экономиканың тартымды инвестициялық саласы ретінде әлі қалыптасқан жоқ.

Изображение слайда

Слайд 14

3. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2008 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. 4. Келуші туристер саны мен олардан түсетін кірістер көлемін аймақтар деңгейінде сараптай отырып, мынаған көз жеткізуге болады: қызмет көрсетілген келермендер саны жағынан бірінші орынды Алматы қаласы (ҚР-ғы жалпы туристер санының 47,9%-ы) және екінші орынды Астана қаласы (23,4%) иемденіп отыр ; 2010 жылы салыстырмалы түрде келуші туристерден көбірек кіріс келтірген аймақтарға ерекше табиғи орындары бар облыстар (Алматы қаласы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облыстары) кіреді; ішкі туризм бойынша негізгі кіріс келтіруші аймақтарға, жағдайы салыстырмалы түрде жақсы тұрғындары бар, Алматы қаласы мен Астана қаласы еніп отыр. 5. Туристік бизнесті дамыту стратегиясына сәйкес жоспарды кезең бойынша жүзеге асыру төмендегідей: 2011-2012жж. – жоспар құру, инвестиция көздерін анықтау жоспарланған жұмыс көлеміне рұқсат алу; 2013-2015жж. – 1-кезең – «Судағы виллалар» аймағын, демалыс және ойын-сауық құрылысын, демалу үшін су үсті құрылыстарын салу; 2016-2018жж. – 2-кезең – Конда үлгісіндегі қонақүйлер аймағы құрылысы; 2018 ж. – туристік демалыс аймақтарының ашылуы мен басқарылуы.

Изображение слайда

Слайд 15: Пайдаланылған әдебиеттер

1. Туристік қызметті ұйымдастырудың шет елдік тәжірибесі. //ҚМУ хабаршысы. Қызылорда, 2012. №2 (34). 2. Қазақстандығы туризмнің жағдайы мен дамуы. // Жас ғалымдар жинағы. Қызылорда, 2012. 3. laura.ucoz.kz /_ ld/0/13_glb.doc 4. http :// stud24.ru/economic/azastanda-kspkerlkt-damuy/84419-260778-page1.html 5. agu.kz/lib/111k_t.pdf

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Назарыңызға көп рахмет! Орындаған: Нұрұлы Елдар Тексерген: Ақтымбаева Ә.С.

Изображение слайда

Похожие презентации