Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты — презентация
logo
Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жобаның мақсаты:
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Дыбыс әлемі әдемі және көптүрлі, барлығымызды ойландыратын сұрақ - бұл дыбыстар қайдан пайда болады, біздің құлағымызды қалай қанықтырады
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
  • Дыбыстың естілу шарты
  • Дыбыстың таралуы.Дыбыстың жылдамдығы
  • КАМЕРТОН
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
1/20

Орындаған:Хадан Айнұр,8«в» сынып оқушысы Толқындар мен дыбыстар

Изображение слайда

Таңдалған тақырып бойынша теориялық материалмен танысу,білімімді тереңдету. Зертханалық жұмыс барысында дыбыстың қалай таралуын бақылау. Жобаның міндеті : Толқындар туралы теорияны пайдалана отырып зерттеу жүргізу Дыбыс сипаттамалары жайлы мәлімет жинау Дыбыстың әсерін бақылау.

Изображение слайда

Слайд 3

Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. Ортаның бөлшегі тербеліс жасау үшін оған энергия берілуі қажет. Бұл энергия толқын көзінен немесе тербелмелі қозғалысқа түскен көршілес бөлшектен беріледі. Сондықтан серпімді ортада тербелістердің таралуы кезінде энергияның бір бөлшектен екінші бөлшекке берілуі жүзеге асады, бірақ тербелістегі бөлшектер толқынмен тасымалданбайды. Бұдан шығатын қорытынды: Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды.

Изображение слайда

Слайд 4

Толқының маңызды сипаттамасына толқын ұзындығы жатады.Толқын ұзындығын гректің λ әрпімен белгілейді. Толқынның ұзындығы- Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. Басқаша айтқанда, толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқылары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтамыз.

Изображение слайда

Слайд 5

Толқын ұзындығы бөлшектер Т тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама толқын жылдамдығы деп аталады:. Ал Т тербеліс период V тербеліс жиілігімен Т=1/v қатынасы арқылы байланасатындығын еске түсірсек,онда толқын жылдамдығы өрнегімен анықталады.

Изображение слайда

Слайд 7

Өзектілігі: Адамның өміріндегі дыбыстың рөлі өте маңызды.Себебі дыбыс арқылы адам жан-жақты болып жатқан оқиғаларды біледі, күнделікті әрекеті дыбыс және оның қасиеттерін пайдалану арқылы жүзеге асып жатады.

Изображение слайда

Дыбыстын пайда болу себебі ? - вибрация ( тербеліс ) Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады,алайда көп жағдайда мұндай тербелістер көзге елеусіз болуы мүмкін. Дыбыстын көзі — секундына 16 до 20000 жиілікпен тербелінетін физикалық денелер.Дірілдейтін қатты дене,мысалы аспаптын шегі немесе жер қыртысы, үрмелі аспаптағы немесе ысқырғыштағы ауа,судағы толқындар яғни сұйық зат

Изображение слайда

Слайд 9: Дыбыстың естілу шарты

- Дыбыстын көзі -Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болу тиіс.Ауасы жоқ бостықта дыбыс толқындары тарала алмайды,онда тербелістерді жеткізетін зат бөлшектері жоқ.Әдетте,дыбыс біздің құлағымызға ауа арқылы жетеді. -Құлақ қабылдайтын арнайы дыбыс диапозоны

Изображение слайда

Слайд 10: Дыбыстың таралуы.Дыбыстың жылдамдығы

Дыбыс барлық ортада тарала алады. Ауасыз кеңістікте серпімді орта болмағандықтан дыбыс тарала алмайды. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы- шамамен 340 м/с. Дыбыстың судағы жылдамдығы — 1500 м/с. Дыбыстың металл және болаттағы жылдамдығы — 5000 м/с.

Изображение слайда

Слайд 11: КАМЕРТОН

Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатының анықтау үшін камертонды пайдаланады.Камертон-доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша,оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Денеден шығатын дыбысты күшейту үшін к амертондарды арнайы жәшіктерге орнатылады

Изображение слайда

Слайд 12

Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен 20 000 Гц-ке децінгі механикалық толқындар адамға дыбыс әсерін тудырады.Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар (грек.akustikos-дыбыс) деп атайды. Жиілігі 20 000 Гц-тен жоғары толқындар ультрадыбыстар,16Гц-тен төмен инфрадыбыстар деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 13

Дыбыс көзі Дыбыс қаттылығы,дБ Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі 130 Ұшақтың көтерілуі 120 Дискотекадағы музыка,өте шулы станок 110-120 5-7 м қашықтықтағы автомобиль сигнал 100 Стансаның қасынан өтіп бара жатқан пойзд 80 Көше суы 70-80 3 м қашықтықтағы шаңсорғыш дыбысы 70 Тас жолдағы автомобиль қозғалысы 50-60 Әңгіме-сұхбат 40 Тұрғын үйлерденгі шу нормасы 20-30 Біздің есту қабілетіміз ұстай алатын ең ақырын дыбыстар,мысалы сағаттың соғуы,жапырақтың сыбдыры 10

Изображение слайда

Слайд 14

Казіргі таңда дыбыстың қасиеттерін адам техникада қолданады. Мысалы ультрадыбысты су астындағы заттарды табу,тереңдікті анықтау (эхолот) үшін. Медицинада-адамның ағзасын зерттеу үшін,архитектуралық акустикада қолданады (концертті залда,аудиториялар) жер сілкінісін болжау үшін де дыбыстың қасиеттерін пайдаланады.

Изображение слайда

Слайд 15

Дыбыстың шағылу құбылысына теңіз тереңдігін өлшеуге арналған құрал-эхолоттың және су астындағы нысаналарды табу үшін қолданылатын сонардың ( лат. sound navigation and ranging -дыбыстың навигация және кашықтықты өлшеу деген сездерден) құрылысы негізделген. Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады. Кеме табанына орнатылған құралдардың көмегімен белгілі бір бағытта ультрадыбыстар жіберіледі. Бұл дыбыстар теңіз түбінен немесе ізделінді нысанадан шағылып, бір мезеттен кейін кемеге қайта оралады. Кемедегі өте сезімтал аспаптардың көмегімен тіркелетін бұл толқындар электр импульстеріне түрлендіріледі де, экранда, мысалы, сүңгуір кайықтың кескіні пайда болады.

Изображение слайда

Слайд 16

Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар-қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Ультрадыбыстық аппарат 1946 г. 1978 жылы – La Grange, ультрадыбыстық қадағалаудын көмегімен иық бірігуінін блокадасын сипаттаған

Изображение слайда

Слайд 17

Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін. Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарқанаттар және басқа да тіршілік иелері шығарады. Мысалы, жарқанаттың ультрадыбыстық гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген.Олар ультрадыбыстарды шығару арқылы өзінің, ұшу бағытын және қажетті қорегін таба алады.

Изображение слайда

Слайд 18

Зертханалық жұмыс Сыйымдылығы 2-3 литр бидон алып, орамалға жүріп тұрған будильник сағатын орап аламыз.Фанераны бидонның жоғары жағына белгілі бұрышқа бұрып ұстасақ, сағат соғысының дыбысын естиміз, дыбыс шағылдағанда күшейеді. Металл үлкен қасық алып, ұзындығы 75-80 см жіп алып, жіптің ортасынан қасық байлап, екі ұшын түйіп құлағымызды тигізіп, басымызды иіп, отырғышқа қасықты ұрсақ, дыбыстың жіп арқылы құлаққа коллокол дыбыс естіп тұрғанымызды естиміз.

Изображение слайда

Слайд 19

Қортып айтсақ адамның өмірінде дыбыстың рөлі өте зор.Сондықтан кәзіргі таңда осы дыбыс туралы біліммен адам шектелмей әрі қарай зерттеулер жүргізуге қажет.Осындай зерттеулер арқасында дыбыстың адам организмінің жүйе-психологиялық әрекетіне тигізетін зияндар анықталған, дыбыстың қасиеттерін адам әртүрлі салада пайдаланып жүр. Кім біліпті болашақта жаңадан ашылған дыбыстың қасиеттері физика, биология, медицина әлемінде жаңа технологияларды туындатып қоғамды жоғарғы дәрәжеге көтеретін шығар.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты: НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Изображение слайда

Похожие презентации