Слайд 6: Атау септік тұлғалы сөзбен тіркесетін шылаулар: арқылы,туралы,турасында,үшін,сайын,сияқты,секілді,сықылды, шақты,шамалы,жөнінде,бойы,бойымен,ғұрлы,ғұрлым,қаралы
Слайд 7
Қайталау,даралау мағынаны білдіретін шылау сайын : күн сайын,жыл сайын, көрген сайын, үй сайын, көше сайын,келген сайын т.б. Мысалы : Күн сайын опырыла түсіп,сағат сайын қауіп төндірді. Келген сайын сені іздедім. Ұқсату мағынасын білдіретін септеулік шылаулар: сияқты,секілді,сықылды: сен сияқты,өзің тәрізді,білген сықылды,әсем секілді,түсінген сияқты. Мысалы: Мал емес,адам сияқты,еңкеңдеп келе жатыр. Осылай сақ отырған сияқты едім. Бұрын көрген дос,таныс тәрізді жанымды билеп әкетеді. Себеп мағынасын үшін шылауы білдіреді: сен үшін,отырмау үшін, оқу үшін,білімің үшін т.б. Мысалы: Ол өзінің сезіп білгендерін,сол үшін қатты ұялғандығын,жұмысшы табының алдында Сейіт үшін енді ұяла алмайтындығын ескертті.
Слайд 8
Мезгіл мағыналы шылаулар бойы,бойымен: күні бойы,жыл бойы,жаз бойы,өмір бойы,келген бойымен т.б. Мысалы: Өмір бойы мал бағу міндетті ме? Келген бойында іске кірісті. Заттың жөнін білдіретін шылаулар: туралы,турасында,жайында,жайынан,жөнінде,жөнінен: ол туралы,сен жайында,Әсет турасында. Мысалы:Әңгімелері ауыл жайында еді. Сіз қатпа деген адам туралы ештеме естімедіңіз бе? Болжал мәнді шылаулар мыналар: шақты,шамалы,қаралы: жүз шақты,он шамалы,мың қаралы. Мысалы: Ауыл сыртындағы дөңеске шыға бергенде,он шақты машинаға тиеліп дұшпан солдаттары келіп қалды.Жүз қаралы малы бар,жерге қарап отырған жоқ. Шендестіру мәнді шылаулар мыналар: ғұрлы,ғұрлым: сен ғұрлы,Әкем ғұрлы. Мысалы: Жас бала ғұрлы ақылың болмады ма? Әжем ғұрлы күшің жоқ.
Слайд 11
Көмектес септік жалғаулы сөзбен тіркесетін септеулік шылаулар мыналар: қатар,бірге. Бұл септеулік шылаулар қимылдың бірнеше субъектіге қатысты екенін білдіреді: сенімен бірге,бізбен бірге,осымен қатар,жұмыспен қатар,оқумен қатар. Мысалы: Өз жұмысыммен бірге қоғамдық жұмыс та қосылды. Әнмен қатар би де үйрендім. Септеулік шылаулардың түрлі мағыналары олар тіркесетін септік жалғаулардың мағыналарымен тікелей байланысты!!!