Первый слайд презентации
Сабақтың тақырыбы Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Есеп шығару.
Слайд 2: Тест
1. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы....................................деп атайды. А) кернеу Б) меншікті кедергі С) ток күші 2. Өткізгіштің кедергісі оның L ұзындығына.......................болады. А) тура пропорционал Б) тең С) кері пропорционал 3. Өткізгіштің меншікті кедергісінің Халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі: А) 1 Ом⋅м Б) 1 Ом⋅мм С) 1 Ом/м 2 4. Кедергіні реттейтін құрылғы А) амперметр Б) реостат С) резистор 5. Ом заңы бойынша тізбектегі кедергіні арттырса, ток күші А) кемиді Б) артады С) өзгермейді
Слайд 3: Сабақтың мақсаттары:
кедергініӊ физикалық мағынасын түсіну және оны есеп шығаруда қолдану; (кедергі) = (меншікті кедергі* өткізгіш ұзындығы) / (көлденеӊ қимасыныӊ ауданы) формуласы бойынша өткізіштіӊ меншікті кедергісін есептей білу;
Слайд 4
Еске түсірейік! Әр түрлі өткізгіштер токқа әр түрлі кедергі жасайды, өйткені олардыӊ кристалдық торларыныӊ құрылысы әр түрлі. Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштіӊ кедергі жасау қасиетін сипаттайтын физикалық шама кедергі деп аталады. Кедергініӊ өлшем бірлігі - Ом.
Слайд 5: Меншікті кедергі
R - өткізгішті ӊ кедергісі ( O м); ρ- өткізгіштің меншікті кедергісі ( O м∙м ); l - өткізгіштің ұзындығы (м); S - өткізгіштің көлденең қимасының ауданы (м 2 ).
Слайд 6
Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзындығына, көлденеӊ қимасыныӊ ауданына және өткізгіш материалына тәуелді. Өткізгіштіӊ меншікті кедергісі – бұл ұзындығы 1 м, көлденеӊ қимасыныӊ ауданы 1 м 2 болатын белгілі бір материалдан жасалған өткізгіштіӊ кедергісі. Меншікті өткізгіштіӊ кедергісініӊ өлшем бірлігі (Ом*мм 2 )/м немесе Ом*м Өткізгіштіӊ кедергісі оныӊ ұзыныдығын тура пропорционал және көлденеӊ қимасыныӊ ауданына кері пропорционал.
Слайд 9
Жұптық жұмыс. 1) Ұзындығы 50 м, кедергісі 0,5 Ом болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы неге тең? 2) Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм 2 болатын никелин никелин өткізгішінен жасалған реостаттың кедергісі 21 Ом болатын болса, оның ұзындығы неге тең? 3) Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 0,85 мм 2 мыс өткізгішінің кедергісі неге тең?
Слайд 11
Бағалау критерийлері: кедергініӊ физикалық мағынасын біледі; кедергініӊ өлшем бірлігін біледі; өткізгіштіӊ кедергісін анықтайды; (кедергі) = (меншікті кедергі* өткізгіш ұзындығы) / (көлденеӊ қимасыныӊ ауданы) формуласы бойынша өткізіштіӊ меншікті кедергісін есептейді
Слайд 12: Рефлексия
- нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет.
Последний слайд презентации: Сабақтың тақырыбы Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi
Үйге тапсырма: 1. Суретте үш түрлі өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелді графиктері берілген. Әр өткізгіштің кедергісін тап. 2. Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 0,3 мм 2 болатын қорғасын өткізгіштегі ток күші 2 А-ге тең болу үшін оған қандай мөлшердегі кернеу түсіру керек? 3. Ұзындығы 400 м, ұштарындағы кернеуі 5 В, ток күші 0,05 А болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы қандай шамаға ие болуы керек?