Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі — презентация
logo
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі
  • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі
  • 1. Қазақстанның этносаралық саясаты
  • Қазақстан Республикасының Конституциясында этносаралық қарым-қатынас туралы не жазылған ?
  • Қазақстанның этносаралық саясатында не нәрсеге қатаң түрде тыйым салынған ?
  • 2. Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасы – маңызды стратегиялық құжат
  • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы
  • 3. Еліміздің тіл саясаты
  • 4. Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторлар ы
  • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі
  • Ынтымақ, бірлігі жарасқан Қазақстан халқы
  • 5. Конфессияаралық қатынастар саласындағы саясат
  • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі
  • Қазақстан – дінаралық диалог орталығы
  • Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде талқыланған мәселелер :
  • 2008 жылы АҚШ конгресмені Дана Рорабахер
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының 17-отырысы. 2018 жыл
  • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі
  • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі
  • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі
  • АСТАНА – ӘЛЕМ ДІНДЕРІ ҮНҚАТЫСУЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ     (2003 жылдың қыркүйегінде өткен діни съезд жайлы ой)
1/23

Оқу мақсаты: 11.2.2.3 мемлекеттік стратегияларды және бағдарламаларды зерттеу негізінде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін бағалау

Изображение слайда

Слайд 2: 1. Қазақстанның этносаралық саясаты

Қазақстан Республикасы – жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүретін полиэтникалық мемлекет. Бүгінде халқының саны 20 миллион ды құрайды, оның ішінде мемлекет құраушы қазақтардың үлесі 70%- ға жетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұзақ мерзімді ұлтаралық саясат жүргізуді назарға алып, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың тиімді жолдарын үйлестірді. Бүкіл әлемде « қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі » туралы айтыла бастады. Елімізде 820-ға жуық этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар Бейбітшілік және келісім сарайы мен облыстық Достық үйлерінде орналасқан.

Изображение слайда

Ата Заңның 14-бабының 2-ші тармағында :   « Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды »  деп жазылған.

Изображение слайда

Сепаратистер Т еррористер Ұ лтшылдардың лаңкестік әрекеттеріне орталық билік тарапынан қатаң түрде тыйым салынған.

Изображение слайда

Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасын қабылдауы халқымыздың бірігуі үшін маңызды рөл атқарды. Әлемде осы сияқты қоғам мен биліктің арасындағы келісім көрініс тапқан және ұлттың болашағын белгілейтін Конфуций мен  Монро  доктриналарын атап өтуге болады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында өте маңызды, күрделі мемлекеттік тұрғыдағы ұлтаралық мәселенің болашағын белгілейтін құжат қабылданды. Доктрина қабылдау туралы идеяны 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІ V сессиясында Елбасы Н. Ə. Назарбаев ұсынды. Ұлт бірлігі доктринасы үш маңызды бөлімнен тұрады : I бөлім.  « БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР » ІІ бөлім. «ТЕГІ БАСҚА - ТЕҢДІГІ БІР » ІІІ бөлім. «ҰЛТ РУХЫНЫҢ ДАМУЫ»

Изображение слайда

Слайд 6

Изображение слайда

Слайд 7: Қазақстан халқы Ассамблеясы

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Н.Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет  1992 жылы  Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Қазақстан халқы Ассамблеясы   барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 8: 3. Еліміздің тіл саясаты

1989 жылы қыркүйекте « Қазақ КСР- інің тілдері туралы » заң қабылданды. « Қазақ тілі республикада мемлекеттік тіл болып табылады » деп атап көрсетілді. Орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде бекітілді. 1996 жылы « Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасы » қабылданып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға нақты міндеттер белгіленді. 1998 жылы ҚР Үкіметі « Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы » қаулы қабылдады. Осы жылы ҚР Үкіметінің жанында Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы шешім бекітілді. 1999 жылы республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы ашылды. Бүгінгі күні елімізде ақпараттық алаңда 15 ұлттық тілде этномәдени орталықтардың 35 газеті мен 26 сайты бар. 2018 жылы мемлекеттің тапсырмасы бойынша тарихшы ғалымдар, географтар және ақпараттық технологиялар мамандары бірлесіп « Қазақстан халқы » интерактивті ғылыми тарихи картасын дайындады. Электронды картада ежелгі заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі қазақ жерінде қоныстанған этникалық үдерістер тарихы көрсетіліп, елуден астам этностар туралы қысқаша деректер мен мағлұматтар берілді.

Изображение слайда

Слайд 9: 4. Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторлар ы

Бүгінгі күні Қазақстан – бейбітшілік пен келісім сақталған, этностар өзара ынтымақта өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет. Ислам дінідегі 4 мәзһаб : ханафи, малики, шафиит және ханбали. Елімізде дәстүрлі   сунниттік   исламның ханафи мәзһабы қабылданған. Ханафи мәзһабы – сүнниттік бағыттағы құқықтық ілім, жергілікті наным-сенімдер мен ғұрыптарға, дәстүрлі ұлттық мәдениетке төзімділігімен ерекшеленеді. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы барлық ұлттың бір-біріне және әсіресе қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынған еді.

Изображение слайда

Слайд 10

Изображение слайда

Слайд 11: Ынтымақ, бірлігі жарасқан Қазақстан халқы

Изображение слайда

Слайд 12: 5. Конфессияаралық қатынастар саласындағы саясат

Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Еліміздің тарихында дінаралық қақтығыстар мен жанжалдар орын алған емес. Дала қазақтарын шоқындыру мақсатында /православие/ 1881 жылы Қырғыз миссиясы құрылған еді. Ол Семей облысының кеңбайтақ аймағындағы қазақтарды шоқындыруға кірісті. Көшпелі қазақ қауымы Қырғыз миссиясына қатты қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметі әсіресе алғашқы онжылдықтарында, дінге тыйым салып, молдаларды қуғындаудың түрлі тәсілдерін пайдаланды, жер аудару шараларына дейін қолданды. Дінге қарсы саясат   «атеизм»   енгізілді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев:  « Жалпы екі нәрседен – діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей сақтанған жөн », – деп ескертеді.

Изображение слайда

Слайд 13

Тәуелсіздік алысымен елімізде 1992 жылы   « Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы »   заң қабылданды. Заңда Қазақстан Республикасы әрбір азаматының наным-сенім бостандығы құрметтеліп, діни бірлестіктердің өзара сыйластық қарым-қатынасына негіз қаланды.   1992 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен І Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өтті. 2011 жылы « Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы » қабылданған жаңа заң бойынша еліміздің аумағында қызмет ететін барлық діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу рәсімдері мен олардың қызметтерін реттеу қарастырылды. Қазақстанда дінтанушылар конгресі белсенді қызмет атқарады. 2014 жылы Дін істері агенттігі мен ҚМДБ, елдегі православие шіркеуі қоғамда үйлесім мен төзімділікті сақтау, ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.

Изображение слайда

Слайд 14: Қазақстан – дінаралық диалог орталығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу жауапкершілігін алды. Елбасының игі бастамасын Кофи Аннан, Джордж Буш, Маргарет Тэтчер секілді беделді саясаткерлер қолдады. Дінаралық форумдардың қатысушылары – әлемнің ірі конфессиялары басшылары, белгілі саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері. 2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресін өткізу мақсатында елордамызда арнайы Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида) салынды. Сарай түрлі діндердің, этностардың және мәдениеттердің әлемдік орталығына айналды. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы осы Бейбітшілік пен келісім сарайында орналасқан.

Изображение слайда

Слайд 15: Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы

Изображение слайда

Слайд 16: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі 2003 жылы 23–24 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Форумның жұмысына Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Африканың 13 елінен ислам, христиан, буддизм, иудаизм, синтоизм, даосизм және басқа конфессиялардың, 17 діни ұйымдардың өкілдері қатысты. Съезде түрлі дін өкілдері әлем халықтарының бейбіт және лайықты өмір сүруі жолындағы ынтымақтастық пен бірлік идеяларының өзектілігін, оны іске асырудың қажеттілігін талқылады. Съездің үлкен жетістігі – Қазақстанның бүкіл әлем алдында шынайы қоғамдық және дінаралық келісім мен бірлікке қол жеткен ел ретінде танылуы еді. І съезд барысында қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұдайы түрде өткізу және оның жұмыс органы – Хатшылықты құру туралы шешім қабылдады.

Изображение слайда

Слайд 17: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезінде талқыланған мәселелер :

« Діни және саяси басшылардың адамзат алдындағы жауапкершілігі » « Діннің жастарға әсер ықпалы » « Дін және саясаттың өзара әсерінің жаңа үдерістері мен перспективалары » « Бейбітшілік, қауіпсіздік пен үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасында өзара құрмет пен түсіністікке негізделген үнқатысу » Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің тарихи маңызы зор. Қазақстан Еуразияның географиялық қана емес, жаһандық рухани-конфессионалды орталығына айналды.

Изображение слайда

Слайд 18: 2008 жылы АҚШ конгресмені Дана Рорабахер

« Қазақстан қазіргі таңда тек Азия орталығы емес, әлем орталығына айналды », – деп жоғары баға берді.

Изображение слайда

Слайд 19: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының 17-отырысы. 2018 жыл

Изображение слайда

Слайд 20

Атеизм  – құдайға, дінге сенбеушілік. Доктрина  – іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар жиынтығы. ҚМДБ  – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Сепаратистер  – өздері өмір сүріп отырған елден жеке мемлекет ретінде бөлініп шығуға немесе сол мемлекетке тиесілі аумақты басқа бір мемлекетке қосуға ұмтылған белгілі бір саяси топ. Сунна, сунниттер  (араб. – жол, іс-әрекет ) – сүнетті ұстанушылар, Мұхаммед ( с.ғ.с.) пайғамбардың үлгі-өнегесі мен өсиетіне сай ислам дініндегі адам орындайтын амалдар.

Изображение слайда

Слайд 21

Джеймс Монро  (1758–1831) – АҚШ- тың саяси және мемлекет қайраткері, бесінші президенті (1817–1825). 1823 жылы Монро доктринасы жарияланып, «Америка тек американдықтарға » қағидаты бойынша Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп атап көрсетілді. Монро қағидаты АҚШ- тың ішкі және сыртқы саясатында көптеген жылдар бойы пайдаланып келеді.

Изображение слайда

Слайд 22

1-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдаланып, Ұлт доктринасы мен Монро қағидатына салыстырмалы талдау жасаңдар. 2-тапсырма. Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда тағы қандай бағдарламалар мен құжаттар қабылданғанын анықтаңдар. 3-тапсырма. Сабақта жинақтаған білімдеріңді қолданып, Қазақстандағы қазіргі діни ахуалға SWOT талдау жасаңдар.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі: АСТАНА – ӘЛЕМ ДІНДЕРІ ҮНҚАТЫСУЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ     (2003 жылдың қыркүйегінде өткен діни съезд жайлы ой)

2003 жылғы 22–24 қыркүйекте Астанада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер лидерлерінің кең ауқымды халықаралық құрылтайының өткеніне де екі жыл болды. Бұл аз да, көп те емес. Әйтсе де осы бір ерен оқиғаға ой жүгіртіп, бағамдап, қорытындылайтын да мезгіл жеткен сияқты. Астанадағы жиынға дейін де мұндай форумдар әлемнің әр жерінде өтті. Бірақ олар санаулы ғана дін өкілдерін жинаудан аса алмады. Дей тұрғанмен жалпы осындай басқосулардың мақсаты – сан алуан өркениеттер мен мәдениеттер жағдайында адам баласының өзара тіл табысып, бірлік пен ынтымақта өмір сүруін баянды ету жолдарын қарастыру. Өйткені туындайтын проблемаларды шиеленістірмей шешуде дін қайраткерлерінің де қосар үлесі аз емес. Ал бұл ретте биік деңгейлі алқалы съезд өткізуге көпұлтты, бірнеше конфессиялы, ынтымағы мен бірлігі өзгеге үлгі Қазақстанның қолайлы да лайық болғандығы күмәнсіз еді. Астанадағы діни үнқатысуға дүниежүзінен 17 діни делегация және Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері, БҰҰ жанындағы Бүкіләлемдік діндер лидерлері кеңесінің президенті Шри Шри Сугендра Тиртха Свами Мадхавачгарьян, Жапонияның экс Премьер- министрі Цутому Хата, Италияның Ассизи қаласының бас министрі Томас Геремек һәм 250 отандық және 60-қа жуық шетелдік журналистер қатысты. Әлемде өркениеттер үнқатысуы көкейкесті мәселеге айналы отыр. Қазір біз мүдделердің кең көлемдегі қақтығысы мен өзара шиеленіскен күрделі мәселелер уақытында өмір сүрудеміз. Сол себепті де, – дейді дін қайраткерлері, – оларды реттеудің немесе жоюдың бірден-бір жолы – діндердің үнқатысуы. Өйткені дін – татулық пен ынтымақты сақтаудың үлкен кепілі де. Діндер тату болса, мемлекеттер де тыныш екені дәлелдеуді қажет етпейді. Дербісәлі Ә. Исламның жауһарлары мен жәдігерліктері. – Алматы, 2008, 201–204-беттер. Астанада өткен діни үнқатысудың мәні мен маңызы неде ?

Изображение слайда

Похожие презентации