Первый слайд презентации
Араб тіліндегі атауы – «Китаб ‘ара’ ‘ахл ал-мадйна ал- фадила».
Слайд 2
Қ ас и етт і қ а з а қ д а л ас ы та л а й ұ л ы ғ ұ л а м а л ар д ы д ү н и е г е а л ы п к е л д і. Қ а з а қ то п ы ра ғ ы н ы ң к ө к і ре г і о я у, к ө з і а ш ы қ, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мəдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты əлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі əрі бірегейі – күллі əлемге танымал ұлы — Əбу Насыр əл- Фараби. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға, соның ішінде əл-Фарабидың 1150 жылдық мерейтойының аталып өтетініне тоқталды. Осы ғұлама тұлғамыздың еңбектерін халық арасында дəріптеу мəселесін көтерді. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғаның жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тəрбиелеуге жол ашатынына сенім білдірді. 1150 жыл
Данышпан бабамыздың ең əйгілі еңбегі – «Қайырымды қала тұрғындары» атты трактаты. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» – 948 жылы Мысырда жазылды. 942 жылғы мəтіннің бірінші үлгісі «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» жеке шығарма ретінде танымал болды. Кітаптың көшірілген нұсқалары əлемнің бірнеше музейлерінде, мұрағаттары мен кітапханасында сақталған. Осы жылы бұл еңбек Голландияның Лейден қаласындағы «Бирбил» баспасында арабтанушы ғалым Фридрих Дитрицидің баспаға əзірлеуімен жарық көрген.
Слайд 4
Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала əкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, əрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т. б. мəселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы əкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы əкім — əділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен əдебиетті сүйетін адам болуы тиіс. Яғни, ол мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар қойған.
Слайд 5: Əл-Фараби трактатында былай деді:
Адам толығымен жетілуі үшін ол көптеген мəселелерге тəуелді болады. Себебі, ол барлық қажетті нəрселерді жалғыз өзі жасай алмайды əрі қол жеткізе алмайды. Сондықтан адам өзінен басқа да адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек жəне сонда ғана ол толық жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады. Бірақ, ол басқа адамдарға қатысты да қоғамдастықтың құраушысы болып табылады. Осылайша, қоғамдастықтың əрбір мүшесінің іс-əрекеті оның əрбір мүшесіне қажетті нəрселердің барлығын тауып береді дейді
Слайд 6
Кез келген мемлекеттің күш-қуаты мығым, бірлігі бекем, тірлігі түзу болуы үшін қажет жағдайдың бірі – биліктің мығым болуы екендігін сонау грек ойшылдарынан бастап, қазақ даласында туған ұлы ұстаз Əбу Насыр əл-Фараби мен Еуропадан шыққан билік теоретигі Никколо Маккиавелийге дейін айтудайын айтып, жазудайын жазып кеткен екен. Бұл ой-пікірлердің бəрі қай заманда болсын, өзекті болып келген жəне біздің жас мемлекетіміз үшін де ерекше маңызды. Фарабтық Əбу Насыр əл-Фараби бабамыз мемлекет басшысының бойынан табылуы тиіс он екі ізгі қасиетті атап көрсете отырып, «Қайырымды қаланы» (біздің қазіргі ұғымымыздағы мемлекетті) дəл осындай адам билеуі керек деген ойды айтады.
Слайд 7
Əл-Фарабидің ізгі қоғам туралы ойларына қарап, «қайырымды қаланың» яғни мемлекеттің лайықты гүлденіп, өмір сүруі үшін жеке тұлғаның қаншалықты маңызды екендігіне баса мəн бергендігін аңғарамыз. Жеке тұлғаның немесе ел басшысының мемлекет дамуындағы рөлі қашан да жоғары болып келген жəне қазір де солай десек қателеспеспіз. Əбу Насыр əл-Фараби «Қайырымды қала» туралы еңбегінде қала бақытты болудың үлкен кілті – бірінші басшыға байланысты екендігіне баса назар аудартады. Қайырымды қаланың бірінші басшысы – ол қайырымды халықтың, тіпті жер жүзін мекендейтін барша жұрттың басшысы да бола алатындығын айтады. Ол үшін бірінші басшыға тəн он екі бірдей қасиет оның бойында жинақталған болуы тиіс.
