Первый слайд презентации: Тақырыбы: Мембрана құрылымы және негізгі функциялары
Орындағандар: Нураханова Самал Утешева Адель
Слайд 2
Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер ) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі ( қалыңдығы 5 — 10 нм ), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша.
Слайд 3
Биологиялық мембрана мынандай қызметтер атқарады : - Механикалық, бұл арқылы жасуша өзін қоршаған ортадан оқшауланады, оның дербес болуына және тиісті қызмет етуіне мүмкіндік береді ; - Тосқауылдық, бұл арқылы жасуша өзін қоршаған ортамен талғампаздық ( селективті ) түрде пассивті және активті зат тасымалдауға қол жеткізеді ; - Матрицалық, бұл арқылы биологиялық мембранада ақуыздар мен ферменттердің болуы қамтамасыз етіледі, - Энергетикалық, бұл арқылы биолгиялық мембранада АТФ синтезделуі, биопотенциалдардың пайда болуына мүмкіндік алады., - Рецепторлық, мұндай қызмет арқылы мембрана басқа жасушаларды, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерін сезуге, заттарды танып білуге мүмкіндік алады.
Слайд 4
Биологиялы қ мембрананың структурасы мен құрамы Биологиялық мембрананың алғашқы үлгісі 1902 жылы ұсынылған болатын. Зерттеушілер фосфолипидте жақсы еритін заттардың мембрана қабаты арқылы еркін өтетіндігін байқаған, осы құбылыс мембрана фосфолипидтен тұратын жұқа қабат деген жорамал жасауға мүмкіндік берген. 1925 жылы Гортер мен Грендель гемолизденген эритроциттен ацетон арқылы липидті бөліп алған. Алынған ертіндіні судың бетіне құйған, булану нәтижесінде су бетінде пайда болған липид молекулаларының алып жатқан аймағының ауданы, тәжірибе басында алынған эритроциттердің ауданынан екі есе көп болған. Осының негізінде мембранадағы липидтер екі қабат болып орналасқан деген қорытынды жасалды
Слайд 5
1935 жылы бұл ойдың дұрыстығын Коул мен Кертис мембрананың электрлік параметрлерін өлшеу арқылы дәлелді. Олар мембрананың меншікті электрлік сиымдылығының С= 0,5×10-2 Ф/м2, ал меншікті электрлік кедергісінің r =10 Ом× м2 үлкен болатындығын анықтады. Биологиялық мембрана жазық конденсаторға ұқсас. Конденсатордың екі астары ретінде мембрананың сырты және ішкі ( циоплазма ) орталарындағы электролиттік сұйықтарды, ал конденсатордың астарларын бөліп тұрған диэлектригі ретінде екі қатар орналасқан фосфолипид қабатын, яғни биомембараны алуға болады
Слайд 6
1935 жылы Дж.Даниэлли мен Г.Давсон биологиялық мембрананың «бутерброд» тәрізді мембрананың жобасын ұсынды. Ол үш қабаттан, яғни ортасында екі қатар ( биқатар ) болып липидтер орналасқан, бұл қабаттың екі жағына ақуыздар жабысып орналасқан. Бұл модель мембранологияда 40 жыл шамасындай қолданылды. Кейін бұл жобаны одан ары дамытқан көптеген ұсыныстар болды 1964 ж. Дж.Робертсон ; 1966 ж. Дж.Ленард және С.Сингер т.б. Бірақ тәжірибелік нәтижелер жинақталған сайын осы модельден бас тартуға тура келеді.
Слайд 7
Мембрана құрылымына қазіргі көзқарас Қазіргі уақытта 1972 жылы Никольсон мен Сингер ұсынған, 1981 жылы Сингер одан ары жетілдірген биомембрананың « сұйық-мозайкалы » моделі қолданылуда. Бұл моделге сәйкес биологиялық мембрананың негізі - липидтер, олар бір біріне перпендикуля түрде, екі қатар болып орналасқан, ал ақуыздардың кейбірі липид қабатына жабысып, кейбірі оған батып немесе оны толығымен тесіп орналасқан. 4 сурет. 1- фосфолипид биқабаты, 2- фосфолипид молекуласының гидрофильді полярлы басы, 3- фосфолипид молекуласының гидрофобты құйрығы, 4- интегралды ақуыздар, 5- гликолипид, 6- перифериялық ақуыздар, 7- иондық канал, 8- пор( саңлау ), 9- ақуызға жабысқан микротүткіше.
Слайд 8
Биологиялық мембраналардың қҧрылысының ерекшеліктерін ашуда - электронды микроскоптық зерттеулер аса зор табыстарға жетті. Белок пен фосфолипидтен басқа биологиялық мембранада басқа да химиялық қосылыстар бар. Жануарлардың мембраналық клеткаларында холестериннің мӛлшері ӛте кӛп. Мембранада басқа да заттар гликолипидтер мен гликопротеиндер де бар.
Слайд 9
Жалпы липидтер үш түрде : фософолипид, гликолипид және стероид түрінде кездеседі. Бұлардың ішінде фосфолипидтердің үлесі басым, яғни көптеген денелердің мембрана қабаты фосфолипид молекуласынан құралған деп санауға болады. Биологиялық мембранадағы фосфолипид молекулалары екі бөліктен : полярлы бастан және полярсыз құйрықтан тұрады. Полярлы бастың алып жатқан ауданы 0,6 нм2 тең, ал құйрыққа сәйкес келетін аудан 0,2-0,3 нм2. Фосфолипид молекуласының барлық ұзындығының 1 бөлігі полярлы басқа, қалған 2 бөлігі оның құйрығына сәйкес келеді
Последний слайд презентации: Тақырыбы: Мембрана құрылымы және негізгі функциялары: 1.Арызханов Б., Биологиялық физика,1990 ж. 2. Кошенов Б.К. Медициналық биофизика,,2011г. 3. Тиманюк В.А., Животова Е.Н. Биофизика, Киев, 2004г с.. 4. Ремизов А.М. Медицинская и биологическая физика, М.,2010г. 5. Антонов В.Ф. Биофизика, М., 2006 г
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі