Слайд 2: Жоспары:
Кіріспе Негізгі бөлім: - Этиологиясы мен патогенезі - Клиникасы, емі Қорытынды
Слайд 3: Хламидиоз
Хламидиоз — жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Хламидиоздың қоздырғышы — хламидия бактериясы ( лат. Chlamydia trachomatis ). Жұқпалы жыныс ауруларының ішіндегі ең кең таралғаны болып есептеледі. Х ламидиоз дың т аралуы. АҚШ-т а хламидиоз дың таралуы жыныстық қатынаста өмір сүруші 15-30 ж астағы ерлер мен әйелдер арасында 5-10% құрайды. Ресей және Қазақстанда нақты деректер жоқ. Жыл сайын бұл аурумен әлемде 90 млн адам тіркеледі. Урогенитальды хламидиоз – антропоноздық кең таралған жұқпалы ауру, қоздырғышы жанасу механизмімен беріледі, негізінен несеп-жыныс жүйесі, көз, буындар,тыныс алу ағзалары,сілемей қабықтартарының зақымдануымен, көрсетілген ағзалардың қабыну процесстерімен, жаңа туылған балалардың жатыр ішінде ауыруымен, созылмалы спецификалық коньюктивитпен не уретрит, эпидидимит, цервицит, аднексит,кольпит, симптомдарының қатарлас байқалуымен, кейде Рейтер синдромы типтес ерлер мен әйелдердәі жүйелі – уретро-окуло-синовиальдық кешен түрінде көрінеді.
Слайд 4
Хламидиоз ауруының қоздырғышы, этиологиясы, патогенезі Хламидия кіші көлемдегі (250-1000 нм), сфера пішіндес, грамтеріс бактериялар болып табылады. Ол Chlamidiaceae туыстығына, Chlamidia тұқымдастығына жатады. Хламидидің 4 түрін ажыратады: *С. trachomatis – урогенитальды хламидиоз, трахома, венерологиялық лимфогранулема қоздырғышы. Негізгі морфологиялық формасы элементарлы денешіктер (ЭД-инфекциялық формасы) және ретикулярлы денешіктер (РД), сонымен қатар, аралық денешіктер кездеседі. *С. psittaci – атипиялық пневмония, артрит, пиелонефрит шақырады. *C. pneumonia – жедел респираторлы ауру, пневмония қоздырғышы. *C. pecorum – адам патогенезінде рөлі белгісіз
Слайд 6
Қоздырғыш бактерияға тән барлық негізгі микробиологиялық белгілерге ие: жасушалқ қабырға, цитоплазма, ДНК, РНК.Хламидиялар сыртқы ортаға төзімсіз келеді және антисептиктер әсеріне, ультракүлгін сәулесіне, қайнауға, кептіруде тез өледі. Қоздырғыш көбіне инфицирленген партнермен жыныстық контакт кезінде, трансплацентарлы және инстранатальды жұғады. Сирек жағдайда тұрмыстық заттар арқылы: әжетхана заттары, ішкиім, ортақ төсек. Инкубациялық кезең – 1-3 апта. Торпидті дамитын қабыну процессінің клиникалық белгілерінің байқалуы – 60-70% адамда, субъективті-асимптомды ағым – 15-30% немесе жедел 10-15% ауруда анықталады. Хламидиялық инфекция иммунитеттің жасушалық (Т-хелпер белсенуімен) және гуморальдық звеноларды айқын өзгеріске ұшыратады, A, M, G классының иммуноглобулиндерінің туындауына әкеледі. Жүктілік кезіндегі урогенитальды хламидиоз бірнеше асқынуларға әкеліп соқтыру мүмкін: өздігінен түсік,мерзімінен бұрын босану, құрсақішілік инфицирлену немесе ұрық өлімі, қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі.
Слайд 7
Клиникалық белгілері, ағымы, жіктелісі Урогенитальды хламидиоздың клиникалық белгілері полиморфизмге тән, себебі арнамалы белгілерінің болмауы, симптомсыздығы, ұзақ уақыт симптомының аз болуы, рецидивке бейімділігімен көрінеді. Басқа урогенитальды аурулардан ажырататын ешкандай өзіне тән белгілері жоқ. Науқастар әдетте дәрігерге ауруының асқынғанынан кейін ғана жолығады. Аурудың жедел формалары тек аралас инфицирлену кезінде байқалады. Кестеде УХИ-ның клиникалық көріністерінің жиілігі ретімен берілген
Слайд 8
Ер адамдарда Әйел адамдарда Жаңа туылған ж/е жасөспірім жасына жетпеген балалар Уретрит - зәр шығару каналының қышуымен зәр шығару кезінде шаншып ауыру, сілемейлі-іріңді бөліністердің аздап шығуы, уретра еріншелерінің гиперемиясы. Эпиндидимит н/е орхиэпидидимит (56-85%) 19-48 жас аралығы адамдарда білінеді. Простатит (46%) Проктит – гомосексуалисттерде кездеседі. Уретро-окуло-синовиальдық Рейтер синдромы (3-4%) кездеседі Цервицит – көбіне симптомсыз өтеді, цервикальды түтіктен шамалы кілегейлі н/е кілегейлі-іріңді бөліністердің байқалуы, жатыр мойны қансырауы, жыныстық қатынас кезінде қан көрінуі, жұғындыда лейкоцитоз. Жиі уретрит пен парауретральды бездердің зақымдалулармен қосарланып дизуриямен көрінеді. Эндоцервицит – етеккірден тыс щамалы қанкетумен, іштің төменгі жағының ауыруы, жатыр мойнының ауыратын тартылуымен дәлелденеді. Өрлемелі урогенитальды хламидиялы инфекция: Сальпингит және сальпингоофарит – жатыр түтіктерінің өткізбеушілігіне әкеліп соқтырады, ақыры бедеулікке (көбіне екіншілік) әкеледі. Пельвиоперитонит, перитонит – аурудың салдарынан жатыр қосалқылары маңы, кіші жамбас органдары жабысқақ процесі туындатады, бедеулікке, жатырдан тыс жүктілікке әкеліп соқтырады. Перигепатит Фитц-Хью-Куртис синдромы – хламидияның интраабдоминальды таралуынан пайда болады. Оң жаққабырға астының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Проктиттер – анальды жыныстық қатынас кезінде дамиды, қынаптық бөліністер анальды тесікке келіп ағады. Эндометриттер, коньюктивит, кератит (сирек) Рейтер ауруы – экстрагенитальды көріністер-уретрит, артрит,коньюктивит қабаттасуы. Вульвовагинит Уретрит Конъюктивит Пневмония