Əл-Фарабиді ң атап көрсетуінше, «қайырымды қала» басшысыны ң бойынан табылуға тиісті қасиеттер Басшының он екі мүшесі бүтін, дені сау болуы керек; Ақыл-есі бүтін, айтылған сөзді ұғатын болуы керек; Есте сақтау қабілеті мықты, алғыр да аңғарымпаз болуы керек; Сөзі өткір, тілге шешен болуы керек; Өнер-білімге құштар, оқып үйренуден шаршамайтын, білімпаз болуы керек; Тамақсаулықтан, артық ішіп-жеуден, орынсыз сауыққұмарлықтан аулақ болуы керек; Шыншыл болуы, маңына шыншыл адамдарды жиюы, өтірікшілерден аулақ болуы керек; Рухы биік, ар-намысты биік ұстайтын болуы керек; Пасықтықтан аулақ, игі істерге ынтызар болуы керек; Байлыққа құмарлықтан, ашкөздіктен аулақ болуы керек;
Слайд 9
«Қайырымды қаланы əрбір кез-келген адам билей бермекші емес, өйткені, ел билеу – екі бірдей нəрсеге байланысты: біріншіден, билемек адамның өз жаратылысында ел билеуге қаншалық əзір екеніне байланысты, екіншіден, билеуші адамның еріктен қуат алып отыратын жағдайы мен қабілетіне байланысты. Жаратылысында ел билеуге кім бейім болса, билік соның үлесіне тимек.»
Слайд 10
Əл-Фараби өз туындысында феномен басшының даналық, көрегендік қасиетін əрдайым жоғарыға қояды. Басшының қабілетсіздігінен, біліксіздігінен қаланың құрып та кету мүмкіндігін жоққа шығармайды: «Егер əйтеуір бір кезде басшыларда даналық болмай қалса, онда бұлар басқа шарттардың бəріне сай келе тұрса да, қайырымды қала ағзамсыз қалмақ, сөйтіп қаланы билеуші басшы бұл ретте ағзам бола алмайды, ал қаланың өзі құрып кету қаупіне ұшырайды. Ал егер осы басшыға ақылшы етіп қоярлық бір дана табылмаса, қала біраз уақыттан кейін сөзсіз құритын болады». Сондай-ақ Əбу Насыр əл-Фараби өз трактаттарында қала басшысының дара билігімен қатар, топтық биліктің түрі салтанат құру мүмкіндігі барлығын да атап өтеді. Мұны біз парламенттік-президенттік басқару үлгісі деп ұқсақ болады: «Жақсы қасиеттердiң бəрiн өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бiрақ бұл қасиеттер бiр топ адамның арасында жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелерi бiрлесе отырып, əкiмнiң орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар жəне қадiрлi адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы қадiрлi адамдардың басқармасы деп аталады».
Слайд 11
Қорытындылай келе, біз осы еңбектен Əл-Фарабидің идеалды қоғам жасауға ұсынысын көре аламыз. Менің ойымша, оның бұл еңбекті жазудағы басты мақсаты адамдарды идеалды қоғамға, яғни бақытқа қалай жетуге болатынын жəне ең бастысы сол жолда барлық адам жеткен ғылымдардың, оның өнерлері мен мүмкіндіктерінің қаншалықты маңызды екенін көрсету деп білемін. Сондықтан, ол трактатты материя мен формадан бастап, барлық бағытта мəлімет бере отырып бақыт пен өнер категорияларынан аяқтаған. Себебі, ол осының барлығын бір жүйеге, бір ұғымға біріктіруге тырысқан секілді деп ойлаймыз. Сөйтіп, ол барлық нəрсенің бір-бірімен тығыз байланыста екенін көрсеткен. Сөз соңында, Əл-Фараби осы трактатында қазір өзіміз сонша керек қылып жүрген өмір философиясын жасауға, нағыз қайырымды қала тұрғынының бейнесін нақты көрсетуге, қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға қажетті құндылықтарды бізге жеткізуге тырысқан дегіміз келеді.
Последний слайд презентации: Араб тіліндегі атауы – «Китаб ‘ара’ ‘ахл ал-мадйна ал- фадила»
Пайдаланылған əдебиеттер: А. Көбесов. Əбу Насыр əл-Фараби, Алматы, 2004. Н. Келімбетов. Ежелгі дəуір əдебиеті, Алматы 1991. 264 б. Р.Сейсенбаев. Фараби. «Ғылым туралы кітап», Алматы,2020. Салқынбаев. М. «Əл-Фарабидің əдеби мұраларының зерттелуі» монография