Бүйрекүсті безі гормондары — презентация
logo
Бүйрекүсті безі гормондары
  • Бүйрекүсті безі гормондары
  • Бүйрекүсті безі гормондары
  • Без анатомиясы
  • Бүйрекүсті безі гормондары
  • Без физиологиясы
  • Бүйрекүсті безі гормондары
  • М инералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон )
  • Бүйрекүсті безі гормондары
  • Бүйрекүсті безі гормондары
  • Бүйрекүсті безі гормондары
  • Бүйрекүсті безі гормондары
  • Бүйрекүсті безі гормондары
1/12

Первый слайд презентации: Бүйрекүсті безі гормондары

1

Изображение слайда

Слайд 2

Sunday, December 07, 2014 2

Изображение слайда

Слайд 3: Без анатомиясы

Бүйрекүсті безі  ( glandula sup-rarenalis, лат. glandula — без, supra — үсті және ren — бүйрек ) — бүйректің ішкі және жоғарғы ( адамда — артқы ) жағында орналасқан, пішіні   бүйрекке   ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі   секреция  ( эндокринді ) безі. Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан ) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер   ұлпалы   қапшықпен ( капсуламен ) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жеті лет ін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар ( эндокриноциттер ), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш : шумақты ( доғалы ), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері —  андроген   гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары — альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары — кортикостерон,  кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және   липид   алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны — аталық жыныс гормоны тестостеронға   ұқсас. Бүйрекүсті безінің ішкі жагындағы бозғылт затты — медуллалы эндокриноциттер ( нейроэндокринді хромаффиноциттер ) құрайды. Ақшыл түсті эпинефроциттер ( нейроэндокриноциттер ) -  адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі. Sunday, December 07, 2014 3 Без анатомиясы

Изображение слайда

Слайд 4

Құрылысы : Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%- ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%- ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі. Sunday, December 07, 2014 4

Изображение слайда

Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше. Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың екі безін де сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады. Мұндай жағдайда жануар еттері әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері нашарлайды қантамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады. Жеке бөліп алынған қыртысты және милы қабаттарға жасалған тәжірибелер арқылы аталған өзгерістердің көбі қыртысты қабаттың ішкі сөлініс қызметіне байланысты екені анықталды. Мысалы, бездің милы қабатын қалдырып, қыртысты қабатын сылып алып тастаса, жануар өте тез өліп қалады. Ал милы қабатын алып тастап қыртысты қабатын қалдырса, жануар салыстырмалы ұзақ уақыт айтарлықтай өзгеріссіз өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффиндік жасушалар бүйрекүсті безінен басқа да ағзаларда кездеседі ( ұйқы артериясының бифуркациясы ( айырық ) тұсында, омыртқа бағаны бойындағы симпатикалық шеткі торапта т.б.). Оған қоса симпатикалық жүйкелердің ұштары норадреналин бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормонындай әсер етеді. Сондықтан ( бүйрекүсті бездерінің ми қабатын алып тастағанда ( демодулляциясы ) оның гормондарының кемшіліктері хромаффиндік құрылымдар арқылы толықтырылады. Sunday, December 07, 2014 5 Без физиологиясы

Изображение слайда

Слайд 6

Бүйрек үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына ( өніміне ) жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді : 1) глюкокортикостероидтар (ГКС); 2) минералокортикостероидтар (МКС); андрокортикостероидтар (АКС); Глюкикортикостероидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизон ( өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон ( белсенділігі төмендеу ) жатады. Кортизон молекуласының С17 бөлігінде окситобы болғандықтан оларды 17-оксикортикостероидтар деп те атайды ( әсіресе емханаларда жиі пайдаланылады ). Sunday, December 07, 2014 6

Изображение слайда

Слайд 7: М инералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон )

Sunday, December 07, 2014 7 М инералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон )

Изображение слайда

Слайд 8

Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді. Глюкокортикоидтар әсерімен қан құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айнала қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді. Бұл гормондар антиденедердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды орын алып, булығу (стресс) тудыратын әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне бейімделуде маңызды рөл атқарады. Sunday, December 07, 2014 8

Изображение слайда

Слайд 9

Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа адам аддисон дертіне шалдығады тері қола түске боялып, адам арықтайды, тәбет нашарлап, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения ( әлжуаздық ) пайда болып, ішкі ортада натрий мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді. Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды. Адреналин тираминнің туындысы, ал норадреналин метилсізденген адреналин болып табылады, оның құрамында метил тобы болмайды. Sunday, December 07, 2014 9

Изображение слайда

Слайд 10

Катехоламиндер гликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатады, көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етіп, жылу реттеу, қан айналым процестеріне, бұлшық ет әрекетіне, ОНЖ- сі, тыныс алу және қан түзу мүшелерінің қызметіне ықпал жасайды. Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырды, жүрек жұмысын жиілетіп оның минуттық көлемін көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады. Норадреналин жүрек етінің қозғыштығын өзгертпейді, жүрек жұмысын баяулатады. Бұл екі гормон да жүрек тамырлары арнасын кеңейтіп, тері тамырларын тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы глгокозаның деңгейі жоғарылатады. Катехоламиндер организмді белсенді әрекеттерге дайындайды. Sunday, December 07, 2014 10

Изображение слайда

Слайд 11

Sunday, December 07, 2014 11

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Бүйрекүсті безі гормондары

Sunday, December 07, 2014 12

Изображение слайда

Похожие презентации