Слайд 2
Сынып сағатының мақсаты : Білімділік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Тәрбиелік: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Слайд 3
Барысы: І бөлім. Сәлемдесу.Ұйымдастыру II бөлім. Ой қозғау III бөлім. Ойлан да, шеш IV бөлім. Шығармашылық тапсырма V бөлім. Бақыт шеңбері. Қорытындылау
Слайд 4
1- топ «Алтын ұя» тобы 2- топ «Тәрбие» тобы 3- топ « Өнеге »тобы 4- топ « Шаңырақ » то бы ТОПТАРМЕН ТАНЫС БОЛАЙЫҚ:
Слайд 5
1.Балдан тәтті не? 2. Қара шаңырак иесі кім? 3. Әкеден балаңа берілетін зат ? 4. Үйдегі алтын адам кім? 5. Бес дұшпанды атаңдар? 6.Тәрбие мен білімнің ордасы ? 7. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы? 8. Үш арсызды ата? 9. Мемлекеттік рәміздерді ата ? Бірінші бөлім.Ой қозғау
Слайд 6
ЕКІНШІ БӨЛІМ. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР! 1- топ 1) «Отан-...басталады» - 2 ) «Әке – асқар... Ана – мөлдір... Бала – екеуіне шырақ» 3 ) Ұяда не көрсең,.......
Слайд 7: 2-ТОП
1) «Атаның көңілі... Баланың көңілі далада.» 2 )«Балалы үй... Баласыз үй қу мазар» 3 ) Анаңа ауыр сөз айтпа....... 4) Ананың сүті – бал,..........
Слайд 8: 3-ТОП
1)«Бала, баланың ісі...» 2 )......... – ананың бауыр еті, көз нұры 3) ата көрген оқ жонар,.............. 4 ) атаның баласы болма,.............
Слайд 9: 4-ТОП
)Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың …… ( ) 2) Қарға баласын аппағым дер, Кірпі баласын …… дер. ( ) 3) Жеті атасын білмеген …… ( ) 4) Баланың ұяты әкеге ….
Слайд 10
Ү шінші бөлім. Топпен шығармашылық жұмыс. «Отбасы- бақыт мекені» 1 топ: ой,пікірлерін білдіру 2 топ: өлең шығару 3 топ: постер қорғау 4 топ: «М узыкалық сағат » : Ана әнін орындап беру.
Слайд 11
Төртінші бөлім «Ойлан да шеш !» 1.Мектептен шығып үйге бара жатқанда, аулада екі баланың төбелесіп жатырғанын көрдің. Араша түсейін десең мектеп формаңды анаң кеше жуып қойып, таза жүр деп ескертті. Сенің іс- әрекетің ? 2.Сені жақын досың өзінің туған күн кешіне шақырды. Бірақ, ол уақытта үйде қарындасыңа қарайтын ешкім жоқ. Ал досың келмесе ренжіп қалуы мүмкін. Сенің іс-әрекетің ? 3.Сен өте асығыссың, себебі сабаққа кешігіп келе жатырсың. Көшеде немересін жетектеп келе жатқан атаны қағып жібердің. Ол кісі құлап кетеді, ал бала қорыққаннан жылап жібереді. Сен не істейсің ? 4.Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинап қоюды ескертті. Сен достарыңмен ойнап жүрген кезде оны ұмытып кетесің. Анаң келе жатқанын айтып хабарласқанда ғана есіңе түсті. Ал ойын болса қызып жатыр. Сенің іс-әрекетің?
Слайд 12: БАҚЫТ ШЕҢБЕРІ
Адам-жеміске, ата-ана-жеміс ағашына ұқсайды. «Жеміс ағашын жақсы күтіп күткендей, ата-анаңды да аялап бақсаң, армандарың орындалады» деген тегін айтылмаған. Олай болса, ата-анамызды аялап, ардақтап өтіңдер.Сонымен бүгінгі «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»атты ашақ тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.