Первый слайд презентации: Валюталық жүйе және валюта бағамы
Слайд 2
Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Слайд 3
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грекияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Слайд 4
Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.
Слайд 5: Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
Ұлттық валюталық жүйе; Дуниежүзілік валюталық жүйе; Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе. Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
Слайд 6
Ұлттық валюталық жүйе —халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығы
Слайд 7
Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Слайд 8
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Слайд 9
Дүниежузілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.
Слайд 10
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Слайд 11
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.
Слайд 12
В алюталық паритет— валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындагы шекті қатынасы.
Слайд 13
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде ( арнайы қарыз алу құқығы ) белгіленеді.
Слайд 14
Егер де, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Слайд 15
Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық багшды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Слайд 16
Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі ; екіншіден, шетел мешекеттерінің ақша белгілері ; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).
Слайд 17
Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы. Валюта бағамы әр түрлі елдер ақша бірліктерінің арақатынасы.
Слайд 18: Валюталық бағамның қажеттігі:
тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады. дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға ; фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға; Валюталық бағамның қажеттігі:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді. Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді. Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді :
Слайд 20: Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады :
Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді ; пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка орналастырады. Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады :
Слайд 21
Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады. Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады. Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді. Валютага деген ұлттық және халықаралық нарықтагы сенімділік дәрежесі. Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.