Первый слайд презентации: Жаңа сабақ тақырыбы : Ерте орта ғасырдағы мемлекеттер: Түрік қағанаты (552-603)
Слайд 2: Жаңа сабақтың мақсаты:
Білімділік : Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырау себебімен таныстыру, жан — жақты білім беру; Дамытушылық: 6-сыныпта алған білімдерін дамыту, тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға үйрету, тарихи оқиғаларды қорытындылауға дағдыландыру Тәрбиелік: Оқушылардың ел тарихына сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Слайд 3: Жоспары:
1.Түрік қағанатының құрылуы 2. Жер аумағы 3. Саяси жағдайы 4. Ыдырауы
Слайд 4: Құрылуы:
552 жылы Бумын қаған Түркі қағанатын құрған Ұлы қоныс аудару дәуірі ( II — V ғасырлар ) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле ( тирек ) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік МоңғолияданШығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан жәнеАлтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу.
Слайд 5: Жер аумағы:
Шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында парсы елімен шектесті. Астанасы: Суяб Негізі құрамы: түркі тілдес тайпалар (теле, оғыз, дулу, нушеби, қырғыз, ұйғыр т.б.).
Слайд 7: Саяси жағдайы
Жылдар сөйлейді: 545ж- Қытаймен бейбіт келісім 552ж- Жужан қағаны Бумыннан жеңілді 552-554жж – Мұқан қаған кезінде жужандар толық жеңілді 555ж- түріктер Арал теңізіне дейін жетті 563-567жж- эфталитеттерді жаулап алды 570-580жж – Түрік қағанатының шығыстағы ықпалы күшейді. VІғ. 70ж – Түрік қағанаты иелігі Солтүстік Кавказ бен Қара теңізге дейін ұлғайды.
Слайд 8: Ыдырау себептері:
Бір орталыққа бағынған мемлекет бола алмады Билік үшін талас -тартыс 581 ж қағанат ішінде соғыстар басталды Тәуелді халықтар бас көтерді Көрші мемлекеттер шабуылы күшейді Жеке ұлыстарға бөлінді 603 ж. Екіге бөлінді (Батыс, Шығыс).
Слайд 9: Кесте: Есіңе түсір
Қашан? Қайда? Кім? Не болды? 552-603 жж 545 жж 552 ж 563-567 жж 603 ж
Слайд 11: Сабақты бекіту
Ерте орта ғасырда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекетті ата ? Қытай шежіресі бойынша түрік сөзінің мағынасы қандай? 552ж. Жужан қағаны Анағұйды жеңген кім ? Жужандар Түрік қағанатынан кім кезінде толық жеңілді? 563-567жж. Түріктер қай елді жаулап алды ?