Первый слайд презентации
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту реттелуінің механизмдері мен принциптері. Дәрістің жоспары: Ас қорыту, оның маңызы, түрлері. Ас қорыту жүйесінің қызметі. Ас қорыту жолы қызметтерін зерттеу әдістері. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы және оның маңызы. Сілекейдің шығуы және оның реттелуі. Қарындағы ас қорыту. Қарын сөлінің бөліну кезеңдері.
Слайд 2: Ас қорыту, оның маңызы
Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды. Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар – мономерлерге айналып, олар қан мен лифаға сіңіп, организмде пайдаланылады.
Слайд 3: Ас қорыту түрлері
Аутолитикалық – тағам құрамындағыферменттер (ана сүті). Симбиоттық – бактериялар түзетін ферменттер – гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте). Өзіндік а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді. б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді. в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).
Слайд 4: Ас қорыту жолының қызметі
Ас қорыту. Сөл шығару (секреция) – ас қорыту сөлдерін бөлі. Ферменттердің 3 тобын ажыратады: 1) протеазалар, белоктарды ыдыратады; 2) липазалар, майларды глицеридтер мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 3) карбогидразалар, көмірмуларды полисахарид, ди- және моносахаридтерге дейін қорытады. Қимыл (моторлық). Сіңіру. Сыртқа шығару. 2. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегей қабатында гастроинтестиналдық гормондардың түзілуі.энтреин жүйесінің гормондары қанға сіңіп: 1) ас қортыу сөлдерінің бөлінуін реттейді. 2) ассимиляцияға, организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді. 3 ) түрлі ағзалардағы қан айналысын реттейді, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттейді.
Слайд 5: Ас қорытуды зерттеу әдістері
И.П. Павлов және оның қызметкерлерімен созылмалы тәжірибе жағдайында ас қорыту сөлдерін алуға арналған фистулалық операцияны ұсынды: ІІ. Клиникалық-физиологифлық Адамда ас қорыту қызметтерін зерттеу үшін клиникалық әдістер қолданылады: зонд енгізу, рентгенография, электрогастрография, радиотелеметриялық әдіс, эндоскопия, радиоактивті изотоптарды енгізу әдісі, УДЗ т.б. І. Экспериментальды вивисекция мүшелерді бөліп алу Созылмалы тәжірибелер
Слайд 6: Ауыз қуысындағы астыңқорытылуы
Ас қорыту ауыз қуысында басталады. Ауызға түскен тағам мұнда 15-30 сек кідіреді. Осы уақыт ішінде ас кесегі шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, көмірсулар ыдырай бастайды. Ауыз қуысының шырышты қабатының қызметі Секреторлық. Қорғаныстық. Регенерация. Сіңіру. Рефлекстік.
Слайд 7: Сілекей, оның құрамы және маңызы
Сілекей – сілекей өзектері арқылы келіп құйылатын үш жұп сілекей безінің (шықшыт, жақ асты, тіл асты) және ауыздың шырышты қабығында орналасқан ұсақ бездердің аралас сөлі. Адамда тәулігіне 600-1500 мл, орташа 1,0-1,2 л сөл бөлінеді.
Слайд 8: Сілекейдің құрамы
Сілекей – қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы – 1,001-1,002. рН = 5,8-7,4. Су – 99,4-99,5%. Құрғақ зат – 0,5-0,6% 1. Ферменттер: -амилаза – полисахаридтерді – декстран – дисахахридтерге дейін ыдыратады. Мальтаза – ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтарді – моносахаридтерге дейін ыдыратады. 2. Муцин 3. Лизоцим Аз мөлшерде: Белоктар глобулиндер, амин қышқылдары. Несеп қышқылы, мочевина, креатинин Ферменттер – протеазалар, пептидер, липаза,нуклеаза, сілтілік және қышқылдық фосфотазалар және т.б. Органикалық заттар Бейорганикалық заттар Калий, натрий, кальций, магний иондары. Фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар, бикарбонаттар. Родондық қосылыстар. Йодид, бромид, фторид, микроэлементтер: темір, никель, литий
Слайд 9: Сілекейдің маңызы
Ас кесегінің сілекеймен шылануы Астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алуға қатысады Көмірсулы заттар ыдырай бастайды Ас түйінінің қалыптасуына қатысады (муцин) Қорғаныс қызметі (лизоцим, экзотоксиндермен байланысуы) Минерал заттардың алмасуына қатысу
Слайд 10: Құрғақ тағамдарға (кепкен нан, ет ұнтағы) сүтке қарағанда сілекей көп бөлінеді. Құм, қышқыл секілді заттарға көп мөлшерде сұйық сілекей бөлінеді
Слайд 11
Симпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде - симпатикалық сілекей – қою, органикалық заттарға бай, аз мөлшерде. Парасимпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде – хордалық – сұйық, көп мөлшерде, минералдық заттарға бай.
Слайд 12: Сілекей бөлінуінің рефлекстік механизмі Сілекей бөлінудің екі кезеңі бар
Шартты-рефлекстік кезең. Сілекей бөліну ауыз қуысына тағам түспей тұра, тағамды көргенде, иісін сезгенде, тағамды еске түсіргенде т.б. басталады. Ол ми қыртысы мен сілекей бөлу орталығының көмегімен іске асырылады. 2. Шартсыз-рефлекстік кезең. Сілекей бөлу ауыз қуысына ас келіп иүскен кезде басталады. Ауыз қуысының рецепторлары тітіркеніп афференттік жүйке бойымен импульстер сілекей бөлу орталығына жетіп, одан секреторлық жүйкелермен сілекей бездеріне келеді.
Слайд 13: Қарындағы астың қорытылуы
Қарында сілекеймен шыланған ас 3-10 сағат кідіріп, механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.
Слайд 14: Қарынның функциялары
Сөл бөлу. Қарын еттерінің жиырылуынан-моторика Асты сіңіру. Сыртқа шығару. Эндокриндік – гастроинтестиналдық гормондардың бөлінуі (ГИГ). Қорғаныштық.(тұз қышқылы)
Слайд 15: Қарында 3 түрлі без жасушалары – гландулоциттер бар. Негізгі гландулоциттер пепсиноген, айнала қоршаған – тұз қышқылын, қосымша гландулоциттер – шырышты зат – муцин шығарады. Осы заттар қарын сөлінің құрамына кіреді
Слайд 16: Адамда тәулігіне 2,0-2,5 л қарын сөлі бөлінеді. Ол түссіз сұйықтық. рН – 0,9 – 1,5; тұз қышқылы көп – 0,3-0,5%
Слайд 17
Қарын сөлінің құрамы Н 2 О – 99,0-99,5% Құрғақ қалдық – 1,0-0,5% Органикалық заттар Бейорганика-лық заттар 1. Ферменттер: әрекеті Хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар, бикарбонаттар: натридің, калидің, кальцидің, магнидің. - пепсин А рН 1,5-2 ортада белок гидролизі - гастриксин (пепсин С) Оптимум әсері рН 3,2-3,5 ортады - пепсин В (парапепсин немесе желатиназа) Дәнекер ұлпа белоктарын ыдыратады - реннин (пепсин Д немесе химозин) Са ++ иондарының қатысымен сүт казеиногенін казеинге айналдырады - қарын липазасы Эмульсияланған майларды (сүт май) глицерин мен май қышқлдарына ыдыратады
Слайд 18
Органикалық заттар Әрекеті 2. Лизоцим (мурамидаза) Антибактериалық әсер 3. Кастла факторы– гастромукопротеид (муцин) Қарынның кілегей қабатын механикалық және химиялық ( HCl әсері ) әсерлерден қорғайды. В 12 ви тамині сіңу үшін қажет.
Слайд 19
Қарын сөліндегі тұз қышқылының маңызы. Тұз қышқылы: 1.Пепсиногенді пепсинге айналдырады 2.Айналасын қышқылдандырып пепсиннің әсерін күшейтеді 3.Белоктарды қопсытып жұмсартып, олардың ішіне фермент енуін жеңілдетеді 4.Микробтарды жояды( бактерицидтік әсер) 5.Қарынның моторикасын күшейтеді 6.Қарындағы астың 12 елі ішеке өтуіне септігін тигізеді 7.Сүтті ірітеді 8.Қарынмен ұйқы бездерінің сөл бөлінуін ретейді, гастрин мен секретин гормондардың бөлінуін күшейтеді 9.Энтерокиназа ферментінің әсерін күшейтеді
Слайд 20: Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі
Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі жүйкелік және гуморалдық механизмдермен жүзеге асады. Кезбе жүйке қарын қызметін ынталандырады. Симпатикалық жүйкелер тежеуші әсер көрсетеді.
Слайд 21: Қарын сөлі бөліну кезеңдері
I. Күрделі рефлекстік – ми кезеңі III. Ішек кезеңі – ас ішекке өткенде. Қарын секрециясын ынталандырушылар: энтерогастрин, бомбезин, белок гидролизі өнімдері, экстрактивті заттар. Шартты рефлекстік Шартсыз рефлекстік II. Қарын (нейрогуморалдық) кезең Механикалық Гуморалдық (гастрин, гистамин, бомбезин)
Слайд 22
Қарынның сөл шығаруын күшейтед і : Гастрин. Гистамин. Бомбезин. Мотилин және басқа ГИГ. Белоктар ыдырауының өнімдері және т.б.
Слайд 23
Қарынның сөл шығаруын тежейді: Гастрон, энтерогастрон. Соматостатин. ВИП – вазоактивті ішек пептиді. Холецистокинин-панкреозимин. ЖИП – қарын-ішек пептид. Глюкагон. Май алмасу өнімдері.
Слайд 24
Тақырып №2: Ұйқы безінің ас қорытудағы маңызы. Асқорытудың жас шамалық ерекшелігі. Мақсаты: Ұйқы безінің ас қорытуды реттелудегі маңызы мен балалардағы жас ерекшеліктерін игеру. Жоспары: Он екі елі ішектегі ас қорытылу Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеттері Ұйқы безі сөлінің бөлінуі, оның кезеңдері Өттің құрамы, ас қорытудағы маңызы Жіңішке ішектегі ас қорытылу, ішек сөлінің құрамы, бөліну кезеңдері Бауыр-көп функциялы ағза.
Слайд 25: Жіңішке ішектегі астың қорытылуы
Жіңішке ішек адам бойынан 4-5 есе ұзын және 3 бөлімнен тұрады: 1) 12-елі ішек, 2) аш ішек, 3) мықын ішек. Астың ішектегі қорытылуы қуыстық және ммембраналық қорыту түрінде өтеді. 12-елі ішектегі қоректік заттардың гидролизі ұйқы безі, ішек сөлдерінде болатын ферменттер мен өттің әсерінен жүреді. Химус ішекте 10-12 сағат кідіреді.
Слайд 26
Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеттері Ұйқы безі сөлі түссіз сұйықтық. Меншікті салмағы 1,007-1,009. рН – 7,8-8,4 (сілтілік реакция бикарбонаттардың болуына байланысты). Тәулігіне 1,5-2,0 л бөлінеді. Су – 99% Құрғақ зат – 1% Органикалық заттар Бейорганикалық заттар
Слайд 27
Органикалық заттар Бейорганикалық заттар Протеазалар – белоктарды ыдыратады - Трипсиноген ішек энтерокиназа трипсин Химотрипсиноген трипсин химотрипсин Карбоксипептидаза (А,В) Эластаза Рибонуклеаза Катиондар: Na +, Ca 2+, K +, Mg 2+ Аниондар: Cl -, HCO 3 -, HPO 4 2. Липаза – Са ++ тұздарының қатысымен эмульсияланған майларды ыдыратады 3. Гидролитикалық ферменттер – көмірсуларды ди- және моносахаридтерге дейін гидролиздейді. -амилаза мальтаза лактаза Шырышты заттар
Слайд 28
Ұйқы безі сөлінің бөлінуі, оның кезеңдер Ұйқы безінің секрециясы ас қаблыдаған соң 2-3 минуттан соң күшейеді және 6-14 сағатқа созылады. Ұйқы безі сөлінің бөлінуі 2 кезеңнен тұрады: I. Күрделі рефлекстік кезең Шартты рефлекстік Шартсыз рефлекстік II. Гуморалдық химиялық Гастроинтестиналдық гормондар әсерінен жүреді
Слайд 29
Сөл бөлінуін күшейтеді: Просекретин HCl секретин Панкреозимин-холецистокинин Бомбезин, гастрин, инсулин Сөл бөлінуін тежейді: Глюкагон, кальцитонин, ЖИП, ВИП, ПП, соматостатин.
Слайд 30
Жіңішке ішектегі астың қорытылуы Ішек сөлінің құрамы Ішек сөлі либеркю бездерінде түзіледі, сарғыштау, өзіне тән иісі бар сұйықтық. рН – 7,2-7,5, 8,6-9,0-ға деін жетеді Су – 98% Құрғақ зат – 2% Органикалық заттар, қоректік заттардың гидролизін аяқтайтын 20-дан астам ферменті бар. Протеазалар: энтерокиназа, полипептидаза, аминопептидаза, нуклдеаза. Дисахаридтерді гидролиздейтін: мальтаза, лактаза, сахараза – тек жіңішке ішекте. Липаза, фосфолипаза, фосфатаза. Муцин. Бейорганикалық заттар: 1% минералдық тұздар К +, Na +, Ca 2+, хлоридтер, бикарбонаттар
Слайд 31
Ішек сөлінің бөлінуі Ішек сөлінің бөлінуі нейрогуморалдық жолмен өтеді Ас механо - және хеморецепторларды тітіркендіріп, сөл бөлінуі интрамуралдық жүйке жүйесінің қатысымен рефлекстік жолмен күшейеді
Слайд 32
Тақырып №3 Бауырдың ас қорытудағы маңызы. Мақсаты:1. Бауырдың ас қорытудағы маңызымен танысу. 2. Полифункциональды мүше ретінде бауырдың ролін оқып үйрену. Жоспары: Қуыстық ас қорыту Мембраналық ас қорыту Ішектің қимыл әрекеті, ішек қимылдарының түрлері, реттелуі. Асты сіңіру. Ас сіңіру механизмдері Тоқ ішектегі ас қорыту Эндокриндік қызметі
Слайд 33: Қуыстық ас қорыту
Қоректік заттар ішек сөлінде тікелей (қуыстық) және ішек қабырғасының ішкі бетінде қорытылады. Қуыстық ас қорыту- бұл үрдіс сөл шығаратын бездердің сөліністері мен олардың ферменттерінің әсерінен ішектің қуысына өтеді (ұйқы безінің сөлі, өт, ішек сөлі).
Слайд 34
Қуыстық ас қорыту жолымен ірі молекулалы заттар олигомерлерге дейін ыдырайды, олардың соңғы өнімдерге (мономерлерге) дейін ыдырауы ішектің кілегейлі қабатында – яғни мембраналық ас қорыту жолымен іске асырылады. Мембраналық ас қорыту Уголев А. М. ашты
Слайд 35
Мембраналық ас қорытуға қатысатын негізгі ішек ферменттері: көмірсулар гидролизі - -глюкозидазалар (мальтаза, трегалаза), лактаза, инвертаза, т.б.. олиго- және дипептидтер гидролизі – пептидазалар; сілтілік фосфатаза, липаза.
Слайд 36
Ішектің қимыл әрекеті Ішек қабырғасындағы сақина тәрізді және ұзына бойы орналасқан бірыңғай салалы еттердің жиырылуымен жүзеге асады.
Слайд 37
Қимыл әрекетінің 5 түрі бар Ширақтық (тонустық).-тонуста болады.қуысы тарылып,кеңиді. Маятник тәрізді.-ұзыннан ұзақ орналасқан еттер қысқарады Ырғақты бунақталу.-сақина тәрізді ет талшықтары бірнеше жерлерде жиырылады Перисталтикалық.-екі түріде қатысады. Химустың жоғарғы жағында-сақина тәрізділер жиырылып, дәл сол кезде одан төмен ұзыннан орналасқан еттер жиырылады, ішек қуысын кеңейтеді Кері перситалтикалық (құсу).
Слайд 38
Қимыл әрекетінің реттелуі Ішектің автоматиялық қасиеті бар. Вегетативтік жүйке жүйесімен реттеледі. Кезбе жүйке қимыл әрекетін күшейтсе, симпатикалық жүйкелер оны тежейді. Гуморалдық реттелуі Қимыл әрекетті күшейтеді АХ: вазопрессин, окситоцин, брадикинин, серотонин, гистамин, гастрин, холецистокинин-панкреозимин, қоректік заттардың, әсіресе майлардың қорытылу өнімдері, т.б. Тежейді: адреналин, норадреналин
Слайд 39
Ас қорыту жолының түрлі бөлімдерінде астың сіңірілуі. Ас қорыту астың сіңірілуімен аяқталады. Асты сіңірілуі дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек-қарыннан қанға, не лимфаға өтуі. Астың сіңірілуі ас қорыту жолының түрлі бөлімдерінде бірдей емес. Ауыз қуысында ас сіңбейді, тек тілдің астына салынған кейбір дәрілер –валидол, нитроглицерин сіңеді. Қарында қанға ас тұзы, су, алкоголь, глюкоза аздап сіңеді. Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді.
Слайд 40
Қоректік заттар ішекке түскеннен кейін 1-2 минут тан соңолар ішеккен шығатын қанда және лимфада пайда болады, а л 5-10 минут өткен соң қоректік заттардың қандағы мөлшері ең жоғарғы мәніне жетеді. Жіңішке ішек астың сіңуіне бейімделген ағза: ұзындығы, қатпарлар, бүрлер, микробүрлер ішектің жанасу бетін 600 есе ұлғайтады, микроциркуляци я ерекшеліктері – капилляр эндотелиінің тесіктерінің (фенестрленуі) болуы.
Слайд 41
Астың сіңірілуі механизмдері Жасуша мембраналарының түрлі заттарды іріктеп өткізу қасиеті бар. Өткізгіштік тасымалданатын заттардың молекулаларының сөлшері мен құрылысына және олардың тасымалдану механизмдеріне байланысты : Пассив ті тасымалдау тасымалданатын заттар концентрациялық, осмостық, электрлік, электрохимиялық, механикалық градиентке байланысты диффузия, осмос, сүзілу жолдарымен өтеді. Актив ті тасымалдау : біріншілік актив ті тасымалдау – заттар ферменттердің қатысуымен, АТФ энергиясының жұмсалуымен градиентке қарсы өтеді ( Na + ) екіншілік актив ті тасымалдау – энергия арнайы тасымал жүйесімен басқа да заттардың қосымша тасымалдануына қолданылады (глюкоза, амин қышқылдары). Жеңілдетілген диффузия мембраналық тасымалдағыштардың қатысуымен (моноглицерид тер мен май қышқылдарының өт қышқылдары тұздарының қатысымен тасымлдануы – мицелла, хиломикрон ) Фагоцитоз, пиноцитоз, эндоцитоз, персорбция.
Слайд 42: Тоқ ішектегі ас қорыту
Химус құрамыдағы ферменттер-қоректі заттарды қалдықтарын ыдыратады Химус қоюланып-нәжіс пайда болады Көптеген микроорганизмдер бар: клетчатканы ыдырататынын; Белоктарды шірітетін Сүт қышқылын пайда болдыратын- ашыту процесті күшейтеді –микробтар. Сүт тағамдары көп. Белоктардың шіру процесінде пайда болатын-индол,фенол, скатол, крезол- улы заттар-бауырда-зиянсыз қосылыстарға айналады Тоқ ішектің микрофлорасы витамин, К - -түзеді
Слайд 43: Эндокриндік қызметі
Ішек-қарынның кілегейлі қабығында көптген гормондар түзіледі-гастроинтестинальдық гормондар (25 гормон бөлініп шығады). Олардың көбі пептидтер (гастрин, секретин, панкреозимин-холецистокинин, сомастотатин,гастрин, бомбезин,мотилин. ВИП т.б.). Бұл гормондар: а) ас қорыту бездерінің сөл шығару қабілетін, моторикасын, астың сіңуі, т.б. қызметтеріне қатысады.
Слайд 44
Өт, оның маңызы Өт бауырда үздіксіз түзіліп, 12-елі ішекке ас қорыту кезінде түседі. Ас қорытудан тыс уақытта өт қабында жиналады. Өт қабы және бауыр өтін ажыратады. Бауырдан шыққан өт өт қабында жиналған өттен 5 есе сұйық.
Слайд 45
Өттің құрамы Тәулігіне 500-1500 мл өт түзіледі. рН: өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0 бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0 Меншікті салмағы – 1,008-1,015 Су – 86,6-97,4% Құрғақ қалдық: 4 % бауыр өтінде, 20 % өт қабында Органикалық заттар Бейорганикалық заттар Өт пигменттері: билирубин, биливердин Өт қышқылдары және олардың тұздары: таурохол – 20%, гликохол – 80% Холестерин. Муцин. Май қышқылдары, липидтер. Na +, Fe 2+, Mg 2+, K +, Ca 2+, аниондар: Cl -, HCO 3 -.
Слайд 46
Ас қорытудағы өттің маңызы Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липазаның әрекетін күшейтеді. Майларды эмульсиялайды. Май қышқылдары мен глицериннің мицеллалар түрінде сіңірілуіне ықпал етеді. Тұз қышқылын бейтараптап, пепсиннің әсерін жояды. Ішек қимылын күшейтеді. Нәжістің қалыптасуына қатысады. Майда еритін витаминдердің, холестриннің, кальций тұздарының сіңуін жеңілдетеді. Бактериоцидтік әсер көрсетеді.
Слайд 47
Өттің бөлінуі шартты және шартсыз рефлекстік түрде өтеді. Өттің бөлінуін күшейтеді: өт қышқылдары, секретин Тежейді: глюкагон, кальцитонин, ВИП, ПП
Слайд 48: Бауыр –көп қызметті ағза Бауыр организмінің ″Орталық лабораториясы″ функциялары көп:
1.Өт шығару қызметі (астың әсіресе майдың дұрыс қорытылуы, ыдырауы,ішек-қарының жиырылуы, астың қарыннан ішекке өтуі). 2.Лимфа үрдісіне қатысуы 3.Зат алмасуына қатысады (гликогенез, глюконеогенез) 4.Белок алмасуына, пигменттер алмасуына қатысады 5.Қан ұюына қатысатын көптген белоктар (проторомбин, фибриноген, проторомбин,тромбопластин) 6.Қан ұюына қатысатын компоненттері түзіледі-гепарин, антитромбин 7.Қан плзмасының белоктары түзіледі: альбуминдер, глобулиндер 8.Май алмасуына қатысады
Слайд 49
9.Холестерин, стероидтік гормондар 10.Су мен тұз алмасуына қатысады 11.Витаминдер алмасуына қатысады 12.Қан түзілуіне қатысады 13.Қан қоймасы-депосы 14.Қорғаныс қызметіне қатысады (иммунопоэзді ретейді, антиденелер, фагоцитозға қатысады) 15.Дезинтоксикациялық қызметі 16.Гормондардың белсенділігін жояды 17.Жылу реттеу үрдісіне қатысады 18.Гомеостазды қамтамасыз ететін маңызды ағза
Слайд 50: Дәріс 4: Зат алмасу туралы түсінік. Қоректік заттардың маңызы мен олардың нормалары. Энергиялық баланс.Негізгі энергия алмасу жайлы түсінік пен жұмыс түріне қарай жұмсалған энергия түрлері. Жылудың физикалық және химиялық түрде реттелуі
Жоспары: Заттар мен энергия алмасу туралы жалпы түсінік Негізгі алмасу Энергияның " жұмысшы" алмасуы. Кәсіп түріне қарай организмнің энергия шығыны. Энергия алмасуын зерттеу әдістері Зат алмасу реттелуі. Азот тепе-теңдігі. Тамақтану. Қоректік заттардың маңызы мен физиологиялық нормалары Жылудың физикалық және химиялық түрде реттелуі
Слайд 51
Заттар мен энергия алмасуы туралы жалпы түсінік Заттар мен энергия алмасуы – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы. Зат алмасуының 4 кезеңі бар : Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы. Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі. Қоректік заттар мен О 2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы. Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
Слайд 52
Заттар мен энергия алмасуында өзара байланысты екі үрдіс ажыратылады : анаболизм (ассимиляци я ) және катаболизм (диссимиляци я ). Заттар алмасуы барысында энергия өзгеріп отырады : аспен түскен күрделі органикалық қосылыстардың потенциалдық энергиясы механикалық, электрлік, жылу энергияларына айналады. Сау организмде энергия түзілуі мен энергия шығыны арасында тепе-теңдік сақталады ( энергияның сақталу заңына бағынады )
Слайд 53
Биологиялық тотығу үрдісінде босап шыққан энергияның жұмсалу жолдары : АТФ синтезі Механи калық жұмыс Хими ялық синтез Заттардың тасымалдануы Электр лік жұмыс (МП, ӘП) Дене температурасын сақтау Организмнің тіршілігін, өсуін және дамуын қамтамасыз ету. Организмде түзілген э нергия жылу бірлігі – калория немесе к джоул ь (СИ жүйесі ) түрінде көрсетіледі
Слайд 54
Организмде тотыққандағы қоректік заттардың к алори ялық коэффициент і 1 г бел ок 4,1 ккал 17,17 кДж 1 г май 9,3 ккал 38,94 кДж 1 г көмірсу 4,1 ккал 17,17 кДж
Слайд 55
Негізгі алмасу. Негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы. Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды : аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін. дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде. комфортты температурада – 18-22 о С Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні 1 ккал/кг/ сағ тең. Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні = 1700 ккал/ тәул Әйелдер үшін = 1500 ккал/ тәул
Слайд 56
Энергияның « жұмысшы алмасуы » Энергия шығынының мөлшері жұмыс түріне қарай өзгереді. Еңбек қарқынына байланысты ересек адамдар үшін энергия шығынының орташа мөлшерлері жасалған жасалып, бес кәсіби топқа бөлінеді.
Слайд 57
Кәсіп түріне қарай организмнің энегрия шығыны Топ Кәсіп түрі Энергия шығыны, ккал/ тәул 1 Қара жұмысқа қатысы жоқ мамандықтар : мекеме басшылары, ғылыми қызметкерлер, баспасөз қызметкерлері, инженер-техник қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер т.б. 2200-2800 2 Дене еңбег і мен және жеңіл еңбекпен айналысатындар : инженер-техник қызметкерлері, агрономдар, мал дәрігерлері, дүкеншілер, дәрігер мен медбикелер, санитарлар, жаттықтырушылар, т.б. 2300-3000 3 Еңбегі механикаландырылған мамандықтар : станокта істейтін жұмысшылар, токарьлар, жеңіл көлік жүргізушілер, хируротар, бригадирлер. 2500-3200 4 Жартылай механикаландырылған мамандықтар : ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мұнайшылар, металлургтер, балташылар, от жағушылар, ұсталар. 2900-3700 5 Қара жұмысшылар : тасушылар, шахтерлер, болат қорытушылар, ағаш кесушілер. 3900-4300
Слайд 58: Энергия алмасуын зерттеу әдістері
Тікелей калориметрия – организмнен бөлінген жылуды бикалориметрде (Этуотер-Бенедикт камерасы) тікелей өлшеу. Жанама калориметрия – энергия шығынын денеге сіңген оттегінің не денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды (Дуглас әдісі, оксиспирография).
Слайд 59
Энергия алмасуды өлшеу үшін келесі көрсеткіштерді қолданады Тыныс коэффициент і – ТК= СО 2 ( бөлінген мөшері ) О 2 ( сіңірілген мөлшері ) Тағам түріне байланысты Т К белоктар үшін =0,8 ТК көмірсулар үшін =1,0 ТК майлар үшін =0,7 ТК аралас тамақ үшін =0,85 2) Оттегінің калори ялық эквивалент і –1 л О 2 пайдаланылғанда бөлінетін энергия мөлшері. Аралас тамақтанғанда = 4,865 ккал. 3) Қоректік заттардың к алори ялық коэффициент і. Калори ялық немесе жылу коэффициент і – 1 г зат жанғанда босап шығатын жылу мөлшері
Слайд 60: Зат алмасу реттелуі
Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Негізгі 3 түрлі макронутриенттер: белоктар, май, көмірсулар организмде тотыққанда энергия бөледі. Ол организмнің әртүрлі қажеттілігіне жұмсалады.
Слайд 61
Белок алмасуы. Белок- денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы. Ферменттер белоктардан тұрады. Дененің негізгі функцияларының орындалуына қатысады: тыныс алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қорғаныс қызметі, гормондар. Қозғалу қызметі( актин, миозин). Белок –қуат қоры. Тәуліктік нормасы: 90-100г. белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі( олар орны толмас амин қышқылдары: лейцин, изолейцин, метионин, гистидин, аргигин, триптофан, лизин, треонин).
Слайд 62: Денедегі белок алмасу дәрежесін зерттеу үшін алдымен азот тепе-теңдігі (балансы) тексеріледі
Азот тепе-теңдігі Ас пен бірге ас қорыту жолына түскен соң, денеге сіңген азоттың мөлшері несеп, тер және нәжіс арқылы денеден шығатын азоттың мөлшері тең болса, бұл азот тепе-теңдігі деп аталады. Денеге келіп түскен азот одан шығарылып тасталған азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі оң деп есептеледі (өсіп кележатқан жас организмде, екі қабат әйелдерде кездеседі). Сыртқа шығарылған белок қалдықтарындағы азот мөлшері денеге сіңген белоктағы азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі теріс деп аталады. (белогы аз тағамдармен тамақтанғанда).
Слайд 63
Белок алмасуының реттелуі. Белок алмасуын реттейтін орталығы –гипоталамустың сұр затында. Гипоталамустың әсері вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездер арқылы реттеледі. Симпатикалық жүйке жүйесі диссиммиляция, ал парасимпатикалық ж.ж. ассиммиляция үрдістерін күшейтеді. Белок синтезін соматотропин, тироксин гормондарда күшейтеді.
Слайд 64
Көмірсу алмасуы. Көмірсу- энергия көзі, денеге ди-полисахаридтер түрінде түседі, қанға моносахаридтер глюкоза түрінде сіңеді. Қанға сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, онда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, гликолиз арқылы глюкоза бауырдан босап шығады да, қанға өтеді.
Слайд 65
Көмірсу алмасуының реттелуі. Көмірсу алмасуына ми қыртысы, гипоталамус, ішкі сөлініс бездер әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үрдісін ативтеу арқылы. Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді-(гликогенез үрдісін жоғарлатады).
Слайд 66
Май алмасуы. Май негізгі энергия көзі, пластикалық маңызы. Тәулігіне -70-100г майы керек. Майдың ыдырау өнімдері (моноглицерид, май қышқылдары, өттің қатысуымен мицелла түрінде, ішек эпителиіне өтеді (пиноцитоз жолымен). Одан шыққан өт қышқылдары қанға сіңеді, эпителийге өткен моноглицеридтер мен май қышқылдардан адамға тән май түзіледі. Май мен холестерин, белок молеклалары хиломикрон құрып, эпителий мембранасынан өтіп, лимфаға, қанға сіңеді. Май алмасуының реттейтін арнайы орталық гипотаталамуста орналасқан. Симпатикалық жүйке жүйесі денедегі май қорының жұмсалу және тотығу қарқынын күшейтеді. Парасимпатикалық ж.ж. май алмасуына керісінше әсер етеді.
Слайд 67: Тамақтану
Дұрыс (тиімді) тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді. Тағам заттары: белоктар, майлар, көмірсулар, макро және микроэлементтер (минерал заттар), витаминдер, фитоцидтер, тағамдық талшықтар). Қазіргі кезде академик А.А.Покровский ұсынған " Балансты тамақтану" концепциясы кең қолданылады. Рациональды ( тиімді) тамақтану 3 принципке негізделеді: Энергия тепе-теңдігін сақтау Тамақ құрамындағы қоректік заттар ұтымды үйлестірілген болу керек. – Белок(Б), Май (М), Көмірсулар қатынасы 1:1:4,6. Тамақтану режимді сақтау
Слайд 68
Тәуліктік тамақтанудағы нормалары: Ересек адамдарда тәулігіне: Белок-80-100г (1г белок 1 кг дене салмағына шаққанда, оның ішінде 55%-жануар белогы болу керек Май-80-100 (50-60% жануар майы) Көмірсу-400-500 г
Слайд 69
Жылу реттелуі Изотермия – дене мен организмнің ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы. Изотермия гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады
Слайд 70
Дене температурасының тұрақтылығын бірқатар жылу түзуші жылуды шығарушы ағзалардан тұратын функциялық жүйе, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін механизмдер қамтамасыз етеді.
Слайд 71
Гомойотерм ді ( жылы қанды жануарлар мен адам ) Пойкилотерм ді ( салқын қанды жануарлар ). Гетеротерм ді ( аю, суыр және т.б. ) Жылу реттелуінің типтері
Слайд 72
Қолтық – 36 о -37 о Ауыз қуысы – 37,2 о -37,5 о Тік ішек – 37,5 о -37,9 о Ішкі ағзалар – 37,8 о -38 о Бауыр – 38,5 о -39,5 о Кеуде – 30 о -34 о Қол – 29,5 о -33 о Аяқтың саусақтары, мұрынның ұшы - 22 о Дененің әр түрлі бөлімдерінің температурасы
Слайд 73
Тәулік ішінде адам денесінің температурасы 0,5-0,9 о ауытқып отырады. Түнде температура төмендеп, күндіз – артады.
Слайд 74
Жылу реттелуінің механизмі Хими ялық ( жылудың түзілуі ) Физи калық ( жылудың шығарылуы ) Дене температурасының тұрақтылығы жылу түзілуі мен шығарылу үрдістерінің динамикалық тепе-теңдігі жағдайында сақталады.
Слайд 75
Химиялық жылу реттелуі Жылудың түзілуі заттар алмасуымен, белоктардың, майлар мен көмірсулардың тотығуымен байланысты. Бұл экзотермиялық реакция. Түрлі ағзалардағы жылудың үлесі : Бұлшық еттерде – 60-70%. Бауырда, ішек-қарында – 20-30%. Бүйрек пен басқа да ағзаларда – 10-20%.
Слайд 76
Физикалық жылу реттелуі ( жылудың шығарылуы ) Жылудың шығарылу жолдары : Жылуды өткізу ( басқа заттармен жанасқанда ). Конвекция – тері бетімен жанасатын ауаға берілуі. Жылуды сейілдіру (радиация) – инфрақызыл диапазондағы жылуды сейілдіру. Булану ( кілегей қабаттардан, өкпе арқылы, тер шығару )
Слайд 77
Изотермияның реттелуі Терморецептор лар : Шеткі ( тері, кілегейлі қабат, ішек-қарын жолы ағзалары ). Орталық (гипоталамус, ортаңғы ми, ми қыртысы ) - суық рецептор лары (Краузе сауытшалары ) - жылу рецептор лар ы (Руффини денешіктері )
Слайд 78
Импульстер терморецепторлардан афференттік жүйке талшықтарының бойымен жұлынға келеді, жұлын-таламус жолымен таламусқа, гипоталамусқа және ми қыртысына келеді. Гипоталамустың алдыңғы ядролары физикалық жылу реттелуін қадағалайды. Гипоталамустың артқы ядролары химиялық жылу реттелуін қадағалайды.
Последний слайд презентации: Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту реттелуінің механизмдері мен принциптері. Дәрістің
Гумораль дық реттелуін ІСБ гормондары жүзеге асырады ( қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті бездері, жыныс бездері ). Гормон дар : АКТГ, соматотропин, тироксин, адреналин, норадреналин, жыныс гормондары.