Первый слайд презентации
“Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді” А. Байтұрсынұлы “Бүгінгі күні де, болашақта да адамға нақты бір салада білім керек, ол құнды болу керек, дәлірек айтсақ, құндылығы кәсіпқойлыққа және ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек. Өйткені, ескі білімге оқушыдан сұраныс жоқ” Н.Ә.Назарбаев
Слайд 2
Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат – оқу мақсаттарын нақтылап алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн құрастыру болып табылады. 70 – жылдары жүйелiлiк тәсiлдiң дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi мектеп жұмысының толық басқарымдылығы идеясында жатыр. 70-80 жылдары оқыту технологиясы және оқу процесiнiң технологиясы терминi пайда бола бастады. Кейiнiрек педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту технологиясы терминiмен теңестiрiлдi. Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы”, "бiлiм беру технологиясы”, "оқу процесiнiң технологиясы”, терминдерi ақыр аяғында оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп сақты.
Слайд 3
Жаңа педагогикалық технологиялар білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқытудың сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, білім алушылардың дамуына бақылау жасауға негізделген. Студенттер мен тыңдаушыларды ХХІ ғасырдың ақпараттық заманында еркін өмір сүруге, өмірде еркін бағдар алатындай және өзінің жеке ойы мен пікірі қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың алар орны ерекше. Қазіргі таңда елімізде заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізігі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті – ойы ұшқыр, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Слайд 4
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда уақыт талабына сай жаңа терминдер, жаңа ұғымдар пайда болып, педагогика ғылымының басқа да пәндермен байланысын тағы да толықтырып отыр. Мысалы, ағарту саласында жиі қолданылып жүрген «инновация» (латынның innove – жаңа, жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама) терминінің өзі ауызекі тілдік айналымда ХҮІІІ ғасырдың өзінде пайда болса, ХІХ ғасырда ол ғылыми арнада кеңінен қолданыла бастаған.
Слайд 5
Қазіргі таңда жаңа технологияларды ағарту саласында тиімді әрі сапалы қолдану үшін оның бірнеше әдіс-тәсілдері де айқындалып отыр. Бұл инновациялық әдістер оқытушының педагог ретінде жұмыс істеу әдіс-тәсілін, тыңдаушылармен қарым-қатынасын біршама өзгертіп отыр. Соңғы кездері «оқыту үрдісі» ұғымы педагогтың студентке белгілі бір білім, дағды, білік пен құндылықтар беру мақсатындағы үрдіс ретінде түсіндіріліп жүр және интерактивтік оқытудың кеңінен қолданылып жүрген мынадай әдістер топтамасы аталады:
Дәстүрлі технология білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі, ол бүгінгі таңда да кең таралған (әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту – бекіту – қадағалау – бағалау сұлбасы бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама алынады. Осыған орай оқу-оқтудың басты әдістері ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-әректтері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау, реттеу және түзету. Оқу технологиясы бірқатар маңызды да да ұнамды тараптармен еленген. Олар – үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа әдіс-тәсідерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді – оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
3 Білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды меңгеруде ынтаның, жауапкершілік сезімінің, міндеттемелердің, мүдделердің қалыптасуын көтермелеу
Слайд 10: ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы “Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” №125 бұйрығына өзгеріс енгізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №265 бұйрығы “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары”
Слайд 12: Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі
Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі 1 сыныптағы балдардың пайыздық мазмұны (%) 2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%) Баға 0-20 0-39 қанағаттанарлықсыз – «2» 21-50 40-64 қанағаттанарлық – «3» 51-80 65-84 жақсы – «4» 81-100 85-100 өте жақсы – «5»
Слайд 13: ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) Оқу бағдарламасы Оқу жоспары Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар