Первый слайд презентации
Тақырыбы: Қасаң қабық аурулары Құрастырған :асс.Шакенова Н.С.
Слайд 2: Қасаң қабық ауруларының жіктелуі
Қабыну аурулары (кератиттер) Жарақаттары Даму ақаулары (кератоконус, кератоглобус)
Слайд 3: Кератиттер жіктелуі
Экзогенді кератиттер : Қасаң қабық эрозиясы Физикалық, химиялық, механикалық факторлар әсерінен болатын жарақаттық кератиттер Этиологиясы бактериальды инфекциялық кератиттер Қабақтың, конъюнктиваның, мейбомиев бездерінің аурулары салдарынан болатын кератиттер Кератомикоздар
Слайд 4
Эндогенді кератиттер: 1. Инфекциялық кератиттер А) туберкулезді : гематогенді және аллергиялық Б) мерездік В) герпетикалық 2. Нейропаралитикалық кератиттер 3. Авитаминозды кератиттер Этиологиясы белгісіз кератиттер
Қасаң қабық синдромы: Жас ағу Блефароспазм Жарыққа қарай алмау Ауырсыну, түйілу сезімдері Көру өткірлігінің төмендеу і
Слайд 6: Кератиттердің объективті белгілері:
Склераның перикорнеальды немесе аралас инъекциясы Қасаң қабық инфильтрациясы Қасаң қабық ісінуі
Слайд 7
Перикорнеальды немесе терең инъекция лимбтың шеткі ілмекті жүйесінің тамырларының кеңеюінен болады. Клиникалық көрінісі: лимб бойымен орналасады, күмбезге қарай азаяды, түсі алқызыл немесе күлгін, тамырлы суреті анық емес.
Слайд 8
Инфильтраттар көлемі, формасы, саны, орналасуы бойынша әртүрлі болады. Түсі сұр, іріңді процесте сарғыш немесе жасыл. Шекарасы анық емес. Инфильтраттар ыдырағанда қасаң қабықта эрозия пайда болады.
Слайд 9: Қасаң қабық жылжымалы жарасы
Қоздырғышы жиі - пневмококк. Жара тек қасаң қабық микрожарақаты болған кезде дамиды, инфекция конъюнктива, жас жолдары және жас қабынан түседі. Жараның 2 қыры болады: 1 - үдемелі, көтеріңкі, үңгірленіп орналасады, 2 -салыстырғанда төмен, біртіндеп тыртықтан бастаған.
Слайд 10: Қасаң қабық жарасы емі
Кең спектрлі антибиотиктер Көзге антисептикалық ерітінділер тамызу Сульфаниламидтер Кератопластиктер Механикалық жолмен қасаң қабықты тазарту
Слайд 11: Қасаң қабық жарасы асқынулары
Қасаң қабық тесілуі → іріңді иридоциклит→ іріңді эндофтальмит → панофтальмит
Слайд 12: Вирусты кератиттер
Беткей Эпителиальды Субэпителаиальды Ағаш бұтағы тәрізді Терең Метагерпетикалық Дисктәрізді
Слайд 13
Терең формаларында процесс терең стромаға енеді, көзден бөліністер болмайды, инфильтрация сұр түсті, ерекшелігі – қасаң қабық сезімталдығы төмендейді немесе жоғалады. Флюоросцеинді сынама беткей формасында оң, терең формасында теріс.
Слайд 14: Вирусты кератит емі
Этиотропты: жалпы және жергілікті Иммунотерапия (полудан, пирогенал) Патогенетикалық: кератопластиктер, осмотерапия, витаминдер Симптоматикалық Консервативті ем тиімсіз болса, оперативті ем қолданады.
Слайд 15: Туберкулезді кератиттер
Токсико-аллергиялық немесе фликтенулезді Гематогенді: Диффузды Ошақты Склероздаушы
Слайд 16: Мерездік кератиттер
Ерекшелігі – белгілі бір циклмен өтеді, процесс екі жақты. Процеске тамыр жолы ілігеді, рецидив болмайды. Сатылары: Инфильтрация (1 ай) Абсцесс ( 2 ай) Таралу (2 жыл)
Слайд 17
Жалпы қасаң қабық ауруларының шешімі: Ифильтрат ыдырап сіңуі, мөлдірлігі қалпына келеді Тұрақты қарауыту: а) бұлт тәрізді б) дақ в) ақ шел
Слайд 18
Кератиттерде қабыну басылғаннан кейін қасаң қабықта қарауыту қалса, сіңдіру терапиясы жүргізіледі. Алғашында консервативті ем – ферменттер (инъекция, электрофорез, тамшы), лидаза, алоэ, т.б. Консервативті ем тиімсіз болса, оператиті ем – кератопластика.
Слайд 19: Кератопластика
Оптикалық – көру қабілетін қалпына келтіру Емдік – жараны жабу Тектониялық – қасаң қабықтағы фистуланы жабу Мелиоративті – дайындаушы кезең ретінде, қасаң қабық таза бөлімдерін отырғызу арқылы мөлдірлігін жақсарту Рефракциялық – қасаң қабықтың рефракциясын өзгерту Косметикалық - тыртықты жою
Слайд 20: Кератиттерді емдеу принциптері
Жалпы және жергілікті этиотропты ем Патогенетикалық : Десенсибилизация Осмотерапия Ангиопротекторлар Физиоем Стероидты емес қабынуға қарсы ем Кортикостероидтар Симптоматикалық