Первый слайд презентации: ДНҚ - ның метилденуі
Орындаған : Көнебаев Қ. Факультет :ЖМ Курс: 1 Тобы: 035-1 Қабылдаған : Танеева Г. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Слайд 2: Жоспары
1. Эпигенетика 2.ДНҚ метилденуі 3.ДНҚ метилденуінің маңызы 4.ДНҚ метилденуінің бұзылуынан болатын аурулар.
Слайд 3: Эпигенетика
Эпигенетика – ДНҚ және РНҚ ның бірінші реттік құрылымдарын өзгертпейтін тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік механизмдерін зерттейтін генетиканың саласы ( С.Г. Инге-Вечтомов 2004 ж. ) Эпигенетикалық регуляция - геннің кодтаушы тізбегін өзгертпей,геннің белсенділігін өзгертетін процесс.
Слайд 4
Эпигенетикалық регуляция деңгейлері 1. ДНҚ (геном) - метилдену, алшақтатылған регулятор элементтерінің мутациясы, генетикалы қ материалдың транспозициясы 2. РНҚ (транскрипт) - транскрипцияланбаған РНҚ, микро РНК, қостізбекті РНҚ 3. Белок (протеом) - Н3 гистонының 4 және 9 лизиндерінің метилденуі/деметилденуі, гистондардың ацетилденуі/деацетилденуі
Слайд 5: ДНҚ - ның метилденуі
Метилдену дегеніміз органикалық қоспаға метил тобының қосылуы (СН3) ДНҚ - ның метилденуі дегеніміз – нуклеотидтік тізбекке тиіспей, ДНҚ молекуласын өзгерту. ДНҚ ның метилденуі метилдік топтың цитозинге цитоплазмалық сақинаның C5 позициясында CpG – динуклеотидтің құрамында қосылуы.
Слайд 6
ДНҚ ның метилденуі жайлы алғаш сипаттаған Хоткинс 1948 ж. ДНҚ ның метилденуі эукариоттарға тән. Адамдағы геномдық ДНҚ ның 1% метилденген. Цитозин аденинге қарағанда жиі метилденеді Цитозиннің метилденуі аяқ астынан ферменттердің қатысуынсыз басталып кетуі мүмкін. Цитозин көбінесе CpG мотивтерінде метилденеді.
Слайд 7: Цитозиннің метилденуі
Гидролитическое дезаминирование Репликация ДНК Репарация с помощью ДНК урацилгликозилазы Дезаминирование Деметилаза ДНК метилтрансфераза
Слайд 8: Метилденудің организмдердегі кездесуі
Организм Метилденудің болу/болмауы m.Muskulus h.Sapiens бар Өсімдіктерде бар Насекомдарда Аз мөлшерде, рөлі белгісіз s.Cerevisiae жоқ n.Crassa бар
Слайд 9
Адамда метилденуге үш фермент қатысады. Олар Днқ метилтрансфераза 1, 3a және 3b. DNMT3a және DNMT3b бұлар de novo метилтрансферазалары. de novo метилтрансферазалары днқ дағы паттерн метилденудің ерте кезінен және жасушаның дифференцияциялануы кезінде құрыла бастайды. DNMT1 метилтрансферазасы метилденген Днқ ны қолдап,және ол метил тобын днқ тізбегіндегі нүктелерге қосады. DNMT3L ақуызы басқа DNMT ақуыздарына ұқсас,бірақ ол катализдік қызмет атқармайды.Оның қызметі de novo метилтрансферазалын қолдап, оларды ДНҚ мен байланыстырады.Метилдену ДНҚ репликациясынан кейін ферменттер көмегімен жүреді.
Слайд 10
ДНҚ метилденудің функциялары әлі күнге дейін толық белгілі емес.Соңғы жылдардағы берілген мәліметтерге қарасақ ғалымдар ДНҚ метилденудің рөлін былай деп түсіндіреді: Метилдену геннің экспрессілігін бақылауға Хромосомалардың бүтінділігін бақылауға Рекомбинация алдындағы оқиғаларды бақылауға ДНҚ репликациясына Канцерогенезге Геномдық импринтингке Трансгендердің өшірілуіне қатысады.
Егер ДНҚ аз метилденсе адамдағы қатерлі ісікті басып тастайтын супрессорлар инактивацияланады.
Слайд 12
Яғни адам обыр ауруымен ауырады. Сонымен қатар днқ дұрыс метилденбеуі геномдық импринтинг ауруларын туғызуы мүмкін.(имп. орт. Делециясы, de novo мутациялары) Бұл ауруларға: Прадер Вилли,Энгельман синдромдарын жатқызуға болады.
Слайд 13: Прадер Вилли синдромы
Бұл ауру de novo мутациялар ға байланысты болады.Бұл аурумен туылған баланың салмағы аз,бұлшық ет гипотониясы, емізудің қиындығы болуы мүмкін. 6 айлық жаста емізу қиындығы жойылады.Баланың тәбеті күшейіп семіруге алып келеді.Науқастарда бой өсуі тежеліп,ақыл есі кем болады.Жыныстық даму кешеуілдеп жүреді.Бұл аурудың диагностикасы цитогенетикалық және молекулалы генетикалық талдауға негізделген.
Слайд 15: Энгельман синдромы
Бұл ауру импринтингтік орталықтар ақауларға байланысты болуы мүмкін.Ауру псохомоторлы дамудың тежелуімен,олигофрениямен,сөйлеу кемістігімен сипатталады.Науқастар кеш жүреді,аяғын арасын алшақ басып,қолын шынтақтар бүгіп,механикалық қуыршақ қозғалысын еске түсіретіндей қозғалып өзгеше жүріспен жүреді.Бірқатар науқастарда құрысулар,бұлшық ет гипотониясы,қылилық,шаш пен теріде гипопигментация байқалады.
Слайд 17: Пайданалынған әдебиеттер
1.Қуандықов Е.Ө.,Нұралиева Ұ.Ә. «Жалпы және медициналық генетика негіздері» 2.Ярослав Фулнечек « Надежный, недорогой и относительно простой метод исследования метилирования ДНК » 3. Галицкий В.А.«Гипотеза о механизме инициации малыми РНК метилирования ДНК de novo и аллельного исключения