Жұмыссыздық және инфляция — презентация
logo
Жұмыссыздық және инфляция
  • Жұмыссыздық және инфляция
  • Жоспар
  • Жұмыссыздықтың жалпы ұлттық мөлшеріне ықпалы. Оукен заңы
  • Жұмыссыздық және инфляция
  • Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары :
  • Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары :
  • Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары
  • Жұмыссыздық және инфляция
  • Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.
  • Жұмыссыздық және инфляция
  • Филлипс қисық сызығы
  • Жұмыссыздық және инфляция
  • Жұмыссыздық және инфляция
  • Назарларығызға рақмет!
1/14

Первый слайд презентации: Жұмыссыздық және инфляция

Орындаған : 4 - топ Қабылдаған : Жұматай Ж. Ж. Топ : ЖМ15 - 004 Жұмыссыздық және инфляция С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА “ Денсаулық сақтау және формациядағы экономика ” кафедрасы Алматы 2016

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар

Жұмыссыздықтың жалпы ұлттық мөлшеріне ықпалы. Оукен заңы Инфляция мен жұмыссыздықтың әлеуметтік - экономикалық салдарлары Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланыстығы Филлипс қисық сызығы

Изображение слайда

Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді ; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің ( 1724 - 1780 жж. ) есімімен аталған. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Изображение слайда

Слайд 4

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың сандық деңгейі, табиғи деңгейден 1 %- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффиценті болып табылады. Мына 1 :2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

Изображение слайда

1. Инфляция халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл атаулы және нақты табыстарының арасындағы айырмашылықпен анықтала-ды. Мұндай жағдайда әдетте, тұрақты ( тіркелген ) табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді, яғни « табан тоздыру » шығындары орын алады. 2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарылады. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұтады. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің құнын арттырады. 3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға айналдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында ақша қаражат-тарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нәтижесі сұраныс инфляциясының күшеюіне алып келеді.

Изображение слайда

4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмен-детеді. 5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызан-дырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің ( салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамауға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның қаржылық ресурстары қысқарады. 6. Инфляция тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражат-тарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.

Изображение слайда

Слайд 7: Жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары

Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді. Енді сол-салдарларға тоқталсақ. Кері әсерлер: 2. әлеуметтік кернеудің өршуі 1. Крименогенді жағдайдың өршуі 3. физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі 5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі 4. әлеуметтік дифференцияның өсуі

Изображение слайда

Слайд 8

Пайдалы әсері: 1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы 2. Өз бос уақытының көбеюі 3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік 4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы Экономикалық салдарлар: Пайдалы әсері: 1. Экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшіің резервін жасақтау 2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция 3. Білімін жоғарылату үшін уақыт 4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы Кері әсерлер: 1. Алған білімнің құндылығын жоюы 2. Өндірістің төмендеуі 3. Жұмыссыздарға көмек шығындары 4. Квалификациясын жоғалту 5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі 6. Ұлттық табыстың төмендеуі 7. Салықтың аз жиналуы

Изображение слайда

Слайд 9: Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы

Көптеген экономистер инфляция қарқынының жұмыссыздықтың деңгейімен өзара байланысын зерттеген. Бұл байланыс Лондон экономикалық мектебінің профессоры  Албан Филлипстің  (1914-1975) үлгісінде терең зерттелді. Ол 1861 мен 1957 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлыбритания экономикасының статистикалық деректерін талдаудың нәтижесінде мынадай қорытындыға келген, яғни егер жұмыссыздық 3%- дық деңгейден асса, онда бағалар мен атаулы жалақының өсу қарқыны төмендей бастайды. Олай болса, жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны ( кейіннен, инфляция қарқыны ) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні   Филлипс қисығы   деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 10

Кейіннен, Пол Самуэльсон мен Роберт Солоу Филлипстің моделіне өзгеріс енгізді : жалақының өсу қарқыны деген көрсеткішті инфляция көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы өзара байланысты көрсетеді ( сурет 10.3) және Самуэльсонның пікірінше, тиімді саясатты жүргізу арқылы жұмыссыздық пен инфляция арасындағы «компромисс» нүктесін табуға көмектеседі. Бұл компромисстің шарты Филлипс қисығының көлбеулігімен анықталады. Қысқа мерзімді кезеңде бағалар мен жалақы мөлшерлемелерінің инфляциялық сипатта өсуі еңбек ұсынысын ынталандырып өндірісті арттырады. Ал инфляциялық үдерістерді басу жұмыссыздықтың өсуін туындатады.

Изображение слайда

Слайд 11: Филлипс қисық сызығы

Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине базардағы саудагерлер өзінің өнімін сатып отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр. Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.

Изображение слайда

Слайд 12

Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді. Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру нысандарына : ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады. Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды.  1958 жылы ағылшын экономисі   Олбен Филлипс  осы ықпалды өлшем көрсететін сұраным инфляция үлгісін ( моделін ) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбекақы кесмідері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты ( функцияны ) анықтаған.

Изображение слайда

Слайд 13

Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5 – 3 % - тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру қысқартуға болады. Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси есімді экономист жасаған екен. Кейінен Американ экономистері Р. Солоу және П. Саиуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбекақы кесімін ( ставкасын ) тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауға қолданылады.  Х сызығында жұмыссыздық деңгейі ( % - пен ), Ү сызығында – товар бағаларының өсу қарқыны ( % - пен ) көрсетіледі. Филлипс қисығы осы көрсеткіштерінің арақатынасын белгілейді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Жұмыссыздық және инфляция: Назарларығызға рақмет!

Изображение слайда

Похожие презентации