Первый слайд презентации: Дислалия »
Қабылдаған : Кенжегалиева А.Ж Дайындаған : Сегізбай Ж.Ө
Слайд 2
Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде болады ( Ф.Ф.Рау ). Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде ( О.В.Правдина ). Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады. Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы (Л. С. Волкова).
Слайд 3
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналаған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шарты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды қамтиды. 1. оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна ; 2. шпательдер мен зондтар, тазалық құралдары ; 3. сөзді жазып, қайталайтын магнитофон; 4. тыныс алуды дамытуға қажетті ойыншықтар, альбом құралдары ; 5. дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом; 6. түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер, суретті лото; 7. түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдік материалы бар кітап – құралдар ; 8. әр класқа арналаған оқу материалы бар кітап ;
Механикалық ( органикалық ) дислалия, оның себептері. Механикалық ( органикалық ) дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық және оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себептеріне жатады. Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады. Функционалдық дислалия, оның себептері. Функционалдық дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа тілмен айтқанда ешқандай органикалық негіз жоқ. Функционалды дислалияның кең тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден болып табылады. Қорытындысы көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады. Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша сөйлеу тілі дұрыс қалыптасқан балаға сөйлеу тілінде ақаулығы бар баламен әрдайым қарым – қатынас жасаудың да зияны бар. Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалауына жиі еліктейді.
Слайд 6
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналаған логопедтің жұмыс тиімділігінің қажетті шарты – оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды қамтиды. 1. оқушы мен логопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен айна ; 2. шпательдер мен зондтар, тазалық құралдары ; 3. сөзді жазып, қайталайтын магнитофон; 4. тыныс алуды дамытуға қажетті ойыншықтар, альбом құралдары ; 5. дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом; 6. түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материалдарымен жұмыс істеу үшін суреттер, суретті лото; 7. түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдік материалы бар кітап – құралдар ; 8. әр класқа арналаған оқу материалы бар кітап ;
Слайд 7
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хватцев төрт кезеңге бөлді. Кезең саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысын, оның мақсаты мен міндетіне байланысты, келесі кезеңдерге бөлу тиімді : • Дайындық кезеңі • Дыбысты қою кезеңі • Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі • Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі
Слайд 8
Акустикалық-фонематикалық дислалия : дыбысты айту ауытқушылығы, оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының таңдаулы қалыптаспауымен байланысты. Бұзылу негізінде-фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы. Ауытқушылық физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің сенсорлы бөлімімен шектеледі. Артикуляторлы-фонематикалық дислалия сөзді өндіруші моторлы бөлімнің артикуляторлы қасиеті бойынша фонемді таңдау операцияларының қалыптаспауымен байланысты ауытқушылықты қосады. Олардың екі түрі болуы мүмкін : 1) артикуляторлы негіздің толықтай қалыптаспауының нәтижесінде фонемді таңдауда керекті дыбыстың орнына әлі қалыптаспаған, артикуляциясы жағынан едәуір оңай, артикуляциялық нышандар бойынша ұқсас дыбыстар таңдалады.
Слайд 9
Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы : « Күрекше », « Инеше », « Төбешік », « Түтікше », « Ожау », « Сағат », « Саңырауқұлақ », « Алтыбақан », « Тәтті тосап », « Сылақшы », « Тоқылдақ », « Ат шауып келеді » т.б.
Слайд 10
Кейбір балалар бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып айтады. Алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін : 1.Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы тіл арты түзелмелі ( шұғыл ) дыбыстарын тіл алды шұғыл дыбыстарына алмастырады.( Кәмила-Тәмила, гүл-дүл ). 2.Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл алды «с» дыбысы тіл алды «т» дыбысына алмастырылады.( сабын-табын ). 3.Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша айырмашылығы бар «с» дыбысына алмастырылады. Мысалы : Самат-фамат және т.б. 4.Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы мен жасалу жолдары ұқсас дыбыстар дауыстың дауыстың қатысуымен шығатын дыбыстармен, мысалы, ұяң дыбыстар қатаң дыбыстармен алмастырылады. ( Болат-полат, қозы-қосы ). 5.Жасалу жолдары ұқсас дыбыстар мен сөйлеу мүшелерінің белсенді әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілерімен айқындалатын дыбыстармен, мысалы : жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырылады : ( пяз -паз, ерік-ерык